Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіз елім - кең байтақ жерім

13 мам 2020, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Мақсаты: Тәуелсіздік тарихына шолу жасау. Оқушыларды елжандылыққа, Отансүйгіштікке баулу.

Жүргізуші: Қазақстан тәуелсіз азат елім,
Кең байтақ, қасиетті туған жерім.
Таңдай қағып бар әлем тамсанатын,
Құдіретіңнен айналдым асыл елім.

Армысыздар, қадірлі қауым! Тәуелсіздігіміздің 29 жылдық мерекесі құтты болсын! Осы мерекеге орай өткізіп отырған «Тәуелсіздік – тірегім» атты кешімізге қош келдіңіздер!

Әнұран орындалады.

Атыңнан айналайын қазақ деген,
Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың ерлігіңді сағың сынбай,
Көреріңді көрсең де азаппенен.

Қазақ халқының тарихында ел мен жер үшін, Отан үшін өліспей беріспеген күрестер аз болған жоқ.. Ұлан ғайыр жерімізге тұс - тұстан көз алартып, анталаған жаудан қазақ елінің қайсар батырлары найзаның ұшымен, білектің күшімен атамекенді азат етіп отырды.
Жоңғарлардың шапқыншылығы айрандай ұйып отырған қазақты тарыдай шашты.

Елімай әуені орындалады. Босып бара жатқан көшті сипаттайтын шағын қойылым көрсетіледі.

1 - оқушы: Қаратаудың басынан көш келеді,
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Ел - жұртыңнан айрылған жаман екен,
Екі көзден мөлдіреп жас келеді.
Қазақтың қайда жиын мерекесі?
Ел - ауыл, жердің кетті берекесі.
Ханзада, ханым болып өскен ұл - қыз,
Қай елдің болып кетті келекесі.

Жүргізуші: Қазақ халқының бастан кешкен қасіретін сөзбен айтып жеткізу өте қиын.
Алашты бір тудың астына біріктірген Абылай хан, қазақтың тура билері Төле, Әйтеке, Қазыбектердің, ержүрек батырлары Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырлардың аңсаған азаттығын алуды көксеген Алаш зиалылары «халық жауы»аталып, атылып кете барды.
Репрессия құрбандары жайлы слайдттар көрсетіледі.

2 - оқушы: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде т ұрғандарым,
Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым.

Жүргізуші: Қазақ халқы Ресейдің қол астында Одақтас он бес республикамен тізе қосып,
Отан үшін қасық қандары қалғанша Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасты. Сыр елінен майданға қатысқан ерлеріміздің жиырмасы «Кеңес Одағының батыры» атанды.

Ұлы Отан соғысын сипаттайтын, слайдттар көрсетіледі.

Ән - Майданға.

Жүргізуші: Тарихым жатыр тасымда,
Тіл қатып келер ғасырға.
Азаттық дейтін ұғымның,
Желтоқсан тұр басында.

Сахнаға желтоқсанның құрбандары Ербол, Ләззат, Қайрат шығады. Желтоқсан оқиғасын сипаттайтын бейнеүзік көрсетіледі.

Қайрат: Елбең, елбең жүгірген,
Ебелек отқа семірген.
Арғымақ мінген жаратып,
Ақ сауыт киген темірден.
Алатаудай бабалар!
Аруағыңмен жебей көр.
Күнәдан таза басым бар,
Жиырма бірде жасым бар,
Қасқалдақтай қаным бар,
Босторғайдай жаным бар
Алам десең, алыңдар!
Атам десең, атыңдар!

Ләззат: Айналайын атыңнан қазақ елім,
Жазықсыз жапа шеккен жаным менің.
Намыстан жаным күйді, жүрек жылап
Сен үшін шыбын жанды қиып бердім.

Ербол: Елімнің садағасы жаным менің,
Жігері от, намысшыл ұлың едім.
Желтоқсанның алауы жанды мұзда,
Мәңгі жасай берсін тек қазақ елім!

Ән - Желтоқсан желі.

Жүргізуші: Егемен ел болдық қаһарман ерлікпен,
Бағымыз жанады, бауырмал елдікпен.
Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары,
Мәңгілік жасаймыз бірлікпен, елдікпен.

1991 жылы 16 желтоқсанда сан ғасырлар бойы армандаған ұлы күнге жеттік. Өз туымызды биікке көтеріп, әнұранымызды әуелеттік. Ата заңымыздың аясында бейбіт күннің шапағатына бөлендік. Әлемге аз уақытта танылған жасампаз бейбітшілік пен келісімнің қаласы Астанамыз мақтанышымызға айналды. Өз шекарамызды еншілеп, шет елдермен байланыс орнаттық.. Алпауыт елдердей ел экономикасы қарыштап дамып келеді.

Ән - Қазақтай ел қайда?

Жүргізуші: Құтты болсын мерейтойым мерейлі,
Бейбіт күннің нұры мәңгі сөнбейді.
Байрағымыз желбірейді биікте,
Мен қазақпын, қазақ атым өлмейді.
Егеменмін, тәуелсізбін, еркінмін,
Өсе берсін ұландары елімнің.
Қазақстан қарыштай бер гүлденіп,
Атамекен қастер тұтар киелім.

Ән - Атамекен.

 Елдігіміз бен бірлігімізді, ынтымақ пен татулығымызды айқындайтын егемендігіміз мәңгілік, тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай! Тәуелсіздігіміз баянды болсын!
20 249
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тәуелсіздік - тұғырым
Тәуелсіздік - тұғырым
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
"Тәуелсіздіктің арайлы таңы"
"Тәуелсіздіктің арайлы таңы"
Мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің
Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
Тәрбие сағатының тақырыбы: Өрлей бер өркениетке, өсер елім!
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Тәуелсіздік - тәу етер тұғырым (әдеби кеш)
Ақтөбе қаласы, №33 қазақ орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Бисенбай Ақмарал Жексенбайқызы
Тәуелсіздік – тірегіміз
Тәуелсіздік – тірегіміз
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Түймекент орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекманова Бибіхан
Тәуелсіздік жырлары
Тәуелсіздік жырлары
Еліміздің тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерімізбен таныстыру, білімдерін кеңейту Отанды сүюге, байлығын қорғауға, болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін түсіндіру.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×