Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат – адам – қоғам (пікір талас)

13 қазан 2019, Жексенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Табиғат – адам – қоғам (пікір талас)

Сыныбы: 6 - 9
Тақырыбы: «Табиғат – адам - қоғам»
Сыныптан тыс шара
Мақсаты: I. білімділік; оқушылардың ой - өрісін кеңейту, ынталарын көтеру, білімдерін шыңдау.
II. дамытушылық; Сөйлеу шеберлігін жетілдіру, белсенділігін арттыру, білім сайысына ойланып жауап берулеріне, жан - жақты ой өрісінің артуына дамыту
III. тәрбиелік; Табиғатты аялауға, көркейтуге үлес қосуға және де, жылдамдыққа, шапшандыққа тәрбиелеу.
Пікір талас барысы:
Қарастырылатын мәселелер:
1. Қазақстандағы экологиялық проблемалар.
2. Ғылыми - техника
Даттаушы:
Қазақстандағы экологиялық проблемалар
Экологиялық жағдай қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр. Ол біздің елімізде де, әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауыл шаруашылық аймақтарында да өткір түрде қойылуда. Табиғи қорларды тиімді пайдалануда, қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруда, ұлттық парктер, көгалды аймақтар жасауда көптеген шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы жауапсыздық, болашақты ескермеушілік орын алып отыр.
Ауаның, судың, жердің ластануы салдарынан адамдардың өміріне және олардың өмір сүру ортасына зор қауіп төніп келеді. Көптеген индустриялы аудандарда айналадағы ортаның ластануы қажетті нормалардан асып түскен. Қазіргі уақытта табиғат және биологиялық орта тұтас алғанда бүкіл адамзат алдына кұрделі талап қойып отыр.
Біздің планетамызды барлық тіршіліктің өмір сүруіне тиімді етіп сақтау үшін табиғатты, оның байлығын тұтыну тәсілдерін түгелдей өзгерту қажет. Кезінде белгілі жазушы Л. Леонов: “Адам баласының алдында бүгінде бірінші кезектегі екі мәселе тұр: бейбітшілікті және табиғатты қорғау, екеуі де болашақ өиір сүрудің шарты” деген. Ал Ш. Айтматов: “Біз бүгінде өркениеттің шыңына жеттік, онда адам табиғатты тұтынушы ғана емес, сонымен қатар бағындырушы, жасаушы болады. Біз бүгінде оған тәуелді ғана емеспіз, ол да бізге тәуелді” – деп жазады.
Жақтаушы: 2 - әрекет. Адам - табиғат перзенті. Табиғатты қорғаудағы басты стратегиялық бағыт – мүмкіндігінше қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтады немесе түгелдей жояды, шикізаттың бастапқы түрлерін өңдеуге мүмкіндік береді және қосымша өнім алуға да жағдай жасайды.
Айналадағы ортаны, негізінен табиғатты адамның пайдалану сипатындағы қалыптасқан қайшылықты өзгертудің үлкен маңызы бар.
Табиғат қорықтары, парктер өсімдіктер және жануарлар әлемін сақтауға мүмкіндік береді, сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғайды. Табиғатты қалпына келтіріп, байытудың маңызы өте үлкен. Ол үшін көгалдандару, бау - бақша өсіру, суқоймаларын жасау жұмыстарын үздіксіз жүргізу керек. Ағаш отырғызу жұмыстың жартысы ғана, істің нәтижесі – оны өсіруде.
Табиғатты қорғау саласының бірі – экологиялық бақылау. Бұл бағытта бірсыпыра жұмыстар іске асырылуда. Республика блйынша облыс, аудан, қалаларда айналадағы ортаны қорғау, экологиялық бақылау мекемелері құрылды.
Адам мен табиғат арасындағы қайшылықты шешуді қоғам реттейді, оның қызметі – адамдардың санасын тәрбиелеу және олардың өзін қоршаған әлемді қорғауға бағытталған ынталы жігерін қолдау.
Қазіргі уақытта барған сайын көптеген елдер оны шешу үшін өздерінің күш - жігерін біріктіре бастады. Ұзаққа созылатын экологиялық қауіпті жоюмен қатар, төтенше экологиялық жағдайларда көмек көрсетілуде. Осының бәрі БҰҰ - ның ұсынған “Жер біреу ғана!” деген ұранын жүзеге асыруды көздейді. Дүниежүзілік қауымдастық мынадай жағдайды басшылыққа алады: экологиялық проблеманы шешудің басты жолы – адамдардың өндірістік және өндірістік емес іс - әрекетін қалыпты экологиялық дамуды – айналадағы ортаны бүкіл адамзаттың және әрбір адамның мүддесіне сай өзгертуді қамтамасыз ететіндей етіп ұйымдастыру

Даттаушы:
1960 жылға қарай Арал қандай болды? Ол КСРО – ның құрлықтық көлдері ішінде төртінші орын алған. Аралдың су қорын толтыратын Орта Азияның екі ірі өзені - Әмудария және Сырдария еді. Олардың суы өте нәрлі, егістікке пайдалы болатын. Арал теңізінен жыл сайын 450 мың тонна бағалы балықтар ауланды, миллион ондатра терісі алынды. Балықшылар қайығы мен жол қатынас кемелері – теңіздің көркі еді. Арал теңізі сол аймақтың ауа райына жағымды әсер еткен табиғатты реттеуші болды.

Жақсыбайкөл негізгі мектебі
Жауапты: Қалниязова Н. А.

Табиғат – адам – қоғам (пікір талас). жүктеу
7 805
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
PISA зерттеу аясында Қазақстан және әлемдік экологиялық проблемалар тақырыбы арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту.
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Қазақстандағы қазіргі экологиялық проблемалар
Оқушыларға ғылыми - техникалық прогрестің дамуы дүниежүзілік экологиялық проблемалардың қозғаушы күшіне айналғандығы, соның салдарынан Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайлар туралы білім беру.
Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар
Қазақстандағы негізгі экологиялық проблемалар
Оқушыларға негізгі экологиялық проблемалардың түрлері, таралу аймақтары, таралу себептері жайлы түсіндіру. Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру.
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
Географияны оқыту үрдісінде экологиялық білім беру әдістемесі
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласындағы № 26 орта жалпы білім беретін мектептің география пәнінің мұғалімі Сапиева Гүлмира Хамидоллақызы
Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1946-1991)
Қазақстандағы экологиялық проблемалар мен әлеуметтік-демографиялық үрдістер (1946-1991)
Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Жосалы орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Байболатов Ербол Қосаевич
Табиғат
Табиғат
Сабақ № 1 Күні: 02.09.2011 ж Сыныбы: жетінші Пәні: физика және астрономия Тақырыбы: Табиғат және адам. Физика табиғат туралы ғылым. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым Мақсаты: 1.Білімділік: Оқушыға табиғат пен адам арасындағы байланыс,
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×