Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат

16 қаңтар 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты: Тәуелсіздіктің 21 жылдығы қарсаңында оқушыларды отанды, елді, жерді сүюге туған ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Елбасының суреті, Қазақстанның картасы, Қазақстан туралы суреттер мен буклеттер, слайдтар. Туған жер туралы, Отан туралы нақыл сөздер жазылған плакаттар, Интерактивті тақта, алдын-ала дайындалған әріп-плакаттар (сайыс бөліміне).
І жүргізуші:
Қайырлы күн, досым,
Қайырлы күн болсын.
Сенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
ІІ жүргізуші:
Ал келіңдер, келіңдер,
Бір-біріңе еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Бәйгеге қатысып көріңдер.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер табыспай,
Тәлім-тәрбие алар ма?
І жүргізуші:
Иә, әрине солай. Ендеше армысыздар құрметті қонақтар және ұстаздар мен оқушылар! Еліміздің тәуелсіздік күні баршаңызға құтты болсын! Міне, тәуелсіздік алғанымызға 21 жыл да болды. Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бақыт - тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің маңдайымызға дарып, алақанымызға қонды. Мемлекетіміздің өсіп-өніп, шыңға жетіп өркендеуі – біздің жетістігіміз, сондықтан бүгінгі «Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат» танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
ІІ жүргізуші:
Тәуелсізбін, тәуелсізбін мен бүгін
Келді міне азаттығым, теңдігім
Бостандықта байлығым мен елдігім
Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім – деп, ортаға бүгінгі сайысымызға қатысушы «Жалын» және « Дарын » тобын шақырамыз!
І жүргізуші:
Бүгінгі сайысымызды 6 кезеңнен тұрады.
1.Таныстыру.
2. Блиц –турнир " Кім жылдам? "
3. "Мақал сөз атасы"
4. "Сандар сөйлейді"
5. "Шатасқан әріптер"
6. Ойлы болсаң, озып көр (топ басшылар сайысы)
7. Жүйрік болсаң, шауып көр
Сайысты сарапқа салатын әділ қазылар алқасын таныстырып өтейін.
1.
2.
І.Таныстыру
1топ « Жалын »
Ұраны: «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»
Сәлемдесуі: Бұл сайысты көптен біздер күткенбіз,
Жалындаған жастармыз біз көктембіз.
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Сол үшін де маңдай терді төккенбіз.
Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Алға қойған мақсатымыз бір екен,
Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.
Жиналған ылғи мықтылар
Жүректе от, көздерінде жалын бар.
« Жалын » тобын халайық,
Қол соғып қарсы алайық.

2топ «Дарын »
Ұраны: «Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні кәріп»
Сәлемдесуі: Жарыс десе алғырлықты ұштаймыз,
Қиялдарға самғап ұщқан құстаймыз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.
Осындай тапқыр достар кез келгенде,
Жетсін-ау жарыстарда жеңгенге не.
Қарсылас болғанменен құрбысыңдар,
Тілейміз ізгі тілек сендерге де.

ІІ.Блиц-турнур. «Кім жылдам?»
1 топ сұрақтары:
1.ҚР тұңғыш президенті? (Н.Ә.Назарбаев)
2.Дүйсенбіден кейін қай күн? (сейсенбі)
3.1жылда қанша күн? (365күн)
4.Біз білім алатын орда(мектеп)
5.Қазақстан неше елмен шектеседі? (5ел)
6.Қазақтың бас ақыны? (Абай)
7.Қазақстан конститутциясы қашан қабылданды?(1995жыл 30тамыз)
8.Мемлекеттік рәміздер қай жылы қабылданды?(1992жыл 4маусым)

2 топ сұрақтары:
1.Қазақтың тұңғыш ғарышкері? (Т.Әубәкіров)
2.Жұманың алдынды қай күн? (бейсенбі)
3.Жеті жарғыны жазған кім?(Тәуке хан)
4.Қай жылы Ақмола қаласының атауы Астана болып жарияланды? (1998 ж 6 мамыр)
5.Рәміздерді ата (ту, елтаңба, әнұран)
6. Кел, балалар, оқылық өлеңінің авторы? (Ы.Алтынсарин)
7.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар? (42әріп)
8.Қазақстанда қанша облыс бар? (14 облыс)

ІІІ. "Мақал сөз атасы" дегендей мақал сайысына шақырамыз.
1.Қар жана ма? (Қалауын тапса қар жанар.)
2.Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді)
3.Адамның қай мүшесі қорқақ, қайсысы батыл? (Көз қорқақ, қол батыр)
4.Инемен не қазамыз? (Оқу инемен құдық қазғандай.)

ІV. "Сандар сөйлейді"
Интерактивті тақтадағы сандарды таңдау арқылы, астындағы жасырылған суреттер бойынша жауап беру
V. "Шатасқан әріптер"
Жауабы: Тәуелсіздік –желтоқсанның жемісі
VІ. Ойлы болсаң, озып көр
1.Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатты? (Түркия астанасы Анкарада)
2. Түнгі сағат 12-де жаңбыр жауып тұрса, мұнан соң 72 сағаттан кейін күн ашылып шуақ түсе ме? (жоқ, бұл түн мезгілі)
3.Қазақстан картасы тәрізді парк қалай аталады? (Атамекен)
4.Қазақстанда неше астана болды, аттарын ата? (4. Орынбор, Қызылорда, Ақмола, Астана)

VІІ. Жүйрік болсаң, шауып көр
(әріптер киген оқушылар сөзді табу арқылы орындарына тұру керек. «Елім менің» сайысындағы ойын)
1-топ сұрақтары:
1.Өзен аңғарындағы үнемі су ағып жататын ойыс? (Арна)
2.Тропиктік дақыл? (Анар)
3.Жапанда жалғыз ағаш ... болмас (пана)
4.Қасқырдың іні? (Апан)
5.Айналасы сумен қоршалған, құрлықтың кішігірім бөлігі? (Арал)
6.Жер шарының үстіңгі жағынан кішірейтіліп түсірілген сызбасы? (план)
2-топ сұрақтары:
1.Құрлықтағы барлық жағынан су қоршалған бөлігі? (Арал)
2. Ресей халқы? (орыс)
3.Түс атауы? (сары )
4.Мұғалжар қай таудың жалғасы? (орал)
5.Сырдарияға құятын өзен? (Арыс)
6.Сай, жыра сияқты жер бедерінің төмен бөлігі(Ойыс)
І жүргізуші:
Жеңістер мен жеңілістен тұратын
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратын?
«Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң сен ұғатын
ІІ жүргізуші: Ендеше ортаға бүгінгі сайыстың әділдігін шешіп берер, әділ қазылар алқасына сөз берелік.
І жүргізуші:
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!
Желтоқсаным – тәуелсіздік тірегі,
Желтоқсанды қадір тұтып тұр елі.
Есте сақтап ағалардың ерлігін,
Жүректерге сақтау керек үнемі, - деген тамаша өлең жолдарымен бүгінгі тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат» танымдық сайысымыз аяқталды.

ІІ жүргізуші:
Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі әрқашан бақыт нұрын шашсын! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік
12 357
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий
16 желтоқсан тәуелсіздік күні сценарий
Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу.
Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!
Тәуелсіздік тұтқасы – бізге аманат!
Желтоқсаншылардың бәрі де бір - бір батыр еді. Олар қара бастарының қамын ойлаған жоқ. Оларды «Мұзда жанған алауға» теңейтіндігіміз осыдан шығар. Кезінде белгілі қоғам қайраткері Сағат Әшімбаев «Егер қазақ Желтоқсан оқиғасын ұмытса, өзін ұмытқаны»
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
Тақырыбы: Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Жаса, Қазақстан
Жаса, Қазақстан
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, В. И. Пацаев атындағы №2 Алға орта мектебінің тарих пәні мұғалімі. Ешбаева Кенжегүл Өтелбайқызы
Тәуелсіздік – тірегіміз
Тәуелсіздік – тірегіміз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×