Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әкем, шешем және мен

13 ақпан 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Әкем, шешем және мен» (көңілді сайыс)
Мақсаты: а) Балалардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру.
ә) Күш - қуат пен секіргіштікті дамыту.
б) Балаларды достық пен ұйымшылдыққа және инабаттылыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті балалар, ата - аналар қонақтар! Бүгін бізде үлкен мереке. Біздің балаларымыздың ата - аналары арасында спорттық жарыс өтпекші. Олардың бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде жылдам, епті, ұйымшыл және көңілді екендіктерін көру қандай қуаныш. Біз мұндай отбасылығына сәт сапар тілейміз!
Сайысқа қатынасатын ата - аналар келіп реттік нөмірлерін таңдап алуы сұралады.
Алдымен сайыс шарттарымен таныстырып өтейін.
1. Сайысқа қатысушылармен жеке - жеке таныстыру.
2. Құрсауды бір - біріне беріп, соңғы сайыскер беліне құрсауды киеді.
3. «Кім жылдам?» ойыны.
4. Қаппен секіру. (баласы бір аяқпен секіреді)
5. Допты шеңберге лақтыру.
6. Асық тау.
7. Арқан тарту ойыны.
Алғашқы сайысқа _________ мен ______ отбасы жарысқа түседі.
Өздерін таныстыру.
____________отбасы.
Біз ананың қуанышымыз.
Бала кезден шыныққан.
Болашақта есейіп,
Біз жеңімпаз боламыз

_______________ отбасы.
Қатар өскен құрдасқа,
Жарыс ұнап тұрмас па
Қуып жету жақсы ғой,
Озып шығу бір басқа.
2 - сайыс.
___________ отбасы.
Қане, қане жарысуды,
Айналдыайық әдетке,
Денемізді шынықтыру.
Денсаулыққа қажет те.

__________________отбасы.
Қане, босқа арап тұрмайық,
Қажырланып, намысты қолдан бермей,
Балалар бірге осылай күш қосып,
Бүгін бізде бағымызды сынайық.

ІІ. Ойынның шарты
Екі отбасының мүшелері бір - біріне 2 метр қашықтықта қарама - қарсы тұрады. Мәреде әр отбасының топ жанында 10 құрсаудан қойылған. Белгі берісімен 2 отбасының топ басшысы құрсауды тез - тез беріп тұрады, ал ең соңында сайыскер құрсауды беліне кигізеді.
Қай жақтағы отбасы тез және уақытында киіп үлгерсе, сол жетеді.
Жүргізуші: Өнерсіздік зор айып,
Ән мен күйге басайық.
Арасында тағы бір,
ән мен шашу шашайық.
Ән шашу.

ІІІ. «Кім жылдам?» ойыны.
Ойынның шарты.
Екі отбасының алдында төрт құрсау қатар қойылған, топ басының қолында көкөніс салынған. 4 себет. Сол топтағы сайыскерлер көкөністерді жолда жинап алуы керек. Қай топ ұқыпты отырғызып, тез жинап шықса, сол отбасы жеңген болып есептеледі.

ІV. «Қаппен секіру» ойыны.
Ойынның шарты.
Жарысатын екі топты сайыскері мәреге келіп тұрады. Бірінші адамның аяғында қап, ол қаппен секіріп сөреге дейін барып қайтып, екінші сайыскерге береді. Ал, балалары болса бір аяқпен секіріп қайтады. Қай отбасы уақытында келсе, сол жеңімпаз болады.
Әділқазылар алқасы бағалап, ұпай сандарын жазып отырады.
«Би»

IV. «Допты шеңберге» лақтыру.
Ойынның шарты.
Әр отбасындағы сайыскерлердің епті мерген екендіктерін анықтау. Отбасылардың алдында 2 метр қашықтықта биіктігі 1, 5 м - дей темір құрсау тұрады. Міне, осы құрсауға допты дәл лақтыру керек. Әрбір отбасының сайыскерлері допты 2 реттен лақтырады. Кім шеңберге дәл лақтырса, сол көп ұпай жинайды.

VI. «Асық ату».
Ойынның шарты.
Белгілі мәреде шеңбер ішінде асықтар қойылған. Қай отбасының сайыскері асықты құлатып, шеңберден шығарса, сол топ көп ұпай жинап, жеңіп ығады.
Жүргізуші: Қошеметтеп жеңіп шыққан отбасын,
Қол соғайық жеңісімен құттықтап.
Жастық әнің шалқыта
Енді міне, көшейік айтысқа.
Ал қадірлі халайық,
Зердемізді салайық
Белімізді буып алып, бекініп.
Күшімізді сынайық.

VII. «Арқан тарту» ойыны.
Ойынның шарты бойынша екі топтың сайыскерлері арқанның бойымен ұста, бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Белгі берісімен екі отбасы арқанды өзіне қарай бар күштерін сала тартады. Бұл жерде күш сыналады. Егер топ сайыскерлері сызықтан шығып кетсе, сол отбасы жеңіледі.
Ендігі сөзді әділ қазылар алқасына береміз.
Жеңімпаздарды марапаттау. Осымен сайысымыз аяқталды.
9 687
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық сайыс
«Әкем, анам және мен» отбасылық спорттық сайыс
Мақсаты: Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру.
Әкем, анам және мен, отбасылық эстафеталық сайыс.
Әкем, анам және мен, отбасылық эстафеталық сайыс.
Таза ауада спорттық сайыс жарысын ұйымдастыру арқылы ата - аналарды балабақша өміріне араластыру.
Көңілді старт
Көңілді старт
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Нұржан Наушабаев атындағы Затобол орта мектебі Бастауыш сынып мұғалімі Жусупбекова Роза Қылышбайқызы
Шынықсаң шымыр боласың
Шынықсаң шымыр боласың
Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ ауылы, М. Әуезов атындағы орта мектептің бастауыш мұғалімі Акманова Алия
"Дарабоз" спорттық сайыс
"Дарабоз" спорттық сайыс
Тақырыбы: «Дарабоз» спорттық сайыс
Әкем, шешем және мен (топтар сайысы)
Әкем, шешем және мен (топтар сайысы)
БҚО, Тасқала ауданы, «Ақбөпе» балабақшасы тәрбиешісі Айшуакова Райса Адиловна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×