Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі.

11 наурыз 2024, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Амал келді – Жыл келді

Мақсаты: Көрісу туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету.
Көрнекілігі: Нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.

Барысы: Кіріспе.
Мұғалім: Бір жасыңыз құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп
- Армысыздар, ұстаздар, ата – аналар, қонақтар! Бір жасыңыз құтты болсын! Бәріміздің асыға күткен Амал да мерекеміз де келіп жетті. Бүгінгі 1 сыныбының дайындаған «Амал келді, жыл келді» тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі.
Таң сібірлеп атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәттісін үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады.

Айдында аққудай сылаңдаған
Біреулер күй, біреулер жыр арнаған
Шықсын енді ортаға бишілерің,
«Вальс» биін билеумен тамсандырған.

Би: 1 сыныбының қыздарының орындауында би «Сағым дала»
Жиналған жұрт: Анау жерде жүрген кім? Бұл Қожанасыр емес пе? Ау, Қожеке мында келіңіз, мында келіңіз.
Ортаға Қожанасыр келіп:
Жамағат, менің сөйлейін деп тұрғаным не нәрсенің жайы, білесіңдер ме?
- Жооқ, білмейміз
- білмесеңдер, білмейтін нәрселерің жайынан қалай сөйлеймін?- деп тағы кетіп қалады.
- Енді Қожеке сұрағанда білеміз дейік - деп келіседі
- Жамағат, мен не жайында сөйлемекпін, білесіңдер ме?
- Білеміз, білеміз - деп шулайды.
- Өздерің біліп тұрсаңдар, мен несін айтайын - деп тағы кетіп қалады.
- Енді Қожеке сұрай қалса, білетініміз де бар, білмейтініз де бар деп айтайық - деп келіседі
- Жамағат, мен нені айтайын деп тұрмын білесіңдер ме?
- Білетініміз де бар, білмейтініз де бар - деп шулайды.
- Олай болса, білетіндерің білмейтіндерге үйретсін, білмейтіндерің білетіндеріңнен үйренсін - деп мінбеден түсіп кетеді.
Ой мынауың не деп кетті? Нені білуіміз керек? Нені білмейміз?
Ау ағайын, бүгін амал мерекесі емес пе? Бүгін көрісу ғой. Ендеше көрісейік.
Жүргізуші:

14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Таң атысымен, көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Үлкендер кішілерге ақ батасын береді, жақсы тілек тілеседі. Бір – біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман - есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Бұл күні бүкіл жұрт шат - шадыман, көтеріңкі көңіл күйде болады.
Қарашаш (Жансая):

Уа, халайық! Бүгін үлкен мереке, үлкен той! Ата - бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы! Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл. Жер жүзі көгеріп, көктеп, тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып жаңаратын шақ. қорада қой қоздап, түйе боздап, бір малы екеу болып, аузы аққа тиіп, мол ырысқа кенелетін жайдарман шақ.
«Той» әнімен Келдіхан Шарапатты ортаға шақырамыз. Қабыл алыңыздар.

Бұл күні үлкен кішіге ақ баталарын беріп, ізгі тілек тілесетін кез.
Ал, халайық! Енді осы мерекемізге ата - салтымыз бойынша ортамызға Қыдыр бабамызды шақырайық. Қыдыр баба баршамызға тілек тілеп, оң батасын берсін!

Қыдыр баба:
Армысыңдар, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы - уайым жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!
(Бетін сипап, бата береді. Жұрт тегіс бетін сипап, айтқаныңыз келсін деп айтады)

Қарашаш қызым, ата салтын ұмытпай, амал мерекесін өткізіп жатқандарың өте жақсы екен. Үлкен рақмет. Ал енді қандай қызықтарың бар?
Қарашаш (Жансая):

Қыдыр баба, мүмкін біздің балалар «Наурыз жырын» білетін шығар. Сұрап көрейік. Қане кім дайын?
Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн - көктем
Жарығыңмен шуағыңмен күн ана
Алып келді жер бетіне гүл көктем
Күлімдер дүние ойнарсың,
Күрең тайың ат болып,
Бәйгеге қоссаң, келерсің
Жұрттан жеке тақ болып.
«Сақтай гөр», - деп терістен
«Кел, таза бақ, кел!»- десіп.
«Ием, тілек бер!» - десіп,
Шалдар бата беріскен.

Қыдыр баба:

Ой рақмет, айналайындар! Өркендерің өссін!
Қарашаш (Жансая):

Ал, Қызыр баба, енді өзіңіздің жолыңызды қуған тағы бір өнерлі өреніңіздің жыр - батасын тыңдап көріңіз.
Нұртаң жыршы:
Уа, құдайым, оңдасын,
Жаманшылық болмасын.
Аруақ біткен жар болып,
Қызыр бабам қолдасын.
Аман сақтап төл басын,
Еккен егін солмасын.
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
Атамекен тазарып
Асығы түссін алшыдан.
Құт - береке кетпесін
Диқаншы мен малшыдан.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі бақи жаппасын.
Пәле - жала қазақты
Іздесе де, таппасын!

Қоянбайқызы Диананың орындауында «Наурыз көктем» әні. Қошеметтеп ортаға шақырайық!
Құшақтасып, көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өріскен.
Ұлыстың ұлы күнінде
Қасында жас жеткіншек
Тұлымшағы салбырап.
Бәйбіше шығар балпиып,
Күндігі баста қайқиып.
Келіншек шығар керіліп,
Шашбаулары төгіліп.
Ұлыс күні қар еріп,
Сай - салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.

Қыдыр баба:
Ой рақмет, айналайындар! Өркендерің өссін!
1 «Ә» сынып оқушыларының орындауында топтықби «Туған жер»
Амал күні қазағым көріседі
Көрісу, бұл көненің желісі еді
Жасың құтты болсын деп жамырасып,
Ақ ниетпен адал бол деліседі
Көріседі көңілдер жібісін деп
Көріседі тасысын ырысың деп
Көріседі көк мұзда жібісін деп
Көріседі оң болсын ырысың деп.
Бір жастарың құтты болсын! Жыл жасыңыз құтты болсын!

Осымен 1 «Ә» сынып оқушыларының дайындаған тәрбие сағаты да өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
104 101
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Армысың әз Наурыз
Армысың әз Наурыз
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Қош келдің көктем!
Қош келдің көктем!
Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру. Ата-ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.
Орыс тілді мектептердегі "Қазақ тілі" пәнінен мәтіндер жинағы. Тест тапсырмалары
Орыс тілді мектептердегі "Қазақ тілі" пәнінен мәтіндер жинағы. Тест тапсырмалары
Кітапша енді, 11 - сыныпты бітіргелі отырған оқушыларға, оларды дайындайтын мұғалімдерге арналған әдістемелік көмек. Қазақтың салт - дәстүрлері, уақытты басқара білу өнері, түстер психологиясы кеңінен жазылған. Х алықтың жан – жануарларға байланысты
14 – наурыз көрісу Амал мерекесі
14 – наурыз көрісу Амал мерекесі
Мақсаты: Оқушыларды қазағымыздың салт - дәстүрлерінің бірі амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге сыйластыққа баулу.
Қош келдің Наурызым!
Қош келдің Наурызым!
Атырау қаласы, Еркінқала селосы, Еркінқала орта мектебінің мектепалды даярлық тәрбиешісі Қошимова Айгүл Сарсенбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×