«Мектебім – мейірімділік мекені» тәрбие сағаты

Сынып: 5
«Мектебім – мейірімділік мекені» атты сынып сағаты өткізілді. Сабақ сайыс түрінде жоспарланып әртүрлі әдіс - тәсілдер арқасында жүзеге асырылды. Балалар шеңберде дөңгелене тұрып бір - бірінін бет - жүздерін аңық көріп, жылы тілектерін айтты. Түрлі – түстер қағаздарға бейнеленген күннің көзін тандау арқылы оқушылар топқа бөлінді. Күндерде: жылы лебіз білдіру, сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық сөздер жазылады. Осы сөздерді естігенде ойларыңа не келеді, бір сөзбен қалай алмастырып айтуға болады деген тапсырманы орындап сабақ тақырыбы анықталды. Мейірімділік сөзінің мағынасын постер, диаграмма, сурет салу арқылы әр топ өз жобаларын қорғады. Жұмысымыз мәтінді аяқтау, әнгіме тындап сұрактарға жауп беру сияқты түрлерімен жалғасты. Жүректің дөңгелек ортасы беріледі. Күннің шуағын өздері жапсырып, шуағына көршісіне арнап тілек жазумен тәрбие сағатымыз аяқталды. Жазған тілектерін достарына береді.
Мақсаты: Баланың бойына рухани - адамгершілік қасиеттерді ұялату, жақсы - жаманды ажырата білуге, адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бір - бірімен қарым - қатынастарын жақсарту, оларды адамгершілікке, имандылыққа. шыншылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: шығармашылық қиялын, ой - өрісін, есте сақтау, жүйелі ойлауын дамыта отырып, танымдық қабілеттерін жетілдіру.
Сабақтың көрнекілігі: Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі, доп, түрлі - түсті жүрекшелер, стикер, ұлағатты сөздер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Алдымен тәрбиеленушілерге өздеріне ұнаған түстерін таңдауын сұраймын (мен үш топқа бес баладан бөлдім: сары, жасыл, қызыл пішіндер) Сол түстер бойынша топқа бөлінеді. Қызыл түс - қамқорлық тобы, сары түс - мейірімділік тобы, жасыл түс – кішіпейілділік тобы.
Ой шақыру Ұстаз сөзі: Балалар, бүгінгі тақырыпты айтпас бұрын, мен сіздерге мына слайд шоуды мән беріп қарауды сұраймын. Содан кейін өздерің тақырыпты табатын боласыздар. (жай музыка жүріп тұрады, слайд көрсетіледі) Ал, бүгінгі тәрбие сағатымыздың негізгі тақырыбы не болмақ, қалай ойлайсыздар? (балалардың жауаптары тыңдалады) Дұрыс айттыңдар, бүгін біздер мейірімділік туралы сөз қозғаймыз. Жақсылық пен жамандық адамның іс - әрекеті арқылы өлшенеді. Халқымыз «жақсылық» деген ұғымды
адамгершілікке балаған. Адамгершілігі молмейірімді, қайырымды адамды «жақсы адам» деген. Ендеше жақсылық пен жамандық туралы ойланып көрейік. Оқушыларға сұрақ қойылады:
- Жақсылық, жамандық деген ұғымдарды қалай түсінесіздер?
-Жақсы болу, жақсылық жасауды қалай үйренуге болады?
- Жақсы сөз айту, жақсылыққа жата ма?
- Жақсылық жасау адам жасына байланысты ма?
- Жақсы адамның бойында қандай қасиеттер болады?
ІІ. Шеңбер айналасында жылы лебіздерін білдіруді ұсынамын. Балалар, бәріміз ортаға шығып, шаттық шеңберін» құрайық. Әрбіріміз қасымызда тұрған досымыздың жақсы қасиеттерін ізгі, жылы сөздермен, жылы жүрегімізбен, күлімдеген көзімізбен, жымиған езуімізбен жеткізейік.- Сен нағыз доссың, ең әдемі қызсың, мейірімдісің өте ұқыптысың, еңбекқорсың және т. б.- Жарайсыңдар балалар! Әрбіреуің достарыңа деген жылы лебіздеріңді естіп, қатты қуанып тұрмын.
«Болады - болмайды»
(оқушылар шеңберге тұрады, мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушыларқолдарын 2 рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда аяқтарымен тарсылдатады)
- Мейірімді болуға …. (болады), Кешірімді болуға (болады),
Қатыгез болуға …. (болмайды), Тәртіпті болуға …. (болады),
Әдепті болуға …. (болады), Ұрысқақ болуға…. (болмайды),
Сыпайы болуға …. (болады), Қайырымды болуға …. (болады),
Бұзық болуға …. (болмайды), Бауырмал болуға …. (болады),
Ақылды болуға ….. (болады), Мақтаншақ болуға …. (болмайды),
Шыншыл болуға …. (болады), Арам болуға …. (болмайды),
Маман болуға …. (болады), Жаман болуға …. (болмайды),
Айтпақшы, Жаман болуға ….! (болмайды).
ІІІ. Тыныштық сәті (баяу музыка Секен Тұрысбековтың «Көңіл толқыны») Көзімізді жұмып, біраз демалып, жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әлемге саяхат жасаймыз. Бұл әлемнің ауасы таза, жұпар иісті. Бәріміз де сол әлемге қарай қадам басайық! Біздің жанымызда достарымыз, олардың жанында біз өзімізді еркін сезінеміз. Мейірімділік, сүйіспеншілік ізгілік нұры бізге қонып, жан дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір - біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді. Қайтатын уақыт та келді. Осы әлеммен қоштаса отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді аша қойыңдар.
IV «Құпиялы қасиет» ойыны. (Барлық балалар бір шеңберге тұра қалады да, қолдарын алдына қарай, алақандарын бір біріне тигізіп, созады. Мұғалім қолында, мейірімділікқасиетін білдіретін белгі ретінде, тиын ұстап тұрады. Мұғалім екі алақандарының арасындағы тиынды балалардың алақандарына салғандай тигізедіде, былай дейді: Сезім «өте мейірімді». Сонан кейін Арай алақанын ашады да, тиын бар ма, жоқ па, көрсетеді. Балаларға тиынның кімде екенін табуғаүш рет мүмкіндік беріледі.
V «Мейірімділік нұры» жаттығуы. Қазір мен тақтаға мейірімділік шапағын ілемін. Бұл шапақтан жанжаққа шуақшашылуы керек. Ол үшін алдарыңдағы стикерге мейірімділікке байланысты сөздер жазып, шуаққа нұр таратамыз, яғни мейірімділік нұрыншашамыз. Жүргізуші. - үш - ақ нәрсе - адамның қасиеті. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. Біреуінің күні жоқ, біреуінсіз. Ғылым сол үшеуініңжолын білмек. Қорытындылау.« Жүректен жүрекке» жаттығуы. Алдарыңда түрлітүсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды соныалайық. Әр жүректің артында адамның бойындағы жақсы қасиеттерді оқыңдар. Қызыл - адамгершілік. Сары - адалдық. Қызғылт - мейірімділік. Көгілдір - сүйіспеншілік. Жасыл - әдептілік. Көк - ізеттілік. Ақ - қайырымдылық. Ендіше, осы қасиеттер сендердің бойларыңнан табыла берсін демекпін.
VI. Енді біраз бой сергіту мақсатында мынандай ойын ойнайық. Алдымен мен сендерге бір сұрақ қоямын, сол сұрақтың жауабын іздеп көресіздер. («Аралас, қатып қозғалма, топтас» әдісі бойынша өткізіледі. Оқушылар қолдарына қалам мен қағаздарын алып шығады да бір минут ішінде мәлімет жазып алу керек) Сұрақ: Мейірімді адам деген қандай адам?
Ұстаз «Аралас» дегенде оқушылар бөлме ішінде арлы берлі жүріп, араласып «Мейірімді адам деген кім, және біздің балалар үйінде кімді ең мейірімді, ең қайырымды адам деп ойлайсыңдар?» деген сұрақтарға жауап алып, қағаздарына жауаптарын жазады. «Қатып, қозғалма» дегенде орнында тұрып қалады. Ұстаз оқушылардың жауабын жинап алады. Жазылған жауаптар сабаққа қатысып отырған үлкендерге тапсырылады. Жауаптағы ең мейірімді, ең қайырымды деп табылған адамның есімі сабақтың соңына дейін жасырын болады. «Топтас» дегенде өз топтарына отырады.
VII. Ұстаз: Сабақтың қорытындылай келе «Жүректен жүрекке» деген ниетпен мынандай кішкентай жүрекшелерге өз тілектеріңді қалаған адамдарыңа жазып тапсыруларыңды сұраймын. Сонымен балалар бүгінгі сабақтан не білдік? Не туралы, қандай адами құндылықтар, қасиеттер туралы білім алдық?
Сабағымыздың басында сендерге «Ең мейірімді, ең қайырымды адамды табу тапсырылған болатын. Сол тапсырманың қорытындысы бойынша «Алтын жүрек» иесін анықтасақ деймін. Ол үшін сендердің жауаптарыңды қорытындылаған адамдарға сөз берейік.(«Алтын жүрек» иесін алтын жүрекшемен марапаттау)

Жаңалықтар
Көркем - сурет балалар мектебіндегі «Өнерлі жас» тобының 2019 - 2020 оқу жылының тәрбие жоспары

Мейірімділік – асыл қасиет
Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы, Байқоңыр ауылы, «№17 Байқоңыр орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі Абдибекова Айгуль Жанкараевна
Мейірімділік әлеміне саяхат
Әулиекөл ауданы, «Айгөлек»балабақшасы МКҚК тәрбиешісі Нашен Гүлмира Сагантаевна
Мейірімділік шуағы
Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласы, «№14 орта мектебі»КММ бастауыш сынып мұғалімі: Құрманбекова Меруерт Дәулетбекқызы
Бастауыш сынып сабақ топтамасы
Бастауыш сынып сабақтар топтамасы назарларыңызға ұсынып отырмыз. Сәттілік тілейміз.
Жетімді жебеп, қолдаған жан
«Бөбек» республикалық балалар қайырымдылық қорының президенті Назарбаева Сара Алпысқызы туралы мағлұмат беру
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.