Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар педагогтар арасындағы спорттық интеллектуалдық жарыс

11 қаңтар 2019, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»атты педагогтар арасындағы спорттық интеллектуалдық жарыс
Мақсаты: Ұжымды бірлікке, жұмыла білуге, ұйымшылдыққа баулып, қимылды - қозғалыс арқылы денелерін шынықтырып, білімдерін шыңдап, ұлттық ойындар туралы қызығушылықтарын одан әрі шыңдап, салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Ептілікке, жылдамдыққа, шымыр болуға, сымбатты болуға тәрбиелеу. Қимыл - қозғалыстарын одан әрі дамытып, спортпен қатар ойлау қабілеттерін дамыту.

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар қауымы бүгінгі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»атты педагогтар арасындағы спорттық интеллектуалдық жарысына қош келдіңіздер!
Уа халқым назар аудар денсаулыққа
Өмірде бақыттысың дені сауда
Денсаулық терең бақыт деген сөзді
Құр айтпаған ұлы абай данамызда
Сайысқа қатысушы сайыскерлерімізді қошеметпен ортаға шақырайық.

Әр таңды бақытпенен атырамыз
Өнерді ой көгінде бақылаңыз,
Сайысқа қатысуға енді ортаға
«Жұлдыз»тобын шақырамыз.

Салауатты өмір салтын сақтайтын
Жаттығудан ешқашанда қашпайтын
Алау тобы келді бүгін сайысқа
Өз топтарын жақтайтын - деп ортаға «Алау»тобын шақырамыз
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір
Сарапқа сап, әділдікке шеше біл.
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.
1. Балабақшамыздың меңгерушісі - Конаева Гульбану Конаевна
2. Балабақша әдіскері - Гилажева Айгул Мауфиховна
3. Балабақша медбикесі - Айткалиева Айдана Бақтығалиқызы

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.
Сайыстың бағдарламасы 7 кезеңнен тұрады
1 - кезең. «Таныстыру»
2 - кезең. «Жүйрік болсаң, шауып көр»
3 - кезең. «Мақал сөздің мәйегі»
4 - кезең. «Біліміңді шыңда»
5 - кезең. «Ата - баба мұрасы, елге үлгі»
6 - кезең. «Капитандар сайысы»
7 - кезең. «Үй тапсырмасы»

Әр кезеңнен кейін әділ қазылар өз бағаларын береді.
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Өнер қуып ұстаздар өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген топтар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтсе дейміз

1 - кезең: «Таныстыру»Әр топ өз тобының атымен, ұранымен таныстырады.
Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді.
Мына отырған жас ұстаздар өзінің
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайысын көрсетеді

2 - кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр».
Ойынның шарты: Допты екі аяқтың ортасына қыстырып, кедергілерден секіріп межеге дейін барып, үстелдің үстінде тұрған шеңберде орналасқан дөңгелектерге сәйкес асықтарды орналастыру.
Өнерпаздар жарысып, сан - саналы,
Жиын десе, той десе, жан салыпты.
Бүгінгі педагогтар сайысында,
Барлықтары аянбай жан салыпты

3 - кезең. «Мақал сөздің мәйегі»
Ойынның шарты: Жерде жатқан 5 шеңберлердің астынан өтіп, секіртпемен бір секіріп, берілген мақал - мәтелдердің жалғасын табу.
«Жұлдыз»тобына
1. Алтын алма, білім ал
2. Отан оттан да ыст. ық
Жалыны бар шоқтан да ыстық
3. Білегіңе емес, біліміңе сен.
4. Жеті жұрттың тілін біл
Жеті түрлі ілім біл.
5. Жер - ана, ел – бала.
6. Шебердің қолы ортақ
Шешеннің тілі ортақ.
«Алау»тобына
1. Жарлының байлығы
Денінің саулығы
2. Ақымақ шаппамен бауыздар
Ақылды мақтамен бауыздар
3. Кітап оқығандікі, білім тоқығандікі
4. Ана алдында – құрмет
Ата алдында - қызмет
5. Жер - ел ырысы.
6. Тазалық - саулық негізі.
Массажды жаттығу
Денсаулық ол - шыныққан
Барлық денең мүшесі
Денсаулық ол - тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.

4 - кезең. «Біліміңді шыңда»
Ойынның шарты: Орындықтардың үстімен сырғанап жүресінен жатып жүріп, қаппен секіріп, берілген сұрақтарға жауап беріп, орнына қаппен секіріп, орындықтан сырғанап баруы керек.
«Жұлдыз»тобына
1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын? Шешімі: Жанат - ұзын
3. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет
4. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді? Жауабы: үш
5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы.
6. Бір жанұяның бес ер баласы және олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда қанша бала бар? Жауабы: 6 бала
«Алау»тобына
1. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауабы: үш стакан
2. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
3. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы
4. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады? Жауабы: егер оны мұз етіп қатырса
5. Оң жағынан оқыса да, сол жағынан оқыса да сол сан шығатын сан? Жауабы: қырық
6. Сенің анаңның анасының ұлы саған кім? Жауабы: нағашы
Қазағымның ойыны қандай тартыс,
Ежелден келе жатқан, бұл - бір жарыс
Белді буып аянба, ұмтыл, қатыс.
Көтеріп, ең биікке туын намыс.

Атырау қаласы, Бірлік ауылы
№33 «Көркемай» балабақшасының
дене тәрбиесінің нұсқаушысы
Амантаева Лунара Утегеновна
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар педагогтар арасындағы спорттық интеллектуалдық жарыс жүктеу
5 839
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спорттық сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар спорттық сайыс
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайыс Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Жүзден жүйрік
Жүзден жүйрік
Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуға дамыту.
«Толағай» спорттық сайыс
«Толағай» спорттық сайыс
Отбасылар күніне арналған, жартылай жетім, әлеуметтік жетім, аз қамтылған, көп балалы отбасылар арасындағы спорттық шара. Тақырыбы: «Толағай» спорттық сайыс
"Дарабоз" спорттық сайыс
"Дарабоз" спорттық сайыс
Тақырыбы: «Дарабоз» спорттық сайыс
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №4 Алға орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жарикова Гульназ Абдешовна
Жыл оқушысы сайысы
Жыл оқушысы сайысы
Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Жаңаөзен ауылы. К. Шакенов атындағы орта мектебі Нұрмұхамбетова Сауле Советханқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×