Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қылмысқа кінәлі кім? (пікір сайыс)

10 қаңтар 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылы, №24 орта мектептің
информатика пәні мұғалімі Зейнуллаева Лаура

Тақырыбы: «Қылмысқа кінәлі кім?» атты пікірсайыс бағдарламасы
Мақсаты:
1. Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін дамытып сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Оқушылардың ойлау қабілетін, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге дағдыландыру.
2. Білімділік: Қоғамдағы әлеуметтік және психологиялық ахуалды түсінуге бағыттау, өзара қатынасты сенім рухында тәрбиелеу. Оқушы көзқарасын қалыптастыру, әділдікті тануға көмектесу.
3. Тәрбиелік:Жамандықтан аулақ болу, дұрыс, не бұрыс екендігін ажырата білуге баулу. Сөз додасына түскенде мәдениеттілікті сақтауға тәрбиелеу.
Тәрбие сағат түрі: Пікірсайыс сабақ
Әдісі: Коммуникативтік сұрақ –жауап, (ситуация туғызу)
Пікір айтушылар екі топқа бөлінеді.

Мұғалім сөзі:
Құрметті оқушылар, бүгін біздің өткізгелі отырған пікірсайыста қозғалатын өзекті мәселе «Қылмысқа кім кінәлі?» деп аталады. Осы күрделі тақырыпты анықтау үшін бүгін біздің екі топ пікірсайысқа қатысқалы отыр.
Бала тәрбиесі өзекті мәселе және осы мәселені шешу үшін біз бүгін мұғалімдерді, мектеп басшыларын және арамыздан тағайындалған тәуелсіз сарапшыларды шақырып отырмыз.

1 бөлім
Енді бүгінгі пікірсайыстың негізгі желісі «Жұмбақ бейне» сөзіне кезек берсек.
Бейне көрініс. «Жұмбақ бейне» сөзі:
Мен мектепке дейін ата - анамның сүйікті ұлы болдым, мектеп қабырғасында бастауыш класта сабақты жақсы оқыдым. , бірақ өзім қатарлы балаларға үстемдік жасағанды ұнататынмын. Бұл жағдай 7-8 класс оқыған кезімде онан сайын өрши түсті. Өз қатарымнан көрі ауладағы жасы үлкен топтағы балалармен бірге жүруді дағдыға айналдырдым. Олардан темекі, наша тартуды үйрендім. Осындай көңілді бір сәтте көшеде келе жатқан бір балаға тиісіп төбелес ұйымдастырдым, оның аяғы ол баланың ауыр жарақат алып өлуімен аяқталды. Мен тұтқындалып ауыр қылмыс жасағаным үшін бас бостандығымнан айрылдым. Қазір түрмеде отырмын. Түрмедегі жағдайым өте ауыр. Өткен өмірімде жіберген қателіктерім, дөрекілігім үшін қатты өкінемін. Осындай деңгейге жетуіме жол берген, ақылдарын айтпаған кінәлі жандарды іздеймін.

Бірінші бөлім.
Топ басшылары конверттер алу арқылы тапсырмаларын алады.
- Қәнекей, топ басшылары өздеріне берілген тапсырмаларды таныстырып отырсын.
Пікірсайыс басталмас бұрын сарапшыларды және көрермендер арасынан жеңімпаз топтарды анықтау үшін дауыс беру құралы яғни теннис шаригін тартып алсақ. Мұғалім шарик алғандарға дауыс беру тәртібін түсіндіреді.
- Құрметті көрермен мен сарапшылар, пікірсайыстың жүру барысын мұқият бақылауларыңызды сұраймын. Себебі, пікірсайыстың соңында екі топтың құнды пікір айтқандығын сіздер анықтайсыздар.
1-топ :Ата-аналардың тәрбиесін кіналаушылар.
Ондағы тапсырмалар:
1,2,3,4,5
2-топ:Мектеп мұғалімдері тәрбиесін кіналаушылар.
Ондағы тапсырмалар: 1,2,3,4,5

1. Пікірсайысты бірінші номерлі топ бастайды.
Бірінші топ тапсырмасы: Жұмбақ бейненің дұрыс тәрбие алмауына кінәлі ата-аналар яғни ата - аналардың дұрыс тәрбие бермеуінен бала осындай деңгейге жетіп отыр деп санайтын топ пікірін тыңдасақ.
Топ мүшелері өздерінің пікірлерін кезектесіп айтып шығады.
Кезекті екінші топқа берсек.
Екінші топтың тапсырмасы: Жұмбақ бейненің дұрыс тәрбие алмауына кінәлі мұғалімдердің яғни класс жетекшісі мен мұғалімдердің кінәсінен бала осындай деңгейге жетті деп санайтын топ пікірін тыңдасақ.
Мұнан кейін топтар айтылған пікірлерге сәйкес бір бірлеріне екі сұрақтан қойып жауаптар береді.
Пікірсайысқа байланысты оқушылардан құрылған сарапшылар екі топ пікірлеріне сараптама жасайды.

Екінші бөлім
11 Тақырыпты ашықтау, талқылау «Кім кінәлі?»
111 Консилиум
1. Топтық төбелес болып жатыр, ағасы інісін байқап қалып (оны қатты соққан):
- Әй, мұрынбоқтар, жаппай менің ініме тиіскенді көрсетейін...Мә, саған, пәле...деп бір-екеуін соққыға жықты. Сосын інісіне жүр үйге, жуынайық, былай- былай тұмсықтан дұрыстап ұрмаймын ба ?- дейді.
Осы маниатюра жөнінде сіз аға ретінде өзіңізді қалай ұстар едіңіз?
Пікіріңіз
1. Педагогикалық ситуация (миниатюра)
Екі бала кездесті. Бір бала біреуіне күш көрсетіп, «екінші рет айтылған ақшаны әкелмесең, мен саған көрсетемін» - дейді. Оның үстіне ағасы келіп қалды.
- Не үшін, - деді?
- Біз анада күш сынастық, ол жеңілді, енді ақша -200 теңге әкелуі керек деді.
Ағасы - ол дұрыс екен, жеңілдің бе, төле онда! Бар - бар жылтырат табаныңды – деді құйрығынан теуіп жіберді. Осы ситуация жөнінде сіз ағасы болсаңыз не істер едіңіз? Пікіріңіз
Проблемалық сұрақтарға екі топтың жауаптары
(Топтарға ойлануға 1 минут уақыт беріледі)
Сарапшылар ортасынан 1 немесе 2 сарапшы топтардың жауаптарына бағалар беріледі. Ендігі кезекті осы бөлім тапсырмаларына нақты жауаптар берген топтарға сараптама жасау үшін сарапшыларға берсек.

Үшінші бөлім
«Дос ақылы»
Оқушыларды жұптарға бөлген соң нұсқау беріледі, әркім өзінің әріптестеріне өмірінде кездескен қиын жағдайлар мен қылықтарын тіпті тәртіп бұзғандығы есіне түсіп, айтып, осындай жағдай қалай болады, не істеу керек?- деп ақыл кеңес сұрайды. Досы сенің орныңда болса өзінің не істейтінін айтып ақыл қосады. Тапсырма орындау кезінде мұғалімнен көмек алуға болады. Бірі екіншісіне ақыл берген соң рольдерін ауыстырады.

Құрметті көрермендер сіздер бүгін «Қылмысқа кім кінәлі» атты классы оқушыларымен өткізілген пікірсайысты көріп тамашаладыңыздар, ой түйдіңіздер. Енді осы тақырып бойынша және балалардың пікірсайыс барысындағы белсенділігі мен олардың берген жауаптарының құндылығына байланысты өз пікірлеріңізді ортаға салсаңыздар.
Пікірсайысқа қатысушылар арасында (қонақтар) пікірсайыстың құндылығы оның тақырыпты аша білуі туралы пікірлерін айтады.
Сарапшылармен көрермендер арасынан дауыстар беріліп жеңімпаз топтар анықталады. Топтарды марапаттау жұмыстары жүргізіледі.
Сабақ соңында мұғалім қорытынды жасай отырып, толықтырады.

Қорытынды: Бүгінгі сабақты қорытындылай келе, естігенімізді, көргенімізді, түйгенімізді, одан әрі дамыта береміз. Өйткені бұл тақырып бір сағатта, бір күнде айтып бітіре салатын нәрсе емес. Сынып оқушыларының бүгінгі тақырып туралы жақсы пікірлерін тыңдадық, ой түйдік.
Сондықтан әр адам өзін өзі танып, тәрбиелей білуі керек.

Міне, бүгінгі «Дос ақылы» атты тренингте де азда болса тұлғаны танып білуге, өздеріңді өздерің тануға жол ашты деп ойлаймын.
Сабақ соңында бүгінгі пікірсайыс сабақта өз ойларыңды ортаға салғандарыңыз үшін баршаңызға ризашылығымды білдіремін.
10 456
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қыстырма сөздер
Қыстырма сөздер
Қыстырма сөздердің сөйлем ішіндегі атқаратын рөлін, жалпы ойға қосатын әртүрлі мағыналық реңтерін байқату, сөйлем ішінен қыстырма сөздерді таба білуге, қыстырма сөздердің тыныс белгілерін дұрыс қоя білуге үйрету. Қыстырма сөздерді орынды қолдана
Заңды білу – заман талабы
Заңды білу – заман талабы
Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру; Адамгершілік, ізгі қасиеттер мен ар – ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру;
PAINT - қа саяхат
PAINT - қа саяхат
Оқушылардың алған білімдерін нығайту, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Компьютерді озат меңгерген сынып
Компьютерді озат меңгерген сынып
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, Меңдібаева Гүлнұр Қоңырбайқызы №24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Тапқыр достар (интеллектуалды сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Меңдібаева Гүлнұр
Дені саудың – жаны сау
Дені саудың – жаны сау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Байқожа елдімекені №258 негізгі мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қалабаева Гүлфариза Қаржаубайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×