Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар

31 қазан 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар
Сабақтан тыс іс - шара

Мақсаты:
Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Міндеті:
Мамандықтарды талдай және таңдай білуге үйрету;
Оқушыны өзінің қабілетін, бейімін, қызығушылығын мамандыққа сай тани білуге үйрету;
Оқушылардың бағдары мен құндылықтары туралы мәлімет беру;
Оқушылардың құптап отырған мамандықтарына бағыт беру.
Көрнекілігі: тақырыпқа сәйкес әзірленген дидактикалық материалдар.

Барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің сөзі:
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті Қазақстанның жарқын болашақтары! Сәлеметсіздер ме! Отырыңыздар! Біздің бүгінгі ашық сабақтан тыс іс - шарамыздың тақырыбы – «Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар» атты пікір алмасу сабағымызға қош келдіңіздер!

Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе.
Көптеген жоғары сынып оқушылары өздерінің іскерліктері мен қабілеттерін дұрыс тани алмай, мамандық таңдауда көптеген кедергілерге ұшырайды.
9 - 11 класс оқушыларының алдында тұрған басты мәселе - болашақ мамандығын таңдау. Ал мамандықты дұрыс таңдау - ол өмір жолының сәттілігінің негізі.

Тренинг
Әр оқушы орнынан тұрып өз тілектерін айтады, яғни осы оқушылардың айтылған жақсы тілектері сыныбымызға, сыныбымызға қатысып отырған адамдарға жақсы көңілмен таралады деп білеміз.

Мамандықты таңдау туралы не білеміз?
Мамандық таңдау дегеніміз не? Осы сұраққа жауап беру үшін біз бүгінгі пікір алмасу сабағымызды ұйымдастырып отырмыз.

Сабағымыз 7 кезеңнен тұрады,
1. «Менен сұрақ, сенен жауап».
2. «Мамандық әлемі».
3. «Мен мамандық әлеміндемін» ойыны.
4. «Ең жақсы» ойыны.
5. «Қазіргі заманның әрі тапшы, әрі табысты мамандары»
6. «Мамандықты таңдау» практикумы. Профессиограмма.
7. Талдау.

1. «Менен сұрақ, сенен жауап».
Әңгімелесу
1. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадыңыздар ма?
2. Сен ол мамандық туралы не білесің?
3. Мамандық таңдамауыңның себебі неде?
4. Сенің мамандық таңдауына кім әсер етті?
5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?
6. Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласын ба?
7. Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?

Оқушылардың жауаптары тыңдалып, қысқа талдау жасалады.

Балалар, қазіргі кезде мектеп бітіруші түлектердің ең жиі таңдайтын мамандықтары мынандай екен:
• заңгер
• аспазшы
• аудармашы
• мұғалім
• менеджер
• ветеринар
• программист
• инженер
• банк қызметкері
• дизайнер
• экономист
• дәрігер
• психолог
• тәрбиеші
• бизнесмен
• құрылысшы

Статистикаға сүйенсек, Қазақстанның ЖОО бірінші студенттерінің
28% өз таңдауларына көңілдері толмай, сол мамандықты таңдағанына өкінген екен. Сұрастыра келе, мамандықты таңдауда олардың:
1. 30% - ата - анасының, мұғалімдердің кеңесіне сүйенген екен;
2. 44% - үйеріне жақын аймақты таңдаған екен;
3. 12% - қазіргі таңда «модно» деген мамандықтары таңдаған;
4. 14% - мамандығын ең соңғы сәтте таңдағандары белгілі болыпты.

- Сондықтан да, құрметті оқушылар дәл қазір дұрыс таңдау жасау мәселесіне көңіл бөлейік. Мұқият тыңдап, сұрақтарың болса, түртіп отырыңдар. Сабақ соңында туындаған сұрақтарды талқылайтын боламыз.

2. «Мамандық әлемі».
Статистикалық зерттеулер бойынша, әлемде 40 мыңға жуық мамандық бар көрінеді.
Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
1. «Адам - Табиғат» аймағы
2. «Адам - Техника» аймағы
3. «Адам - Адам» аймағы
4. «Адам - Белгілер жүйесі» аймағы
5. «Адам - Көркемдік бейне» аймағы

Осы мамандықтар әлемінде дұрыс таңдау жасай алуы үшін балаларды «Мамандық таңдау формуласымен» таныстырады.
Талдау, қорытындылау:
«Қалаймын», «Қолымнан келеді» және «Қажет» - осы үшеуін бір - бірімен үйлестіре алсаң, сенің кәсіби таңдауың өте сәтті болмақ.
Сенің міндетің – келесі талаптарды орындайтын мамандықты таңдау:
• Сен үшін мамандығың қызықты және тартымды болуы қажет;
• Сенің қабілеттеріңе сәйкес келуі қажет;
• Еңбек нарығында сұранысқа ие болуы қажет.

Мамандық таңдаудың 7 қадамы
1 қадам Байыппен бағдарлай біліңіз
Жас адамның бір тоқтамға келуіне қиялдың әсері бар. Біреуді кинодағыдай романтикалық мамандық қызықтыруы мүмкін. Біреулер «туғаннан маңдайына жазылған» ата - анасының жолын қуады. Біреулер жоғары оқуорнына ең жақын досына немесе құрбысына серік болып барады, аленді біреулер үйіне жақын оқу ғимаратына құжат тапсыруға асығады.
Мамандықтаң дауадам тағдырында көп нәрсені шешетіндіктен былайша атүсті қараужеңілтектіктің белгісі. Сондықтан бұл мәселенің шешімін мүмкіндігіңіз шеаса мәнберіп, байыппен қабылдаңыз.
2 қадам Дұрысшешімөзқолыңызда
Ең бірінші бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата - аналардың, достарыңыздың ықпалынан шығаалмай қалмаңыз, олар не айтсада, бұл – сіздің тағдырыңыз.
3 қадам Бейімділігіңізді ескеріңіз
Бастапқыда өз қалауыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқанды қалар едіңіз? Мектеп бағдарламасынан қай пән ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Сіздің бейміділігіңізге көп нәрсе байланысты.
4 қадам Өзіңізді сынақтан өткізіңіз
Бәрінен бұрын өзіңізді өз ой елегіңізден өткізіңіз: өзімнен және өзімнің жұмысымнан мен нені қалаймын? Бес жылдан кейін өзімді қалай елестетемін? Барлық ақпараттарды пайдалана отырып, болашақ мамандығыңыз туралы көп нәрсе білуге тырысыңыз. Өзіңіз таңдаған мамандық иелерін іс барысында көзіңізбен көру үшін сол кәсіпорын мекемелерге экскурсияға шығыңыз. Программист болғыңыз келсе, компьютерлік ойындарды ғана қанағат тұтпай, ең болмаса бір қарапайым бағдарлама жазып көріңіз. Дайындық курстарына жазылсаңыз тіпті жақсы. Ең дұрыс тәсіл жазғы каникул кезінде өзіңізді қызықтыратын саланың ең кіші қызметкері болып жұмысқа тұрсаңыз, таңдауыңыздың дұрыс - бұрыстығына көзіңіз анық жетер еді.
5 қадам Сұранысты да назарда ұстаңыз
Болашақ мамандығыңыздың еңбек нарығында қаншалықты бағаланатынын білуде пайдалы. Қарапайым жол: бос орындарға жарияланған конкурстарда, интернеттің еңбекке орналастыру сайтында қандай мамандықтарға сұраныс бар екендігін қараңыз. Арнайы агенттіктер жүргізген болжамдардың да маңызы бар. Осы мәліметтерді ескере отырып, таңдаған мамандығыңызды қай жоғары оқу орнында қалай даярлайтынын анықтаңыз. Дегенімен, нарық қажеттілігі құбылмалы. 3 - 5 жылдан кейін мүлдем басқаша болуы мүмкін. Демек, жүрегіңіздің таңдауына жүгінгеніңіз абзал.
6 қадам Мамандар не дейді?
Егер күдік - күмәннан арыла алмасаңыз, онда мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Мұндай кезде мектеп психологы немесе психолог - кеңесші мамандар жәрдемдесе алады. Сондай - ақ, қабілетіңіз бен бейімділігіңізді анықтауға көмектесетін арнайы психологиялық тесттер де бар.
7 қадам Қорытынды шешім
Мәліметтерді жинастыра келіп, өзіңіз ұнаған негізгі 5 - 10 позицияның тізімін жасаңыз. Одан кейін парағыңызды екі бөлікке бөліп, плюс және минус жақтарын тізіп, сынақ тәсілін жүргізіңіз. Көңіліңізге қонбайтынын сызып тастаңыз. Тізімде 3 пункт қалған кезде тағы да қосымша ой елегінен өткізіп – ең соңғы шешім қабылдаңыз.
Орындаған: Дюсупова А. Ж.
Мамандықтар әлемі: біз таңдайтын жолдар. жүктеу
24 091
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Келешек мамандықтарды таңдау
Келешек мамандықтарды таңдау
Еліміздің экономикалық дамуы әлеуметтік ресурстарының көтерілуіне байланысты сондықтан экономикамыздың көтерілуі, одан ары дамуы әр маманның өндірісте өзінің жоғары кәсіби шеберлігін көтеруіне, жаңа технологияны меңгеруіне байланысты.
Жұмыс әлемі: Қандай мамандар сұраныста?
Жұмыс әлемі: Қандай мамандар сұраныста?
Тақырыпқа байланысаты сөйлеседі және өз ойын жеткізеді. Әр түрлі тақырыптар бойынша өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып бағалайды.
Мың түрлі мамандық
Мың түрлі мамандық
№ 11. М. П. Окороков атындағы жалпы орта мектебінің биология пәні мұғалімі Алипбаева Нағима Наматжанқызы
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
Мамандық таңдаудағы алғашқы қадамдар
БҚО, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы ОЖББМ Берманова Асель Салыққызы
Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!
Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қаракөл негізгі мектебінде директоры болып қызмет атқарамын және тарих пәні мұғалімі Ақсұлу Хайроллақызы
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Мамандық таңдау - өмірді таңдау
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ж. Қалдығараев атындағы орта мектебінің физика және информатика пәні мұғалімі Джолжигитова Лаззат Амантаевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×