Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ана тіршіліктің гүлі

18 ақпан 2019, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ана тіршіліктің гүлі
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді.

Ананың ойы ұяда,
Баланың ойы қияда.

Ананың сүйген жері
отқа күймейді, оқ та тимейді.

Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.

Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атыңа ауыр жүк артпа.

Анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да
қарызынан құтыла алмайсың.

Ана сүтін ақтамағанды ешкім мақтамайды.

Анасыз өмір — сөнген көмір.

Анасын көріп қызын ал,
Аяғын көріп асын іш.

Ананың басқан жерінде пейіш бар.
Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген.

Ана туралы қанатты сөздер

Анадан өнеге көрмеген қыз жаман,
Атадан тағылым алмаған ұл жаман (Қорқыт).

Ана көркі алдындағы баласы,
Қала көркі үйі, орман – ағашы. (Қорқыт).

Балапанды торғайлар өрт болмасын тілейді.
Балаларға аналар дерт қонбасын тілейді. (Абай)

Ана алдында құрмет,
Ата алдында қызмет. (Халық)

Анасыз өмір — сөнген көмір.
Халық арасында ананы қадірлеу, ананың орны туралы даналық сөздер көп. Мұхамбет пайғамбардың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады: «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» делінген. «Кімде - кім ата - анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады», «Жұмақтың кілті - ананың табанында». Осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл адамзаттың анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік.

Ана деген, ана деген бұл өмірдің тірегі
Аналардың мөп - мөлдір ғой тілегі
«Құлыным» - шырылдаған, ешбір тыным таппаған,
Ауырмасын, ауырмасын, аналардың жүрегі.

Назарларыңызға
Рахмет!!!
Ана тіршіліктің гүлі слайд жүктеу
3 728
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ана туралы мақал-мәтелдер жинағы
Ана туралы мақал-мәтелдер жинағы
Ақылды әйел ішінде, алтын бесікті ұл жатар.
Ана – тіршіліктің гүлі
Ана – тіршіліктің гүлі
Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол – Ана. Балапанын қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жан ұшыра шырылдайтында – Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ.
Махаббат өмір өзегі
Махаббат өмір өзегі
Оқушыларға махаббат, сүйіспеншілік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін ашу.
Қыз еркем, өнерімен көркем
Қыз еркем, өнерімен көркем
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы №9 жалпы білім беру мектебі Бастауыш сынып мұғалімі: Ниязова Жанылша Бековна
Ақселеу Сейдімбек "Әйел ана"
Ақселеу Сейдімбек "Әйел ана"
Атырау қаласы, Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп – гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ильясова Эльмира Төлепқызы
Әлемді тербеткен мейірім
Әлемді тербеткен мейірім
Атырау қаласы, № 23 орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Бозжигитова Ляззат Қонақбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×