Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ел мен ердің жеңісі

05 шілде 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ел мен ердің жеңісі
І жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, өзіміз сияқты жалынды жастарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстыру мақсатына бағытталған «Ел мен ердің жемісі» атты ашық топ жетекшілік тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

ІІ жүргізуші:
1945 - тің майында,
Июнінде,
Сосын июль айында...
Білесің бе, замандасым, ей менің
Елге қайтқан майдангерлер жайында?

І жүргізуші:
Ол жайында мынау туған ел жетік,
Ал біздер ше?
Өстік пе ойсыз ер жетіп?..
Ей, замандас!
Түсіреді нені еске
Киген жандар сұр шинель мен керзі етік.

ІІ жүргізуші:
Елінен де, өзінен де күй кетіп,
Төрт жыл бойы киді шинель, керзі етік.
Майдангерлер жүрді сосын біраз жыл,
Сол әскери киімдерін сүйретіп.

І жүргізуші:
Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып - жоюға бағышталған. Адам, адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай - ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.

ІІ жүргізуші:
Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы - қасірет әкелмеген бірде - бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды...

І жүргізуші:
Солардың 40 пайызы ерлермен тізе қосып жауға қарсы шығуға бекем буып, өз беттерімен өтініш беріп, соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше ғана қызылды - жасылды киініп, гүлдей құлпырған балауса бойжеткендер енді әскер киімін киініп, қару асынып тілі, діні бөлек жаумен шайқасқа шықты. Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті.

ІІ жүргізуші:
Екінші дүниежүзілік соғыста Шығыс халықтарының қыздарынан Батыр атағын алған екі - ақ қыз бар екен. Бұлар қазақтың Мәншүгі мен Әлиясы. Атағына бүкіл шығыс халқы ортақтасқан, қазақтың атын шығарған аяулы қыздарымыз.

І жүргізуші:
Ендеше туған өлкеміздің төл перзенті Әлия Молдағұлова жайындағы фильмді барлығымыз бірга тамашалайық.
ФИЛЬМ

І жүргізуші:
Ұлы жеңіс
Шүйінші, халқым, шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата - анамыз,
Шаттан, аға - бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той - мереке,- деп Таир Жароков айтпақшы міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 65 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн

ІІ жүргізуші:
Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған - туысқандарына, жақын - жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

І жүргізуші:
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.

ІІ жүргізуші:
Осындай Ұлы Жеңіске қол жеткізуге көмектескен батырларымыздың ұрпақтары сол жандардың арқасында бейбіт өмір кешуде. Олай болса, қарсы алыңыздар, сіздердің алдарыңызда ------------------------- әнімен ортаға шақырамыз.
ӘН
І жүргізуші:
Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана – жарын жоғалтқан жесір, бала - әкесінен, анасынан айрылған жетім атанды.

ІІ жүргізуші:
Фашистердің тұтқын лагерлерінде ана мен бала айуандықпен өлтірілді. Ал тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы - қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс жасады. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі Жеңіс сағатын жақындата түсті.

І жүргізуші:
Олай болса тобымыздың әсем қыздары мен сері жігіттерін «»биімен қарсы алыңыздар!
БИ

І жүргізуші:
Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,
Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.
Жеңіс тойын жақындатып әкелген
Төккен қаны, әке - аға, інінің.

Ел мен ердің жеңісі. жүктеу
3 313
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Қазақ батырлары - халық қаһарманы
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата - бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеуді үйрету, батырларымызды еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі - өнеге тұту, оқушыларға патриоттық тәрбие беру
Ұлы жеңіс ұрпағымыз
Ұлы жеңіс ұрпағымыз
Шымкент қаласы, №68 жалпы орта мектептің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Қосыбаева Мадина Абдибековна
Ауғанстан - жүректегі жара
Ауғанстан - жүректегі жара
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, №7 орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Джетимекова Сауле Аскеровна
Қажетсіз соғыстың қасіреті
Қажетсіз соғыстың қасіреті
Физика пәні мұғалімі Тоқбергенов Қуат
Ел мен ердің жеңісі
Ел мен ердің жеңісі
«Ел мен ердің жеңісі» І жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, өзіміз сияқты жалынды жастарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және Ұлы Отан
Ер есімі-ел есінде
Ер есімі-ел есінде
Хромтау қаласы, №5«Ақбота» мектепке дейінгі ұйымы МКҚК әдіскері Есжанова Света Ташкенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×