Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана - өмірдің шуағы

08 қаңтар 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Ана - өмірдің шуағы»
Сабақтың мақсаты: Аналарды, әжелерді, қыздарды халықаралық 8- наурыз мерекесімен құттықтау; жанұядағы ана мен бала арасындағы қатынасты нығайту. Баланың бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту;
анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әсем безендірілген зал, интерактивті тақта, слайдтар, суреттер, шарлар.

Сабақтың барысы:
Мерекелік көңіл-күйді білдіру мақсатымен.
«Гүлдер» презентациясын музыкамен қосу.
Балалар сыныпқа кіреді. Қонақтар залда отырады. (1 слайд)

Мұғалім сөзі: (2 слайд)
Ана-өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.
(3 слайд)
Ана - барлық өмірдің бастауы Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам. Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, аяулы аналар!
Ән айту «Ана туралы» (балалар фонограмма сүйемелдемеуімен айтады)

Әлихан
Сендерде өскен балалар,
Батырлар мен даналар,
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті аналар!

Мирас
Бәрімізге анасын
Біз үшін күн боп жанасың,
- Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!
Бағдәулет

Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз!
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
(Әжелерге тілектер жазылған ашық хат сыйлау.)
Амир
Әлпештеген баласын,
Ана-бақыт, ана-күн,
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын.
Әлинұр
Ерлік, еңбек атқарған,
Еңбегімен мақтанған,
Ел сенімін ақтаған
Айналайын ақ мамам!
Ажар
Бізді өсіріп, баптаған,
Жақсы болсақ, шаттанған.
«Алтыным!» деп мақтаған,
Айналайын ақ мамам!
Нұрай
Әр сөзіңді жаттағам,
Жүрегімде сақтағам:
Анашым деп мақтанам,
Айналайын ақ мамам!
Жанерке
Ана-көркі көгімнің,
Ана-нұры жерімнің,
Ана-бағы баланың
Мақтанышы елімнің.
Диляра
Мен мұғалім анамның
Өнегесін аламын.
Ертең мен де маманмын
Оқытушы боламын!
Ерзат
Қанаттанса балапан,
Қалайынша ұшпайды:
Әрбір қыз, әр балақан
Мамасына ұқсайды.
Алуа
Ойлы қызы халқының
Отаным деп туады
Бос жібермей әр күнін
Ана жолын қуады.
Елдар
Пайдаланса уақытты
Біздің қыздар бақытты!
Арманға жетер балалар!
Аман болсын аналар!
Ана-біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз.
Ұландарды қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз!
Ильяс
Құтты болсын ардақты анам
Асыл анам мерекең!
Құтты болсын алтын анам
Қуанышты берекең!
Алтын анам жасымнан аялаған
Мен үшін игілікті аямаған
Сабақтан шаршап үйге келгенімде
Бал сөзі жаным деген сая маған.
Досжан
Дүниенің жарық күні анамыз
Дана болсақ анаменен данамыз.
Тыңдаңыздар көңіл қойып ағайын
Анаға арнап тағы бір ән саламыз!
«Нұрын төккен маған» әнін орындау.
(Аналарға сыйлықтар беру.)
Данияр (4 слайд)
Кемелді білім іздеген,
Кемісін тездеп түзеген.
Жалқауға жақын қосылмай,
Жақсыдан достық үзбеген,
Жанерке жарқыным,
Қарқындап өссін дарының!
Серік
Мінезі жарқын күн дер ем,
Мін дегенді білмеген,
Білімге құмар, талпынған
Жайрандаған жарқын жан
Алуа сезімді, (5 слайд)
Құттықтаймыз өзіңді!
Бармағынан бал тамған.
Балдай тәтті Еркежан (6 слайд)
Бекзат
Ерте тұрып ерінбегей,
Жалқаулыққа берілмей,
Еңбек еттің, шырағым,
Еліміздің еріндей.
Айша мейрамыңмен! (7 слайд)
Асанәлі
Кіші қамын ойлаған,
Кісі жанын сыйлаған,
Өнері мен ісімен
Өзгелерге сыйлы адам-Ажар жарқыным, (8 слайд)
Бақытты болсын әр күнің!
Зерделі де, зейінді,
Зерек , кішіпейілді
Жанерке шықты ортаға (9 слайд)
Батырхан
Аяулы ата-анасын
Ардақтаған баласын:
Өзің тауып бақытты
Өміріңнен аласың.
Диляра күн ассын! (10 слайд)
Тойың тойға ұлассын!
Дамир
Зерделі де, зейінді,
Зерек, кішіпейілді
Білікті жан Нұрай (11 слайд)
Жайнап жарқын нұр жүзің,
Жасай бергін, жұлдызым!
Ерке Жаннұр келеді (12слайд)
Дөңгелене билейді
Кең маңдайлы Аруана (13 слайд)
Әдемі еді қандайды
Әлішер (14 слайд)
Достықты біз ойлаймыз,
Бірге күліп –ойнаймыз.
Қыздарды да құттықтап,
Мерекесін тойлаймыз!
(Әр қыз балаға өлең жолдарын арнап ортаға шақырып гүл сыйлау.)
«Әйгөлек» әні
Аналарға тосын сый. (Жанұядағы ана мен баланың қарым-қатынасын нығайту мақсатымен видео көрсету. Әр бала өзінің анасы туралы айтып, тілек тілейді)
Мереке ойындармен жалғасады:
1. Топтарға бөліп, әр топтан бір ана шығады, өзін айнаға қарап мақтайды.
2. Көзін байлап өз баласын мұрнына табады.
3. Балалардың көзін байлап аналарды қолынан табады.
4. Балаларға арналған сұрақтар «Сен білесің бе?»
- Нағашы деген кім?
- Нағашы атаңның аты кім?
- Нағашы апаңның аты кім?
- Анаң бос уақытында не істейді?
- Анаң қандай гүлдерді жақсы көреді?
- Анаң қандай түсті жақсы көреді?
- Анаң саған не берді?
- Ананың көңілі балада (15 слайд)
Баланың көңілі ....
- Бақыт деген сен үшін не?
Өлеңді жалғастыр:
Еркелесем, күлімдейтін, (16 слайд)
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің, ...... (жалғастыр)
«Құлыншағым, күнім дейтін.» Ф. Оңғарсынова
- Дүниеде не тәтті? – Ананың сүті ( Жиренше шешеннің сұрақтары) (17слайд)
- Ал жұмсақта не жұмсақ?-Ананың қолы
Қорытындылау.
Осымен мерекелік іс-шарамыз аяқталды.
Мерекелеріңіз құтты болсын құрметті аналар, әжелер , қыздар! (18 слайд)
34 796
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
Гүл мереке, күн мереке – 8 - наурыз!
8 - наурыз аналар мен қыздар мерекесін атап өту. Отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың өмірі, өмір гүлі аналарды, нәзік жанды қыздарды сыйлауға үйрету; Қыздарды әсемдікке, іскерлікке баулу
Ана махаббатымен әлем тербелген...
Ана махаббатымен әлем тербелген...
Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын, Аяулы
Әлдилеген әлемді бесігімен...
Әлдилеген әлемді бесігімен...
Ана жайлы жазылған тамаша ғибратты сөздер мен өлеңдер, әндер арқылы аналарды мерекесімен құттықтау. Ананың мейірімін, махаббатын, жақсылығын түсініп, еңбектерін ақтауға, аналарға балалық сүйіспеншілікпен жауап беруге баулу. Ана еңбегін кадірлеуге,
Ана - өмірдің шуағы
Ана - өмірдің шуағы
Қарағанды қаласы, ЖОББ №53 мектеп – лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Джолимова Жанат Зиядиновна
Ана - өмірдің қуанышы, тірегі
Ана - өмірдің қуанышы, тірегі
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Мустафина Ж. К.
8 наурыз. Ана - өмірдің шуағы
8 наурыз. Ана - өмірдің шуағы
Ана барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды Ана - ұлы адам, Ана - құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!!!
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×