Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі

25 маусым 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі
Мақсаты: Отбасындағы әке мен ер азаматтың рөлің мәнін ұғындыру, әрбір тұлғаны тәрбиелеу туралы ой - пікірлермен бөлісу.
Түрі: дөңгелек үстел
Әдісі: ой қозғау, пікірталас

Сабақтың барысы:
I. Кіріспе бөлім
II. «Әке – шаңырақтың негізгі тірегі»
III. (әке туралы сөз, әкенің рөлі қандай?)
IV. Көрініс көрсету.
V. Ашық пікір тыңдау.
VI. Сергіту сәті.
VII. Ситуациялық жағдаяттарды шешу.
VIII. Қызықты сұрақтар.
IX. Қорытынды.

I. Кіріспе бөлім
Психолог: «Ана – сая болар бағың болса,
Әке - асқар тауың» дейді қазақта.
Бір күн бар, жылатар күн, жұбатар күн.
Бір күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлі ол шаңырақ сәтті болсын, сәтсіз болсын,
«Әке» деген сезімді ұмытар кім, - дей отырып,
сіздерге арналған: «Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі» атты дөңгелек үстелімізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.
«Жақсыдан жаман туады, бір аяқ асқа алғысыз.
Жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» дейді халқымыз, бүгінгі дөңгелек үстелімізде әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз.
Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Қазақ халқында «Бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.

II. Көрініс көрсету.
1. Көрініс.
Ертеде бір үлкен қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:
- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, - депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп, әкесі:
- «Балам анау не? – деп сұрапты.
- «Ол – түйе» - деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі жауабын қайталапты. Әке осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
- «Ол – түйе, түйе» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? - деп ренжіпті.
Сонда әкесі:
- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыр тірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
(Көріністен қандай ой түйгендері сұралады?)
1. Әке баласына неге ренжіді?
2. Баланың орнында сіз болсаңыз әкеңе қалай жауап берер едіңіз?

Психолог: Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір – шапағат көзі – әке. Әкенің бұл рөлі бала – шағаның әкеге, анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас - қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая биіктей береді. Әрине, ер азамат өзінің әкелік борышын ұмытпағанда, әсіресе әйелімен қабағы жарасып, тату, сүйіспеншілікте тұрғанда, оған деген көзқарасында халқымыздың ізгі дәстүрін, өнегелі өміршең салтын, діни жол – жосығымызды ескергенде ғана оның қадір - қасиеті, бүкіл отбасын, ауылды ағайын - туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек. Келесі көріністі тамашалайық.

2. Көрініс.
Әкесі жұмыстан келе сала «Жұмыс дегенің құрып кетсін! Жатып алып демалғанға жететін не бар екен, шыбын жанның рахатын іздеу керек, жұмысты тек ақымақтар ғана істесін» деп өзінен - өзі ызаланады. Осыны естіген 5 - сыныпта оқитын баласы да «Сабақ күннен - күнге қиындап барады, басты ауыртып керегі не, бәрібір түсінбеймін» деген сөзді жиі айтып, оқуға салқын қарай бастайды.

1. Әкеден қандай тәрбие күтуге болады?
Бұл отбасындағы баланың тәрбиесі қандай болмақ?
Отбасы - адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата - ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе»,- деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Келесі көріністі тамашалайық.

3. Көрініс.
Бір үйде төрт адам. Ата, бала, келін, немере. Кәрі кісі тәрелкені сындырып алады деп, келіні атасына тамақты темір табақпен береді. Бір күні шалдың немересі ағаш жоныпты. Әке – шешесі:
- Балам, не істеп отырсың? – деп сұрайды.
- Ертең сендер қартайып, атам сияқты болғанда тамақ ішетін ағаш астау жасап отырмын,- депті баласы.
«Әкесін сыйламағанды, баласы сыйламайды,- деген бар емес пе? Ата - анаға қатыгездік жасаған адам дүниедегі ең күнәсі көп, адамдық ардан безген жан болып саналады. Қазақ халқында ондай пенделер қатаң жазаға, қатты қарғысқа ұшыраған. Отырған әкелер, ер азаматтар өз міндетін қалай орындап жүр екен? Бірнеше сауалнама қойып, жауап қайтарады, тәрбие туралы ойларын ортаға салады.

III. Ашық пікір тыңдау.
IV. Сергіту сәті.
Қимыл қозғалыс арқылы жауап беру.
- «иә» десеңіздер - қолдарыңызды шапалақтаңыз;
- «жоқ» десеңіздер – аяқтарыңызды тарсылдатыңыздар;
1) Газет бетіндегі мақалалардан, теледидардағы бағдарламадан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап, қарап жүресіз бе?
2) Балаға тәрбие беру кезінде үйде ата - ана бірдей ықпал жасай ма?
3) Бала тәрбиелеу жауапкершілігі кімде деп ойлайсыз?
- егер «әке» десеңіздер, қолды алдымызға созамыз.
- егер «шеше» десеңіздер, жымиыңыз.
- егер «екеуі» десеңіздер, қолдарыңызды шапалақтаңыз.

V. Ситуациялық жағдаяттарды шешу.
Психолог: «Өмірге ұрпақ келтіріп, оны асырау арқылы әке өз міндетінің үштен бірін ғана үш міндетті орындауға қабілетті бола тұра кімде - кім оны орындамаса айыпты» деген екен педагог Жан Жак Руссо. Ендеше бүгінгі біздің дөңгелек үстелімізде отырған әкелер, ер азаматтар өз міндетін қалай орындап жүр екен? Сіздерге сауал.
1. «Баланың балалығын тыйдым дегенше, ер жеткендегі даналығын тыйдым деңіз» депті бір кемеңгер. Бұған пікіріңіз қандай?
2. 2. Ауылдағы балалардың ең ересегі сіздің ұлыңыз. Үлкендердің бірнеше рет ескерткенін қарамастан олар үй маңында доп ойнауды доғармады. Балаңыздың қатты тепкен добы ақыры көршіңіздің терезесін сындырды. Сіздің әрекетіңіз?
3. 3. «Әйеліңе балаң жоқ жерде ақыл айт, балаңа адам жоқ жерде ақыл айт» дейді. Сіз ақылды қалай айтасыз?
5 753
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Мен әкеммен мақтанамын
Мен әкеммен мақтанамын
Бала мен әке арасындағы тығыз, әрі ыстық байланысты орнықтыру. Отбасындағы әке орнын, рөлін көрсете отырып, халықтық тәрбие негіздеріне тоқталу, әкені пір тұтуға, ер азамат ұғымының мәнін ұғынуға тәрбиелеу.
Әкем және мен (спорттық сайыс)
Әкем және мен (спорттық сайыс)
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, №182 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Жаппасбаева Гаухар Нұрмұхамедқызы
Отбасы - алтын діңгек!
Отбасы - алтын діңгек!
Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ә.Молдағұлова атындағы №38 мектеп-лицейі география пәні мұғалімі Сағынғалиева Гүлжанат
Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі
Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі
Ермаханова Майра Утепбаевна Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы №6 орта мектебінде педагог - психолог
Ұяда не көрсең (шаңырақ сайысы)
Ұяда не көрсең (шаңырақ сайысы)
Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қарашілік ауылы, Қарашілік негізгі орта мектебі Орыс тілі пәні мұғалімі Сағымбаева Нургуль Туркестановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×