Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақселеу Сейдімбек "Әйел ана"

18 ақпан 2015, Сәрсенбі
Әдеби - шығармашылық курсы 5 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ақселеу Сейдімбек «Әйел - ана»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың әдеби ертегілер туралы түсініктерін кеңейту.
2. Тәрбиелік: оқушыларды адамгершілікке, ізгілікке баулу, елжандылыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту.
Сабақтың типі: жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.
Сабақтың әдіс - тәсілі: әңгімелеу, талдау.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, флепчаттар, маркерлер
Пәнаралық байланыс: тіл, тарих, география.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІV Жаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу
2. Сабақ мақсатын түсіндіру
V. Үй тапсырмасын сұрау

Сұрақ жауап
1. Әдеби ертегілер деген не?
2. Әдеби ертегілердің халық ертегілерінен қандай айырмашылығы бар?
Венн диаграммасы бойынша әдеби ертегілердің басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын табу.

Жаңа сабақ:
Ертегілердің бір саласы – әдеби ертегілер. Әдеби ертегілердің жазған авторы белгілі болғандықтан оны әдеби ертегілер деп атайды. Әдеби ертегілер көбінесе ел арасында ауызша айтылып келген әңгіме аңыздардың негізінде туады.
Әдеби ертегілер өлең және қарасөз түрінде айтылады. Әдеби ертегілерде еңбек адамын қадірлеуді, туған елін сүюді, биік адамгершілікті, әділетті болуды уағыздайды.
Ақын жазушылар кейде қызықты ертегілерді балаларға арнап әдейілеп те жазады. Олар да әдеби ертегілерге жатады. Бүгінгі өткелі отырған А. Сейдімбектің «Әйел – ана» ертегісі.
Ақселеу Сланұлы Сейдімбек (22. 12. 1942 ж., Байдалы би ауылы, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы - 16. 09. 2009 жылы, Астана)- жазушы, әдебиет зерттеуші, ғалым, филология ғылымының докторы (1998), профессор (2003).

Білімі
1968 жылы ҚазМУ - ді бітірген.

Қызмет жолы
«Лениншіл жас» газетінің тілшісі (1968 - 1975), Қарағанды облысы «Орталық Қазақстан»газетінің жауапты хатшысы (1975 - 1976),
1976 - 1983 ж. «Социалистік Қазақстан» газетінің бөлім меңгерушісі.
1983 - 1987 ж. «Білім және еңбек» журналының бас редакторы.
1987 - 1988 ж. «Әлем» альманағының бас редакторы.
1988 - 1997 ж. ҚазКСР ҒА - ның Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.
1997 - 1998 ж. Қазақтың Ы. Алтынсарин атындағы Білім проблемалары институтының директоры.
1999 жылдан Астанадағы Еуразия Ұлттық университетінде, кафедра меңгерушісі.

Шығармашылығы
Алғашқы әңгімелер жинағы "Ақиық" 1972 жылы жарық көрген, « Қыр хикаялары» (1977), «Тауға біткен жалбыз» (1979), « Кеніш» (1979), «Алпамыс батыр» (1979), «Серпер» (1982), «Ақ қыз» (1991) және т. б. әнгіме, повесть, очерктері, «Күңгір - күңгір күмбездер» (1981), «Мың бір маржан» (1989), «Қазақтың әйгілі күйшілері» (1992), «Балталы бағаналы ел аман бол» (1993), «Күй шежіре» (1993), « Көшпелілер тарихы» (1995), «Ойтолғақ» (1997),«Күй шежіре» (2 - т.; 1997), «Қазақ әлемі» (1997) атты ғылыми - танымдық еңбектері жарық көрді. Гомердің «Илиада», «Одиссеясын» (қара сөзбен әңгіме, 1974), И. Можейқаның «Әлемнің 7 және 37 кереметін» (1981) қазақ тіліне аударды. Шығармалары ағылшын, венгр, неміс, орыс, өзбек, чех, эстон тілдеріне аударылған. «Құрмет» орденімен марапатталған.

Қайтыс болуы
Ақселеу Сейдімбек 2009 жылдың 16 қыркүйек күні Астана қаласында қайтыс болды. Жазушының өсиеті бойынша, Ақселеу Сейдімбек Жаңаарқа ауданының орталығы Атасу кентінің іргесіндегі Қарауылтөбеге жерленді. 19 күнгі қаралы митингке Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов, Асанәлі Әшімов, Алдан Смайыл, Ғалым Жайлыбай, Серік Тұрғынбеков қатысып, сөз сөйледі.

Ой шақыру
«Ана» қасиетіне байланысты:
«Ана» жынысына қарай:
Мұғалім сөзі: Әр адам жарық дүниеге келгенде мейірімді, жүрегі жылы жанды көреді. Ол - Ана. Балапаның қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - Ана. Ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. Әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. Біз - қазақ деген ұлы халықтың ұрпағымыз. Қыз Жібек пен Баян Сұлудың, Мәншүк пен Әлияның сіңлілеріміз.
Ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі. «Ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. Ана - барлық өмірдің бастауы. Ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. Адам бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана - ұлы адам, қасиетті жан. Тіпті айта берсең сөз жетпейді. Ана бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді деген. Расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. Әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. Құдайдан кейінгі құдірет иесі - Ана. Сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
16 708
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ертегілер оның түрлері
Ертегілер оның түрлері
Ертегілер ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойдан шығарылған оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есінде ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып біздің
Күнделікті сабақ жоспарлары. Ана тілінің қызметі
Күнделікті сабақ жоспарлары. Ана тілінің қызметі
Қазақ тілінен күнделікті сабақ жоспарлар (5 сынып) Тақырыптар: 1. Ана тілінің қызметі 2. Әдеби тіл туралы түсінік. 3. Әдеби тілдің ерекшеліктері. 4. Мәтін 5. Мәтіннің тақырыбы, құрылымы.
Диалект сөздер
Диалект сөздер
Диалект сөздер - белгілі бір жердегі тұрғындардың сөйлеу тілінде ғана қолданылатын сөздер. Диалект сөздер жалпыхалықтық болып есептелмейді.
Ақселеу Сейдімбек "Әйел - ана"
Ақселеу Сейдімбек "Әйел - ана"
Қарағанды қаласы, Приозерск қаласы №1 ЖББ ОМ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Хизирова Маржанкул Хожабекқызы
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Мағжан Жұмабаев «Қысқы жолда»
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Күзекбаев Жеңісбек Дүзелбайұлы
"Ақсақ құлан, Жошы хан" аңызы
"Ақсақ құлан, Жошы хан" аңызы
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сыздықова Жанар Қиноятқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×