Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


"Тәуелсіздіктің арайлы таңы"

08 қаңтар 2016, Жұма
Категориясы: Ұстаздарға
Тақырыбы: «Тәуелсіздіктің арайлы таңы»
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер. Барысы:
1 - жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен шәкірттер!
Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де,
Жаса Қазақстаным,
Тәуелсіздік төрінде! – дей келе, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 24 жылдығына арналған «Тәуелсіздіктің арайлы таңы» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер.
ГИМН орындалады.
2 - жүргізуші: сөз кезегі мектеп директоры Жайлыбай Мақсат Рамазанұлына беріледі.
1 - жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт - тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Азаттық деген осынау қасиетті ұғымды жақындату үшін талай ерлердің жаны қиылды! Мемлекеттік тәуелсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің және қазақстандықтардың рухани әл - ауқатының, өз күшіне, еркіне, қуатына сеніп, бар мақсаттарын жүзеге асыруының, Қазақстандағы ұлттық келісім мен тыныштықтың кепілі.
2 - жүргізуші: Осы кезеңде елімізді дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай, көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашан айтып өтеміз.
1 - жүргізуші:
О, кең дала!
Ен қызыққа батқаның
Шалқып толқып, бақытты боп жатқаның.
Халқымыздың қуанышын молайтқан
Егемендік сенің алып жатқаның.- демекші ортаға «Алатау» әнімен 5 сынып оқушылары Тоқтасын Анеля мен Абуталипова Ельдананы шақырамыз.
2 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
1 - жүргізуші:
Ағалардың алып берген биігін
Абыроймен асқақ ұстан жастарың.
Қазақстан деген алып мемлекет
Қарыштап тек алға қадам басқаның.
Атағыңа ғашық болсын жер жаһан,
Азат елім, ашық болсын аспаның! дей келе ортаға мектепалды даярлық тобын «Қара жорға» биімен ортаға шақырамыз.
2 - жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық
Нұрлы достық
Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты
Биші қыздар биімен де үн қосты – деп, ортаға 8 сынып оқушыларын «Домбыра» биімен ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкіммен күн түрілген.
2 - жүргізуші:
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік өлең шумақтарды қабыл алыңыздар. Ортада бастауыш сынып оқушылары. Әдеби монтаж.
1 - жүргізуші: Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
6 сынып оқушысы Бақатай Жанельдің орындауында «Қазақ елі осындай» әнін қабыл алыңыздар.
2 - жүргізуші:
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату – тәтті бірлік болып қашанда
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
1 - жүргізуші:
Көк байрағым желбіресін көгімде,
Әнұраным әуелесін елімде
Елтаңбамыз нышаны боп елдіктің,
Тұрса артық не арман бар өмірде
Ортаға 7 сынып оқушыларын қазақша биімен шақырамыз.
2 - жүргізуші:
Дүр сілкінді желтоқсанда қоңыр аймақ,
Өйтпесе тілім қайтіп қанат жаймақ?
Ұран жазып, қып - қызыл ту көтеріп,
Жастар шықты алаңға «Елімайлап».
Алаңға шығып, ойын айтты жастарым,
Қиындық пен қатерге тігіп бастарын.
Содан барып, тоңы еріді кеңестің,
Содан кейін еркіндікті бастадым.
3 сынып оқушыларын «Елім менің» әнімен ортаға шақырамыз.
1 - жүргізуші:
Домбыра тастамаймын, қайда барсам
Жараспаймын жаныма байланбасам.
Самалдай сыңғырлатып күй шерткенде,
Сүйсініп естігендер қайран қалсын.
7 сынып оқушысы Айымбек Думанды ортаға шақырамыз - күй.
2 - жүргізуші:
Достық бізге тым ыстық,
Бірлік - байлық, ырыс – құт,
Жарқырасын күніміз,
Жаса, жаса тыныштық.
«Әгугай» биімен ортаға 3 сынып оқушыларын шақырамыз. Қарсы алыңыздар.

1 - жүргізуші:
Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтасын сақтығыңды сағың сынбай,
Көрсеңде көресіңді азаппенен.
Бір ата, бір ананың түлегіміз
«Бірлік» деп бірге соқсын жүрегіміз.
Ортада 9 сынып оқушылары Вальс
2 - жүргізуші:
Қарсы алыңыздар ортада 4 сынып оқушылары
1 - жүргізуші:
Қазақстан – Тәуелсіздік бесігі
Отан деген от басынан басталар,
Отбасыма от салмасын басқалар,
Отан деген қасиетті, киелі,
Отан десем оянады асқақ ар!
Ортаға 9 сынып оқушысы Осан Альбина және 8 сынып оқушысы Тоқтасын Айнұр «Алтын бесік» әні
2 - жүргізуші:
Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр - қайрат керек деп бүгінгі мерекелік іс шарамызды аяқтаймыз.
3 580
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий
16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий
Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы
Желтоқсан – тәуелсіздіктің бастауы
Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің
Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!
Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!
Желтоқсаншылардың бәрі де бір - бір батыр еді. Олар қара бастарының қамын ойлаған жоқ. Оларды «Мұзда жанған алауға» теңейтіндігіміз осыдан шығар. Кезінде белгілі қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев «Егер қазақ Желтоқсан оқиғасын ұмытса, өзін ұмытқаны»
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Жаса, Қазақстан
Жаса, Қазақстан
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі. Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Менің Отаным – Қазақстан
Менің Отаным – Қазақстан
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Ельжанова Баян Турехановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×