Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мәңгілік өшпес отты жылдар

04 мам 2019, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Мәңгілік өшпес отты жылдар
Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақтың батыр ұл - қыздары туралы мәлімет беру. Отанын, елін, жерін қорғауға тәрбиелеу, патриоттық сезімге баулу.
Көрнекілігі: слайдтар, оқушылардың салған суреттері
Сабақтың әдісі: әңгімелесу

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру
Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақтың батыр ұл - қыздары
Фашистік Германия 1941 жылы 22 маусымда соғыс жарияламастан, тұтқиылдан КСРО - ға шабуыл жасады. Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы басталды.

Тарихта Ұлы Отан соғысындай қасіретті соғыс болған емес. Соғыста 27 миллионнан астам кеңес адамы қаза тапты. Соның ішінде 410 мыңы қазақстандықтар болатын.
Фашистік Германия Кеңес Одағының астанасы – Мәскеуді бірнеше апта ішінде басып аламыз деп жоспарлады. Бірақ Мәскеу түбіндегі шайқаста Қызыл армия ентелеп келе жатқан фашист басқыншыларын тоқтатып, өздері қарсы шабуылға шықты. Бұл жеңісте қазақстандықтардың үлесі зор болды.

1941 жылы Алматыда генерал И. В. Панфилов 316 - атқыштар дивизиясын жасайды. Осы дивизияны 28 панфиловшы - батырлары Мәскеу қаласын қорғауда өшпес ерлік көрсетті.
Волоколомск жолын қорғаған 28 панфиловшының 22 - сі қазақстандықтар еді. Мәскеу түбіндегі шайқаста 316 - атқыштар дивизиясы ( кейін 9 - гвардиялық атқыштар дивизиясы) командирі, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы болған.

Бауыржан Момышұлы туралы оқушылардың дайындаған өмірі, нақыл сөздері, өлеңдерін сұрау
Төлеген Тоқтаров Мәскеу түбіндегі Бородино селосы үшін шайқаста неміс штабына ең бірінші болып кіріп 5 неміс офицерін жойып қаза болған. Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин 1941 жылдың қыркүйегінен бастап соғыстың соңына дейін фашистік күштерден Отанды қорғау борышын абыроймен атқарады. Аға политрук болады. Майданда И. В. Панфилов атындағы 8 - гвардиялық дивизияда жауға қарсы шайқасады. Ұрыс кезінде Мәлік Ғабдуллин жарақат алады. алайда алған жарақатына қарамастан жауға қарсы оқ боратады. Осы ерлігі үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен (№ 1035) Мәлікке 1943 жылдың 30 - қаңтарынан бастап Кеңес Одағының Батыры атағын береді. Бұл атақпен қоса Ленин ордені және «Золотая Звезда» медалі де қоса марапатталады.

Гитлердің басқыншылары 1941 жылдың қыркүйегінде Ленинградқа жетті, қаланы толық қоршауға алды. Ленинград үшін ауыр блокада күндері басталды. 900 күн мен түн басқыншылар Ленинградты әуеден, ауыр зеңбіректермен оқ жаудырды. Ленингрдаты азат етуде қазақ сарбаздары да ат салысты.

Нұркен Әбдіров 267 әуе дивизиясының 808 - ші шабуылшы полкы құрамында майданға аттанды. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан Нұркен жаудың 18 танкісін, 46 жүк машинасы мен көлігін, оның ішінде оқ дәрі тасыған 18 керуенді, жанар май құйған 3 цистернаны талқандап, зенит қондырғыларының бесеуін, бірнеше жабық атыс ұясын, талай жау әскерін құртты. Нұркен Әбдіровке 1943 жылғы наурыздың 31 - де еліміздегі ең мәртебелі атақ – Кеңес Одағының Батыры атағы берілген еді.
Мәңгілік өшпес отты жылдар жүктеу
2 928
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Екінші дүниежүзілік соғыс
Екінші дүниежүзілік соғыс
Адамзат тарихындағы ең сұрапыл, қанды қырғын ошағына айналған екінші дүниежүзілік соғыс жайлы, фашизмге қарсы шайқастар мен онда ерлік көрсеткен батырлар жайлы деректерді өскелең ұрпақтың санасына сіңіруі үшін соғыс жайлы өткен тақырыптарды қайталау
Ұлы ерлік - ұрпаққа үлгі
Ұлы ерлік - ұрпаққа үлгі
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы, түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастығы, қазақ халқының батырлары және 28 панфиловшылардың ерліктері жайлы мағлұмат беру, білімдерін тиянақтау. Батылдыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу
Оноприенко Николай Николаевич
Оноприенко Николай Николаевич
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы Ойыл қазақ орта мектебінің 9 сынып оқушысы Абдуллина Шамшырақ
Ер есімі - ел есінде
Ер есімі - ел есінде
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 8 жалпы орта білім беретін мектептің технология пәнінің мұғалімі Қалдыбаева Алмажан Тлеубаевна
Отанды сүйген оттан қорықпайды
Отанды сүйген оттан қорықпайды
Атырау облысы, Атырау қаласы №10 Сәбит Мұқанов атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Адиева Жанылсын Саламатовна
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмайды
Жамбыл облысы, Меркі ауданы, №6 "Кеңес" орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жартаева Гульзира
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×