Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа жылдық ертегі

16 шілде 2019, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Жаңа жылдық ертегі
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл кешінде көңілді көңіл - күй сыйлау. Мерекенің қызықты өтуіне белсенділік таныту. Балалардың эстетикалық талғамын дамыту.
Барысы: Зал мерекеге сай безендірілген. Музыкамен балалар залға кіреді.
Көңілді музыкамен залға үш бала билеп кіреді.
1 - бала:
Уа, халайық жараңдар,
Айналаға қараңдар!
Жаңа жылдық бұл тойын,
Салтанатқа санаңдар
Қызық көріп, шат болып,
Шаттық күліп тараңдар,
2 - бала:
Уа, халайық құрметті,
Көмейіме жыр кеп тұр
Жаңа жылды қарсы алып,
Өткізейік дүрмекті
3 - бала:
Уа, халайық той бүгін
Бақыт, шаттық мол бүгін
Қарсы алайық Қой жылын
Ұзатып сап Жылқыны
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті бүлдіршіндер, ата - аналар! Біз сіздерді Жаңа 2015 жылы мен құттықтаймыз. Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.
Алғы сөз
Ән: «Қыс қызығы»
Тәрбиеші: Балалар естіп тұрсыңдар ма бір дыбыс естіледі!
(Есектің музыкасы )
Есек шығады шыршаны бір айналып шығады.
(Шректің музыкасы ойналады)
Шрек шығып шыршаны айналады.

Есек: Ой қандай керемет, әдемі!
Шрек:(Өте таңқалып) Массаған, Есек біз қайда келдік? (Жан жағына қарайды)
Есек: Түсінсем бұйырмасын? (Таң қалады)
Тәрбиеші: Ал мында сендер сонау жақтан қалай жеттіңдер?
Барлығы: Білмейміз!
Шрек: Біз өзі қандай жерге келдік, неге сонша көп әп - әдемі балалар жүр?
Тәрбиеші: Қане балалар мына ертегілер әлемінен келген қонақтарымызға өз өнерімізді көрсетейік
Тақпақтар:
Есек: Міне керемет демек біз жаңа жыл шыршасына келіппіз ғой! Достар онда көңілденіп бізбен бірге бір би билеп жіберейікші! (Би биленеді Барлық кейіпкерлер көңілді тұрады) (Биге музыка қажет)
Тәрбиеші: Ал биді күшті билейді екенсіңдер, тағы да қандай өнерлерің бар?
Шрек: Өнер деген бізде жетеді! Мысалы ойын ойнай аламыз! (Ойын ойнатады) (Қажетті атрибудтар екі сыпырғыш, екі шелек, қағаздан жасалған қар) (Қатысушылар екі командаға бөлінеді, әр команда бір бірлеп шелектен екінші шелекке сыпырғышқа отырып қар толтыру қажет, ойын эстафета түрінде өтеді, барлық қарды қай команда бірінші толтырып тасып бітірсе жеңімпаз атанады)
Шрек: Осындай Жаңа жыл мерекесіне Аяз ата мен Ақшақар келмей ме?
Тәрбиеші: Оныңыз дұрыс, бірақта олар тез жету үшін барлығымыз бірге аяз ата мен ақшақарымызды шақырайық!
Барлығы: Аяз ата ақшақар!
(Ақшақардың орнына майысып, Сиқыршы Фея шығады.)
Сиқыршы Фея: Естіп тұрмын қуыршақтарым, құлыншақтарым, ақшақар қыздарыңызды сағынып қалдыңдар ма?
Тәрбиеші: Қане балалар кім мынау келген бізге?
Сиқыршы фея: Кім кім? Ақшақар қыздарыңмын мен, мені өздерін шақырған жоқсыңдар ма?
Тәрбиеші: Балалар мынау шынымен ақшақар ма?
Балалар: Жоқ
Есек: Апа сіз ақшақарға ұқсамайсыз!
Сиқыршы Фея:
Неге ұқсамаймын, балалар айтыңдаршы мен нағыз ақшақар емеспін бе?
Балалар: Жоқ
Сиқыршы Фея:
Неге жоқ! Онда кіммін мен?
Шрек: Мынау Фионаны сиқырлаған Фея ғой, қайда менің Фионам(жағасынан алады )
Фея: Ия дәл өзі
Балалар: (хормен)
Сиқыршы Фея!!
Сиқыршы Фея: Сиқыр жасамасам барлық балалардың сыйлықтарын қалай тартып алам? Қап, танып қойдыңдар ма! Ия мен Феямын, дұрыс айтасыңдар, отырып отырып ішім пысты, құлағымды сендер жаққа түріп едім көңілді музыка ойнап тұр екен, содан шыдамай сендерге келдім.
Шрек: Қайда менің Фионам(жағасынан алады ) Қайда қамап қойдын, тауып бер.
Сиқыршы Фея: Менің шартымды орындасандар мен Фионаны сиқырлы сарайдан босатамын.
Есек: Айт шартынды қолымыздан келсе орындайық,
Сиқырлы фея: Ха - Ха - ха (қарқылдап күліп), мен мына ұл - қыздардын өнерін тамашалағым келіп тұр.
Тәрбиеші:
Ал жақсы орындайық
Ал өнерлі балаларым келіңдер Жаңа жылға арналған тақпақтарымызды айтайық
Тақпақтар:
Ән: «Жаңа жыл»
Би: «»
Шрек: Балалардын өнерін тамашалап жатырсын. Сиқырлы Фея енді уәденді орында менің Фионамды босат.
Сиқырлы Фея: Мәә Шрек менің айтқаныма сеніп қалдын ба, мен өтірікші екенімді ұмыттындар ма?
Мен босатпаймын Фионаны (айқайлап) Босатпаймын Фионаны Ханзада Артур менің ұлыма алып беремін!
Шрек:(ашуланып) Сиқыршы Фея сен не деп тұрсын, сенің қазір есіңді тандырамын.
Тәрбиеші: Тоқтандар! Шрек, Есек Бұл жаңа жыл ғой! Бізге Аяз ата көмек бере алады Ол сиқырлы таяқшасымен Феяны жөнге салады:
Бәріміз бірге Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық:

Барлығы шақырады.
Аяз ата мен Ақшақар кіреді, олармен бірге ескіі жыл жылқы да кіреді.
Аяз Ата: Сәлеметсіздер ме балалар! Сәлеметсіздер ме қонақтар! (Балалар амандасады).
Естіп жатырмын, естіп жатырмын,
Келе жатырмын, келе жатырмын
Жаңа жылдарыңмен,
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым, балғыным,
Өмір гүлім, шағыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың.
Жаңа жылдық ертегі. жүктеу
2 700
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жасыл шырша жанында
Жасыл шырша жанында
Балаларға жаңа жыл кешінде көңілді көңіл - күй сыйлау. Мерекенің қызықты өтуіне белсенділік таныту. Балалардың эстетикалық талғамын дамыту.
Жаңа жылдың әуендері сыңғырлайды
Жаңа жылдың әуендері сыңғырлайды
Балалардың қыс мезгілінің ерекшеліктері жайында білімдерін бекіту. Эстетикалық талғамын жетілдіру. Ертегілерге деген қызығушылығын ояту. Балалардың рухани мәдениетін қалыптастыру. Тез, шапшаң қимыл - қозғалысын тәрбиелеу.
Кел төрлет, Жаңа жыл!
Кел төрлет, Жаңа жыл!
Жаңа жыл туралы ұғым беріп, Жаңа жылды татулықпен, достықпен, бірлікпен өткізуге баулу. Жаңа жылды барлық бойларында бар өнерін ортаға салып, үйрету. Көңілді өткізу өз қолдарында екенін түсіндіру.
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Күлте қыздың сауық кешіне баруы (жаңа жылдық ертегі)
Құрметті ата - аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі Жаңа жыл мерекелеріңіз құтты болсын!
Жаңа Жыл 2019, қош келдің!
Жаңа Жыл 2019, қош келдің!
Айнала қоршап шыршаны, Шашылар шашу – жыр әні. Мынау әсем шыршаға, Қош келдіңіз, балалар.
Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл! (жаңа жылдық сценарий 2020 жыл)
Кел, Жаңа жыл, жаңа жыл! (жаңа жылдық сценарий 2020 жыл)
Міне достар, тағы да бір жылды артқа тастап жаңа жылға аяқ басып отырмыз. Бұл жыл жаман болған жоқ, біраз жетістіктерге бірге жеттік, жұмылып көтерген жүк жеңіл демекші сіз-біз болып сайтымызды қолымыздан келгенше дамыттық, бұл жерде сіздердің де
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×