Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Айналайын анашым

01 ақпан 2019, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Айналайын анашым
Залда жасырын қол өнермен кәмпиттермен безендірілген Кәмпит ағашы. Балалар әуенмен залға кіріп, жарты дөңгелек болып тұрады.

Ертеңгілік жүру барысы.
1. Ән « Құттықтаймын мама»
2. Тосын сый
3. Көктем кіреді
4. Ән «Көктем әні»
5. Би «Гүлдер»
6. Би «Жұптасу»
7. Ойын «Жылы лебіз»
8. Ән « Мы запели песенку»
9. Би «Матрюшки»
10. «Үш ана» көрінісі.
11. Ойын «Түсін тап»
12. Би: «Вальс»
13. Ән «Анашым»

Жүргізуші:- Ана дейміз біріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәбиде жарқылдап,
Ана деген бәйтерегі өмірдің,
Ана деген алтын қазық, алтын бақ.
Сәлеметсіздер ме қымбатты қонақтар, сүйікті аналар, әжелер, әріптестер! Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын деп
«Айналайын анашым» атты мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз. Ақ анашым, аппағым.
Өзің жайлы тақпағым.
Арналады сіздерге.
Бар баланың тақпағы.

Наз:- Анам - жұмақ, мен - шуақ, саябағы
Анам - шырақ, мен - сұрақ, санадағы,
Анам - теңіз, мен - қайық, тербетілген,
Анам - бұлақ, мен құрақ, жағадағы.

Бекарыс: Айналдым ана деген асыл аттан,
Шуағын бар әлемге жарқыратқан
Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан,

Нұрайдын:- Анамызға еркелеп
Қуантуды қалаймыз
Өссек егер ертерек,
Мен тігінші анамның
Өнегесін аламын
Ертең мендей анамдай
Тігінші боламын.

Әділет: - Анамды жақсы көремін,
Айтқаныңнан шықпаймын.
Ол көзімнің қарасы болса егер
Мен оның жанарының ағынанмын.

Айым:- Атамнан басталар,
Әжеммен қосталар,
Отбасым мыналар:
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар,
Бір туған ағам бар,
Бір туған апам бар,
Бәрін жақсы көремін,
Еркелеймін, еремін.

Ән «Құттықтаймын мама»
(балалар орындыққа отырады.)
Жүргізуші:- Өмірде таң ғажайып сәт көп,
Аралап дүниенің жер шарын,
Мұндай қызықты,
Таппайсың сен еш жерден.
Құпиясын айтайын,
Мұны жасаған балалардың өздері.
Жылы сөзбен өсірген сыйымыз бар...
(Сахна ашылып ортада ағаш кәмпит тұрады.)
Мейірімі төгілген
Әсем, әдемі таң ғажайып сыйымыз мінекей.
Айару: Ағаштың әр бұтағында
Әжелермен аналарға
Тәтті кәмпит сыйға тұр.
Ұнады ма сіздерге
Сыйлығымыз біздердің? (қонақтар жауабы.)
Ж: - Бізге де қатты ұнады! Бірақ ойлаймын, бұл жәй кәмпит емес. Мүмкін онда мармелад бар шығар?
Б: - Жоқ
Ж: - Мүмкін онда шоколад?
Б: - Жоқ
Ж: - Мүмкін жаңғақ пен қалуа болар?
Б: - Жоқ
Ж: - Ал балалар, тездетіп
Құпияны ашайық.
Не жасырынған онда деп,
Білгісі келеді бәріде.

Ибрахим: Біз балалар мен келісіп,
Таңқалдырмақ оймен.
Барлық ертеңгілік барысын
Осы кәмпитке сыйғыздық.
Ж: - Ендеше, басташы өзің, қайсысынан бастайық.
(Жүргізуші бала суырған кәмпитті ашып оқиды)

Ж:- Жасыл көктем, сен көктем.
Гүлді гүлмен өрнекпен.
Ел бақытты, мейірлі,
Балалары әндеткен.
Төрлет көктем жоғары.
(Көктем кіреді) (сөзі)
Ж: - Көктем, ендігі сенің кезегің болсын қайсысын таңдайсың?
Ән «Көктем әні»
Би «Гүлдер»
(Келесі кәмпитті таңдалады)

Ж: - Қайырымды, қасиетті.
Ең ардақты ақ әжем.
Әрбір сөзі өсиетті.
Баға жетпес ақ әжем.
Тәтті лебізіміз сіздерге арналады.

Исмаил:- Менің әжем, ақ әжем
Ұл мен қыздың бағы әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.

Расул:- Мейірімі жел жібек
Күндей ыстық құшағы
Ет жүрегі елжіреп
Құлыным деп құшады.

Ибрахим:- Әже деген көп шығар
Әжедейі жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Би «Жұптасу»
(Келесі кәмпитті таңдалады)
Айналайын анашым жүктеу
2 002
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Айналайын Ақ мамам
Айналайын Ақ мамам
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз - аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата - анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
Ертеңгілік: Шуағын шашқан - аялы алақан
8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Аяулы анашым! 8 - наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 - наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
8 - наурыз Аналар мерекесі
8 - наурыз Аналар мерекесі
Көктемнің шуақты күндерімен сабақтаса келетін бұл мейрамды тойламайтын халық жоқ. Бәріміз де анамыздың ақ сүтінен нәр алып, өсіп келеміз. Құрметтесек – ананы құрметтейік дегендей. Құрметті аналар!
Айналайын ақ мамам!
Айналайын ақ мамам!
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінің салтанатын сезіндіру. Анаға деген махаббаттарын арттыру.
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Жезқазған қаласы, №10 жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Муканова Манат Умиржановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×