Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Салт - дәстүрі халқымның

08 наурыз 2019, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Рахимжанова А. Х.
Тақырыбы: Салт - дәстүрі халқымның

Мақсаты: Оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде, ұлттық салт - дәстүр, әдет - ғұрыптарды бойларына сіңіре отырып, рухани - адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдісі: Әжелер сайысы
Көрнекілігі: Отбасы, ынтымақ - бірлік туралы, ұлттық нақыл сөздер...

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі
Тәрбиеші: Құрметті әжелер, қонақтар, апайлар, балалар!
«Салт - дәстүрі халқымның» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Кіріспе сөз:
Наурыз - қазақ халқының мыңдаған жылдар бойыңа қосыла жасасып келе жатқан төл мерекесі. Мұсылман діні келмей тұрғанда жанына, малына қаратып айтатын ақ тілеу батасының алғы шарты, әдемі салты. «Осы мен кеше қандай едім, бүгін қандаймын? Ертеңім бүгінімнен тәуір болғай» дейді әр адам бұл күні. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз қазақ халқы үшінде бірліктің татулықтың, ынтымақтың көктемнің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланады
Наурыз – күндері адамдар бір - біріне сыйлықтар таратады. Наурыз ән - күй, би мерекесі..
Мерекелеріңіз құтты болсын, ардақты халайық!
Ашық жарқын жүзбен
Әділқазылар біздің
Таңдап баға беруге
Шақырамыз төрге – деп бүгінгі сайысымызды таразылайтын әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Әдіскер 1. --------
2.------
3.-----------
Айзада
Басы барлық ырыстың
Басы барлық ұлы істің
Құтты болсын, наурыз той
Ұлы күні ұлыстың 1
Камила
Малдар төлдеп қой қоздап
Сүттен бұлақ ағызған
Жаңа жылдың сипаты
Молшылыққа аңыз боп
Басталыпты наурыздан
Айдана
Халқымның әдет салтына
Ойлана қарап, түйін түй
Ұлыстың ұлы күнінде
Жалғаса берсін ән мен күй.
Асылайын мойныңа
Еркелейін қойныңда
Шөпілдетіп сүйейін,
Әжемізді сағына.
Олай болса сайыскер әжелерімізді қарсы алайық!
( «Ерке сылқым» күйі баяу естіліп тұрады).
Тәрбиеші:
Ал, қәнекей халайық
Асқақ әнге салайық,
Басы болсын бұл тойдың
Шырқап әнге салайық! - деп бүгінгі сайысымызды «Наурыз» әнімен Айзада қызымыз ашады.
Сіздерді сайыстың шартымен таныстырып өтейін.
1. Өзін таныстыру.
2. Халық тәлімі - тәрбие бастауы.
Салт - дәстүрге, әдет - ғұрыпқа байланысты сұрақтар. қою
3 Өз өнерлерін көрсету
4. « Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» қолөнер сайысы.
а). Ұлттық бұйым жасап келу (үй тапсырмасы).
ә). Ою ойып, қағаз бетіне түсіру.
5. Ұлттық тағамдарды жасап әкелу (үй тапсырмасы)
Тәрбиеші:
Той деп бүгін көңіл шіркін тасиды
Той деп бүгін халқым шашу шашады.
Тобымызда бүгін болар сайыстың, 2
Сөзге жүйрік ана бетін ашады.,- дей келе сайыс салтанатына тілек айту үшін Гүлбаршын әжейге сөз беремін.

Сайыстың 1 кезегінде:
Әжелер келіп жетті танысуға
Сыпырды томағасын осы дұға.
Қызып келген қырандай керілтеді,
Әдеппенен, ізетпен танысуға, - дей келе әжелеріміз өздерін таныстырып өтсін. (әділқазылар баға бергенше топ қыздарының билеуінде «Бәйшешек» биін тамашалаңыздар.)

Сайысымыздың 2 бөлімінде
Халық тәлімі – тәрбие бастауы. Салт - дәстүрге, әдет - ғұрыпқа, ырым - тиымға байланысты сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.( қоржыннан сұрақтар алады)
1. Шілдехана
2. Бесікке салу
3 Тоқымқағар
4. Той бастар
5. Сүндет той
6 Тұсау кесер
Біз үндемелік, домбыра бір сөйлесін
Екі ішегі - екі жүрек таба білген үйлесім
Көлденең сыр, көлденең жыр омыраулап кимесін,
Біз үндемелік, домбыра бір сөйлесін!
Сіздердің алдарыңызда домбырашылардың орындауында « Жастар күйі» тыңдаңыздар
Сайысымыздың 3 кезегінде әжелеріміз өнерлерін көрсетуі керек.
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Әжелер, аянбай - ақ жан салыпты - деп әжелеріміздің өнерлерін тамашалайық.
Әжелер өз өнерлерін көрсетеді..

Әжелеріміздің бағасын шығарғанша топ бишілерінің «Сыған»биін тамашалаңыздар.
Келесі кезекте « Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің» демекші балаларына қандай қол - өнерлерін алып келді екен соны тамашалайық. 3
а) Ұлттық бұйым жасап келу ( үй тапсырмасын әділқазыларға көрсету керек.)
ә) Қағаздан не матадан ою ойып көрсетеді.
Әжелерімізге қолдау көрсетіп Айдана қызымыз «Әжеме» әнімен шашу шашады.
Көрермендермен мақал - мәтелді қаншалықты білетінін сынап көрелік.
«Мақал - мәтелді жалғастыр» ойыны
1. Бала адамның.....(бауыр еті)
2. Кәріге құрмет...(балаға міндет)
3. Адам болатын бала...(алысқа қарайды)
4Бел астындағыдан...(бала үміттенеді)
5. Әдепті бала арлы бала...( әдепсіз бала сорлы бала)
6. Қыз елдің көркі...(гүл жердің көркі)
Сайысымыздың келесі бөлімі: Ұлттық тағамдар дайындап келу ( үй тапсырмасы)
Қазақ халқы үшін қазақ дастарханынан үлкен нәрсе жоқ. «Ас қадірін білмеген аштан өледі», « Ат қадірін білмеген, жаяу қалар» демекші әжелеріміздің алтын қолынан жасаған ұлттық тағамдарын таныстырып қорғамақ.
Сайысымыз да аяқталуға жақын қазылар алқасы қорытынды шығарғанша «Жақсы сөз - жарым ырыс»дейді ғой немесе «Көп білгеннен емес, көп көргеннен сұра» демекші өнеге үлгілерін әжелеріміз мына отырған жастарға, немерелеріне қандай өсиет айтар екен соны тыңдасақ. Ал балалар сендер айтылған сөзді саналарыңа сіңіріп, ойларыңа түйіп алыңдар. Әжелер ойға түйгенін айтады (әжелер тілектерін айтады)
Мейірім нұрын, шапағат жырын сен бердің
Сондықтан сені тәңірге ғана теңедім
Домалақ ана, Күнікей сұлу, қыз Құртқа,
Мәңгілік сөнбес рәміздерің сендердің.
Сонымен бүгінгі «Салт – дәстүрі халқымның» атты әжелер сайысы өз мәресіне жетті деп ойлаймын. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демей ме. Сендер балалар әжелеріңнің батылдығына, тапқырлығына куә болдыңдар. Өздеріңе әжелеріңнің үлгі өнегелері мен өнерлерін өсиет ретінде қабылдап, әрқашанда қазағымыздың ұлттық құндылықтары салт - дәстүрі, әдет - ғұрпын есте сақтап,, ардақтай біліңдер.
Салт - дәстүрі халқымның жүктеу
15 028
1
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі мен діни нанымдары
Көшпелілердің салт - дәстүрі, діни нанымдары туралы біледі. Көшпелі тайпалардың өзіндік ерекшеліктеріне талдау жасай алады.
Наурыз аруы сайысы
Наурыз аруы сайысы
Шығыс халықтарының ұлттық мерекесіне айналған Наурыз мейрамы және қазақтың салт - дәстүрін оқушылар арасында дәріптеп, қазақ қыздарына тән ұлттық құндылықтарды жастайынан үйрете отырып, ұлт жанашыры, өнегелі, ибалы болуға тәрбиелеу.
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Армысың, Әз Наурыз!
Армысың, Әз Наурыз!
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі - Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт - дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, адамгершілікке ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Ата - баба дәстүрі елдігіміздің белгісі
Ата - баба дәстүрі елдігіміздің белгісі
Атырау қаласы, № 25 «Еркемай» балабақшасының әдіскері Қонаева Гүлбану Қонайқызы
Ал, кәнеки, әжелер!
Ал, кәнеки, әжелер!
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Орманова Гүлсайран
Пікірлер (1)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
aiboll
aiboll Бас редактор 8 наурыз 2019 18:59
1
Салт - дәстүр, әдет – ғұрып туралы мақал - мәтелдер

Сыпайының сыры мол.
***
Қолыңмен істегенді,
Мойныңмен көтер.
***
Алған бір жазықты.
Алдырған екі жазықты.
***
Аққа қара жұқпайды.
***
Ұсынған мойынды қылыш кеспес.
***
Естіген құлаққа жазық жоқ.
***
Жаңылмас жақ болмас,
Сүрінбес тұяқ болмас.
***
Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш.
***
Жорғаң қатты болса, бәске сал,
Ісің ақ болса, көпке сал.
***
Адасқанның айыбы жоқ,
Қайтып үйірін тапқан соң.
***
Орамал тонға жарамаса да, Жолға жарайды.
***
Ас көп болса, кәде көп.
***
Жігіттің бір жұрты нағашысы.
***
Бір күн дәм татқанға, қырық күн сәлем.
***
Қостың кішісі болғанша,
Иттің күшігі бол.
***
Қотыр қолға қола сақина.
***
Үлкен үйдегі күлсе,
Кіші үйдегі езу тартады.
***
Ел - елдің заңы басқа,
Иті қара - қасқа.
***
Нағашымен күрессе,
Жиені жығылар.
***
Жек көргеннің жұмысын, кетерінде сұра.
Жақсы көргеннің жұмысын, келгеніңде сұра.
***
Сақтағанын жесе, сағынғаны келер.
***
Ескерген ескі асынан сақтайды.
***
Берген қолым алған.
***
Сұрап бергенше, Соғып бер.
***
Соймаса қан шықпайды,
Құр тілден май шықпайды.
***
Ет жемесе де, сорпа ішкендей болды.
***
Берместің асы піспес,
Қазаны оттан түспес.
***
Ет дегенде бет жоқ.
***
Асыңа тойғызбасаң да,
Ақниетіңе тойғыз.
***
Барым әзір, жоғым жай.
***
Ас иесімен тәтті.
***
Досыңның асын, қасыңдай іш.
***
Амандық ағадан.
×