Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары

24 мам 2019, Жұма
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Алаш» атты кітап көрмесі», Алаш қайраткерлеріне арналған буклет, «Азаттықты аңсаған Алаш» атты газет, Алаш туралы жазылған сөздер.
Барысы

Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің кіріспе сөзі
«XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани - зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» деп елбасымыз Н. Ә. Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында айтып өтті. Өткен ХХ ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалады.
Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930 - 1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды. Егемен ел, тәуелсіз мемлекет болу жолында өмірін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев сынды арыс азаматтарымыз сұрқия саясаттың құрбандары болды.

1. Жүргізуші:«Алаш» партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық демократиялық партиясы. 1917 жылы шілдеде Орынбордағы бүкілқазақ сезінде құрылды. Көп ұзамай он тараудан тұратын партия бағдарламасының жобасы жасалды.
Алаш партиясын ұйымдастырушы – Әлихан Бөкейханов.
ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының негізгі мақсаты Ресей Федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды.

2. Жүргізуші: «Алашорда үкіметі» 1917 жылы Орынборда 3 - 15 - желтоқсан аралығында ІІ Бүкілқазақ құрылтайын өткізді. Негізгі мақсаты Алашорда үкіметін құру. Төрағасы Әлихан Бөкейханов. Ұлт кеңесі құрамына 25 адам кірді. Алаш астанасы Семей қаласы еді.
Сол кезде Ресейде орын алған жағдайға байланысты қазақтардың жариялаған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес еді, кезекте бостандықтың жауы большевизммен күресу тұрды.
Өздерінің қолға алған шараларын іске асыру жолында Алашорда үкіметі Кеңеске қарсы жақпен бірігуге тура келді. 1918 жылы Азамат соғысының басталып кетуі Алашорда үкіметінің жұмысын тоқтатуға мәжбүр етті.

1. Жүргізуші:
Қазағым, қақтықпа, қамалма,
Ел болар халыңды амалда!
Кетті туы, атты таң, шықты күн,
Сал малды, сал жанды аянба!
Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған атақ ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де алаш өлмес көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін.

2. Жүргізуші: Алаш туы астында,
Күн сөнгенше сөнбейміз.
Енді алашты ешкімнің
Қорлығына бермейміз.
Өлер жерден кеттік біз,
Жасайды Алаш, өлмейміз.
Жасасын Алаш, жасасын!

2. Жүргізуші: Бар. Бар болғанда қандай!
Казымбекова Аружан Зар заман мәнерлеп оқу.
1. Оқушы: Кез болған соң кер заман біздің баққа,

Жау жарағын асырып, міндік атқа.
Ел бастайтын ерлерге бұл бір зор сын,
Жаңа талап, жас ұлан, қарап жатпа.
Заман - ай?
Азаматы алаштың
Аттанатын күн туды.
Тұлпар мініп, ту ұстап,
Баптанатын күн туды.
Ел бастайтын қайдасың, көсемдерім?
Сөз бастайтын қайдасың, шешендерім?
Тәуекелге бел байлап, бастап топты
Тигізбесін жұртқа жау кеселдерін.
Заман - ай!
Бай, қайдасың, ортаға малыңды сал,
Азды - көпті аямай барыңды сал.
Жаны тәтті жақсылар, қайдасыңдар?
Мұсылманның жолына жаныңды сал.
Заман - ай!
Ел қорғайтын қайдасың, батырларым?
Өлең, күйдің шебері ақындарым?
Азаматтың міндеті елді қорғау,
Төнгелі тұр басына күшті толғау.
Заман - ай!

1. Жүргізуші: Алаш десе, рухың сілкініп, ұлттық «менің» оянып, мақтаныш сезім билейді. Осы сезімді аспан астын Алаш атымен тұндырып, ән салғың келеді. Ал, Алаштан қалған ән бар ма осы?

1. Жүргізуші: Айбарлы елдің ұлымын ай таңбалы,
Кейіпкері емеспін ертегінің.
Қазақ деген жалғыз ұлы мен боламын,
Жер әлемге жетеді көпке үнім!

2. Оқушы Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыры - қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат - мұратының мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. Ол 1872 жылы қаңтар айының 28 - де Торғай облысы, Торғай уезінің Тосын болысында Сарытүбек дейтін жерде дүниеге келді. Әкесі Байтұрсын қарапайым шаруа болғанымен мәрттігі, кісілігі басым, көзі ашық азамат болса керек. 1885 жылғы қазанның 12 - де ояз бастығы Яковлевтің басын жарғаны үшін інісі Ақтас екеуі 15 жылға сотталып, 17 жыл бойы “итжеккенде” айдауда болды. Ауыл молдасынан хат таныған Ахмет Торғайдағы екі жылдық орыс - қазақ училищесін тәмамдаған соң 1891 жылы керуеншілерге Орынборға барып сонда қырғыз (қазақ) мұғалімдер мектебіне оқуға түседі.

3. Оқушы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан. Қарқаралы оязы, Әлтеке – Сырым облысы, Желтау баурайындағы Мырзатай қыстауында дүниеге келген. Қазіргі әкімшілік аймақтық атауы бойынша бұл елді – мекен Жезқазған облысы Ақтоғай ауданы, ”Қаратал “ совхозына қарайды. Қазақтың болашақ саяси көсемі, бір басында сан түрлі ғылым тоғысқан бірегей тұлғаның білім дариясынан сусындаған ілкі қадамы бұрынғы Мырзатай аталған, қазіргі Қасым қыстағында ауыл молдасынан сауат ашудан басталады. Ресейдегі жоғары дәрежелі амандар даярлайтын білім ордасының есігін 1888 жыл ашқан, ол 1892 жылы ойдағыдай бітіріп шықты.

4. Оқушы Міржақып Дулатов (1885 - 1935) Ол 1885 жылы 25 қарашада бұрынғы Торғай облысы, Торғай уезіне қарасты Сарықопа болысында қазіргі Торғай облысының Жанкелдин ауданында “Қызбел” кеңшарында дүниеге келген. 1897 жылы Торғай қаласындағы Ы. Алтынсарин ашқан екі кластық орыс - қазақ мектебіне түсіп, 1902 жылы ойдағыдай бітіреді.

2. Жүргізуші: Қазақстан картасында КарЛАГ (ерекше режимді Қарағанды еңбекпен түзеу лагері) пайда болды. Оның бірі Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшелеріне арналған лагерь» деп аталды. Ол «Алжир» деген атаумен кеңінен мәлім. Бұл азап лагерінде әр түрлі ұлт өкілдерінен шыққан атақты ғалымдар, ақындар, өнер адамдары ұзақ жылдар бойы қамауда болып азап шекті.

Көрініс: Азат, Диас, Әсет
Түрменің қапас бөлмесі. Бір орыс, бір қазақ тергеушісі Әлихан Бөкейхановтан жауап алып отыр.
Қазақ тергеушісі: Қалай Бөкейханов мырза, Қазақстанды Ресейден бөліп алмақ болған әрекетініңізді мойындайсыз ба?
Бөкейханов: Әрине мойындаймын. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға әрекеттену қылмыс емес шығар....
Орыс тергеушісі: Қылмыс емес?! (Столды періп періп қалды). Қалай қылмыс емес?! Егер Ресейге бағынып келген әрбір халық өз алдына мемлекет болып бөлініп шыға берсе, Ресейде не қалады?! Жо оқ. Бұл тек жаудың әрекеті.
Қазақ тергеушісі: Мә, мойындаңыз да қолыңызды қойыңыз. (қағаз қалам ұсынады)
Бөкейханов: (қағазға үңіліп) Мына қағазда халыққа қарсы әрекет етті делінген ғой. Бұған қол қоя алмаймын.
Орыс тергеушісі: «Жә, жетеді! Мен қазір басшыларға барып баяндаймын. Жендетке тапсыр керек. Мықты болса шыдап көрсін. Мен қазір келемін.
Қазақ тергеушісі: (Есікті барып қарап келеді) Ағатай ай, мен сізге не жақсылық жасай алам? Сізді қашыруға да шамам жетпейді. Бар билік осылардың қолында. Бізге де сенбейтінін сеземіз.
Бөкейханов: Сен қуыршақсың ғой, шырағым. Менде бәрін түсінем.
Қазақ тергеушісі: Ағатай ай бәрібірде мойындатпай қоймайды ғой. Азап шегіп қайтесіз. Одан да қол қоя салмайсыз ба?
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары. жүктеу
3 797
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы
Әлихан Бөкейханов – Алаштың ардақты арысы
Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт - дәстүрін төңкерістік әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып, одан әрі дамытуды, білім алып,
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық - саяси қызметі туралы ақпараттандыру
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы зұлмат жылдары елінің азаттығын аңсаған ұлт зиялыларына тоқталу, өз елін, жерін қорғайтын ұрпақ тәрбиелеу.
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Азаттық таңын аңсаған Алаш арыстары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Мұнайшы селосы, № 5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Нурсолтанова Ақмарал Алыбайқызы
Алаштың тағдырлы тұлғасы – Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев
Алаштың тағдырлы тұлғасы – Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев
Атырау қалалық Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектептің 9 сынып оқушысы Сапарова Әзиза Мұратқызы «Алаштың тағдырлы тұлғасы – Ғұбайдолла Есқалиұлы Бердиев» Жетекші: Б. Момышұлы атындағы №25 орта мектебінің жоғары санатты, тарих пәні мұғалімі Қуатова
“Алаш қайраткерлері мұраларындағы патриотизм тағылымы“ тақырыбы бойынша жасалған бағдарлама
“Алаш қайраткерлері мұраларындағы патриотизм тағылымы“ тақырыбы бойынша жасалған бағдарлама
Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Аралбай селосы, Жангелдин орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Бекенова Индира Қонысбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×