Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мектебім мейірім мекенім!

27 тамыз 2024, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сәлемдесу. “Амандасу” тренингі
Оқушылар дөңгелене отырады. Барлығы тақтаға қарайды. Егер тақтада күлкі бейнеленсе, онда бір - бірімізге күлімсірей қараймыз, қол бейнеленсе - қолымызды қысып амандасамыз, күн бейнеленсе - жақсы ықыласпен сәлемдесеміз, жүрек бейнеленсе – құшақтасамыз.
«Болжам жаса»
1 - ші бұлттың тапсырмасы: Мәтінмен жұмыс
«Қайырымды бала» мәтінін оқып, талдау.
Мирас мектептен үйіне келіп әкесіне сабағын тыңдатты. Баласының сабағын білгеніне әкесі риза болып балмұздақ сатып алуға ақша берді. Баласы әкесінің берген ақшасына бірдеңе сатып алу үшін дүкенге жүгіре жөнелді. Жолдан автобусқа төлейтін ақшасын жоғалтып алып, жылап тұрған баланы көрді. Оның жылағаннан екі беті албырап, беті – қолы тоңып кеткенін байқады. Қолындағы ақшасын балаға беріп, үйіне тез қайтып кетуін айтты. Бала қуанып автобусқа мініп кетті. Айдос бұрылып үйіне қайтты..
Мирас қайдан келді?
Әкесі неге қуанды?
Мирасқа әкесі не берді? Не үшін?
Мирас кімді көрді?
Ол не істеді?
Мирас қандай бала? Оның бойынан қандай жақсы қасиетті байқадың?
Мәтінге қандай тақырып қойсақ болады?
Мәтін мазмұнын бір сөзбен түйінде...
«Болады! Болмайды!» ойыны
Ережесі: Егер оқушының бойында болуы керек қасиет болса «Болады!», ал қажет емес қасиет болмайды «Болмайды!» деп айтады.
• Мейірімді болуға...
• Қатыгез болуға...
• Әдепті болуға...
• Сыпайы болуға...
• Бұзық болуға...
• Ақылды болуға...
• Шыншыл болуға...
• Кешірімді болуға...
• Тәртіпті болуға...
• Ұрысқақ болуға...
• Қайырымды болуға...
• Бауырмал болуға...
• Мақтаншақ болуға...
• Арам болуға....

Сабақтың толық нұсқасын жүктеу​​​
1 118
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әке мен бала Ыбырай Алтынсарин
Әке мен бала Ыбырай Алтынсарин
Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: — Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.
Жүрек жылуы
Жүрек жылуы
Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейірімі – шапағаты - әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы.
Балмұздақ. Ермек Өтетілеуұлы
Балмұздақ. Ермек Өтетілеуұлы
Біреудің затын алуға, зиянды әрекеттерден аулақ болуға, өтірік айтпауға тәрбиелеу
6 саны мен цифры
6 саны мен цифры
Балаларды 6 саны мен цифрымен таныстыру. 6 санының құрамын ойындар арқылы түсіндіру. Ойлау, есте сақтау, көру, есту қабілеттерін дамыту. Шаттық шеңбері.
Жүректен жылу таратқан
Жүректен жылу таратқан
Рухтың мекені – адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар - ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық адамшылық осы жүректен туындайды. Рухтың табиғаты материалдық зат емес, оның табиғаты – асыл нұр.
Табиғаттан нәр алып
Табиғаттан нәр алып
Индер ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің өзін - өзі тану пәні мұғалімі Смаилова Гульнар Койбагаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×