Ал, қанеки, өнерлі қыздар!
Тақырыбы: Ал, қанеки, өнерлі қыздар!
Мақсаты: а) Білімділік: Қыз балалардың пәндік және салт-дәстүрге байланысты білімдерін тексеру, толықтыру
ә) Дамытушылық: Қыз балалардың бойындағы қабілеті мен дарынын танып білу, жан-жақты екенін көрсетуге мүмкіндік жасау.
б) Тәрбиелік: Өнерге деген құштарлығын арттыру, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Мәдени өресі зор азаматшалар болуына ықпал жасау.
Түрі: Сайыс
Көрнекілігі: Слайдтар. Тәрбие, білім, өнер жайлы нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сайыстың барысы:
1. Ашылуы
2. Бағдарламамен таныстыру
3. Әділқазылар алқасын сайлау
4. Сайыс
5. Қорытынды бөлім
Ашылуы:
Мұғалім:
- Қайырлы күн, қадірлі қонақтар! Сіздерді алда келе жатқан 8 наурыз Халықаралық аналар және қыздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге денсаулық, бақыт, қуаныш тілей отырып, 7-сыныптың қыздары арасында өткелі отырған «Ал, кәнеки, өнерлі қыздар!» сайысын тамашалауға шақырамыз.
Сырдың елі өнерліге кенде емес,
Өр тұлғалар сараланған сан жетпес.
Өнер қуған мына жастар сайыста,
Бәйге алған екіталай болса егес.
Арулардың бал бұлағын көл етер,
Сол үшін де сел нөсерін селдетер.
Сусындатып білім атты бұлақтан,
Ұлы өнерге табынатын пенде етер.- деп бүгінгі сайыста өз бағын сынап көретін аруларды қошеметпен ортаға шақырайық.
Бағдарламамен таныстыру
1. Таныстыру
2. Өз өнерін көрсету (ән немесе би)
3. Білгенге маржан (Сұрақ-жауап)
4. Ою-өрнек қиып, үйлестіріп жапсыру
5. Түйме қадау
6. Сән үлгісі
7. Салат дайындау
Әділқазылар алқасын сайлап алу
Сайыстың барысы:
1. Таныстыру
Сайысқа түсетін арулар өздерін өлең шумақтарымен және видеоролик арқылы таныстыруға болады. Арулардың өзін ұстауы, сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы барлығы бағаланады.
2. Өз өнерін көрсету
Кел биле, кел биле, бал дәурен,
Бағында базарлы өмірдің.
Көктемдей құлпырып жас дәурен,
Шалқытсын күйлерін көңілдің.
Сайыскерлер ән айтып немесе би билеп өз өнерлерін көрсетеді.
3. Білгенге маржан (сұрақ-жауап)
«Біреу білмегенді біреу білер» дегендей дәстүрге байланысты сұрақтарға кезек берейік.
1. Қазақтың салт-дәстүрлерін ата?
2. Төрт түлікті ата?
3. Киіз үйдің сүйектерін атап бер және ол қандай ағаштан жасалады?
4. Беташар деген не?
5. «Сыбаға» дегенді қалай түсінесің?
6. «Қызға қырық үйден тыйым» дегенді қалай түсінесің?
7. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата және сен қай тағамды дәмді әзірлейсің?
8. «Ерулік» деген сөзді қалай түсінесің?
4. Ою-өрнек қиып, үйлестіріп жапсыру
Шеберлерім өнер тамып қолынан,
Жаңылмаған ата-баба жолынан.
Шебер қыздар өз өнерін көрсетсін,
Біз айтайық төрелігін соңынан.
Сайыскерлер ою ойып оны параққа үйлестіріп желімдеу керек.
5. Түйме қадау
Түймем түсіп қалғанда,
Жалынбаймын жалғанда.
Ине, жіпті аламын,
Орнына әкеп тағамын-деп ендігі сайыс түрі түйме қадау.
6. Сән үлгісі
«Адам көркі-шүберек,
Ағаш көркі – жапырақ» демекші енді қыздарымыз шаш әсемдеп, соған сай киім үлгісін көрсетеді. Бірге тамашалайық.
7. Салат жасау
Ойлы қызы халқымның,
Отаным деп туады.
Бос жібермей әр күнін
Ана жолын қуады-деп келесі кезекте қыздарымыздың аналарынан үйренген салат түрлерін жасауына көңіл бөлейік.
Қорытынды
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар жарысқанда,
Әрдайым бір-біріңнен қалыс қалма.
Береді әділқазы әділ баға
Құлақ салып тыңдап тұр алыстама.
Әділқазы алқасы өз бағасын беріп, сайыскерлерге әр түрлі номинациялар беріп, марапаттайды.

Жаңалықтар
Талантыңмен таныл
Құрметті қонақтар, ата - аналар! Бүгін, көктем мерекесін өздеріңізбен бірге өнер мерекесі ретінде өткізгелі отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсы, қымбатты апайлар, аналар, қыздар!
Ал, қәне, қыздар
Оқушылардың танымдық, шығармашылық, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерге деген қызығушылығын арттыру, өнерге баулу.
"Қыз өссе - елдің көркі" ашық тәрбие сағаты
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Дусипова Бақыт Рысқұлқызы
Қыз өссе-елдің көркі
Бастауыш сынып мұғалімі Маденова Эльмира Кайратовна Тақырыбы: «Қыз өссе - елдің көркі» Мақсаты: а) Қыздарымызды сайыстыра отырып өнерлерін арттыру. Ізденушілік қабілеттерін, ой - өрісін, қызығушылықтарын арттыру.
Кішкентай ару - 2013 (Тәрбиелік шара)
Атырау облысы, Исатай ауданы, Зинеден селосы, Ю. Гагарин атындағы орта мектеп МАД сыныбының тәрбиешісі Құрмашева Нұргүл Мұхамбетқалиқызы
Балғын ару - 2013
Балқаш қаласы, №15 жалпы білім беретін орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Толеуова Манира Мухаметкалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.