Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасы

13 наурыз 2024, Сәрсенбі
Категориясы: Жаңалықтар
14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі». «Көрісу күні – Амал мерекесі» тақырыбында дәстүр бойынша туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкен кісілерге сәлем беруді ұйымдастыру.
15 наурыз – Қайырымдылық. Бұл күнді қайырымдылық, мейірім мен татулық тақырыбына арнауды ұсынамыз. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында игі істер марафоны ұйымдастырылып, көп балалы, аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған т.б. жағдайларда көмек көрсеткен меценаттарға және ерен еңбегімен танылған тұлғаларға құрмет көрсетіп, марапаттауға арналған салтанатты шаралар ұйымдастыру. 
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу бойынша дәстүрлі іс-шаралар өткізу. 
17 наурыз – Шаңырақ. Бұл күнді отбасы құндылықтарын дәріптеуге арнау ұсынылады. Түрлі танымдық, шығармашылық, спорттық іс-шараларды өткізу. 
18 наурыз – Ұлттық киім күні. Наурызнаманың онкүндігінде ұлттық киімдерді танымал етуге және сәнді киімдер көрсетілімі мен фестивальдерін өткізуге ерекше назар аудару ұсынылады. Сондай-ақ, «Ұлттық киім күні» тақырыптық челленджін ұйымдастыру.  
19 наурыз – Жаңару. Оқушылардың, ата-аналар мен пкедагогтердің қатысуымен көктемгі ағаш егу дәстүрін өткізу.
20 наурыз – Ұлттық спорт. Бұл күні барлық білім беру ұйымдарында ұлттық спорттан (асық ату, тоғыз құмалақ, бес тас т.б.) түрлі жарыстар ұйымдастыру. Жасөспірімдерге шынайы мереке салтанатын сезінуіне мүмкіндік беру. 
21 наурыз – Ынтымақ. Бұл күннің символдық және біріктіруші мәні – өзіңіздің қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен бейне құттықтауыңыз болмақ. 
22 наурыз – Жыл басы. Бұл күні мерекелік атмосфераны жасауға ықпал ететін бұқаралық іс-шара жәрмеңкелер өткізу. 
23 наурыз – Тазару. Наурызнаманың қорытынды күні жаңа жылды тұтас ел болып жаңа мақсат , жаңа үмітпен қарсы алудың символы ретінде жалпыұлттық экологиялық акция өткізу ұсынылады. 
Іс-шараны өткізу барысында балалардың қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауын назарға алу қажет. 
Атқарылған іс-шараларды жергілікті телеарналарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, сондай-ақ білім басқармасының ресми сайттарына және ресми әлеуметтік парақшаларға жариялау қажет.
967
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз
Наурыз
Халқымыздың салт - дәстүрін, әдет - ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл күйін көтеру. Көктем мезгіліндегі табиғат сұлулығын байқай білуге тәрбиелеу. Наурыз — қазақ халқының жаңа жыл екенін түсіндіру.
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі
Наурыз көже
Наурыз көже
Әңгімені түсініп, мәнерлеп оқуға, мазмұнын әңгімелей алуға үйрету. Наурыз көже туралы түсінік беру. Ұлттық тағамдарды қадірлей білуге, салт - дәстүрімізді сақтауға, елінің байлығын дұрыс пайдалана білуге тәрбиелеу.
Наурыз өлеңдер. Салт өлеңдер
Наурыз өлеңдер. Салт өлеңдер
Оқушыларды тұрмыс – салт жырларымен, соның ішінде наурыз өлеңдерінің түрлерімен таныстыру, т. с. жырлары туралы бiлiмдерiн бiр жүйеге келтiру; ерекшелiгi, ұлттық сипаты, түрлерi туралы оқушыға жаңа бiлiм беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×