Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Рәміздер - ел беделі!

25 ақпан 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Рәміздер – ел беделі!

Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік. Оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы ақпарат беру, оларды ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету.
2. Дамытушылық. Оқушылардың өз бетінше іздену, ойлау қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелік. Өз отанына, оның рәміздеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру

Сабақтың түрі: Сайыс сабағы
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бейнеленген суреттер, бүктеме, Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік карталары, мультимедиялық проэктор, қабырға газеті және т. б

Сабақтың барысы:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні орындалады
Жүргізуші(сынып жетекшісі): Армысыздар құрметті оқушылар және сабағымыздың қонақтары!
Тәуелсіз Қазақстан Республикасы – Еуразия материгінің орталық бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 2724. 9 мың км2. Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша 9 - орынды иеленеді.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда жариялағаны белгілі. Кез келген мемлекеттің басқалардан ерекшелеп тұратын нышандары болады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 9 - бабында « Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні»- делінген. Сондай - ақ осы заңның 34 - бап, 2 - тармағында « Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген. Еліміздің Туы, Елтаңбасы, Гимні 1992 жылы Жоғарғы Кеңестің сессиясының шешімімен бекітілген. Биылғы 2012 жылы жас мемлекетіміздің рәміздеріне 20 жыл толып отыр. Олай болса бүгінгі біздің оқушылардың өткізгелі отырған « Рәміздер – ел беделі!» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер.

І - кезең Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырып өтеді. Сайыстың бұл кезеңі бес ұпаймен бағаланады.
Жүргізуші: Енді оқушылардың рәміздер туралы білімдерін көрсететін «Кім тапқыр?» кезеңіне кезек берейік.
Талапты бала
Талпынған құстай.
Құмары қанбас
Аспанға ұшпай.
Сайыстың «Кім тапқыр?» кезеңі бойынша оқушыларға сұрақтар беріледі. Әрбір дұрыс жауап бір ұпаймен бағаланады.
І топтың сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады.
Ту, Елтаңба, Гимн
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туында қандай түстер кездеседі.
Көк, сары
3. Қазақстан Республикасының Гимні неше рет ауысты.
Екі рет
4. Мемлекеттік Елтаңбада кездесетін аспан денесі
Жұлдыз
5. Мемлекеттік Тудың ұзындығы мен енінің қатынасы қандай
2: 1

ІІ топтың сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері қабылданған жыл
1992 жыл
2. Мемлекеттік рәміздер күні
4 маусым
3. Мемлекеттік Туда бейнеленген, еркіндікті білдіретін құс
Қыран бүркіт
4. Мемлекеттік Елтаңбада бейнеленген жануар
Қанатты пырақ
5. Қазақстан Республикасының жаңа Гимні алғаш рет қандай жиында орындалды
Ел президенттін ұлықтау рәсімінде

Жүргізуші: Сәнді айшығы, бедері,
Рәміздер – ел беделі!
Бойға таққан тұмардай,
Қастерлеймін мен оны!
Сайысымыздың келесі кезеңі «Ойлан тап!» деп аталады. Бұл кезеңде «Авторлар», «Ұғымдар»,

«Спортшылар», «Мемлекет» деп аталатын төрт категория берілген. Әр категорияның сол жағында 10, 20, 30, 40 деген ұпай сандары көрсетілген ұяшықтар орналасқан. Әрбір ұяшықта сол категорияға байланысты сұрақтар жасырылған. Оқушылар кезекпен категорияны және ұпай көрсетілген ұяшықты таңдайды. Дұрыс жауап берген жағдайда ұяшықта көрсетілген ұпай санын иеленеді.
«Авторлар» категориясының сұрақтары:
1. Мемлекеттік Тудың авторы кім? (Шәкен Ниязбеков)
2. Мемлекеттік Елтаңбаның авторларын атаңдар (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
3. Мемлекеттік Гимннің әнін жазған әйгілі композитор кім? (Шәмші Қалдаяқов)
4. Мемлекеттік Гимннің сөзінің авторларын атаңдар (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)

«Ұғымдар» категориясының сұрақтары:
1. Мемлекеттік Тудағы көк түс қандай мағына білдіреді?( Көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi)

2. Мемлекеттік Туда бейнеленген күннің, қыран құстың мағынасын түсіндіріңдер? (Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп - өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi. Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi. Ұлан - байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР - ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан - дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.)

3. Мемлекетік Елтаңбадан орын тапқан Шаңырақтың мағынасын түсіндіріңдер?( Шаңырақ — мемлекеттiң түп - негiзi — отбасының бейнесi. Шаңырақ — Күн шеңберi. Айналған Күн шеңберiнiң қозғалыстағы суретi iспеттi, Шаңырақ — киiз үйдiң күмбезi көшпелi түркiлер үшiн үйдiң, ошақтың, отбасының бейнесi)

4. Мемлекеттік елтаңбада бейнелеген қанатты пырақ қандай мағына білдіреді?( Қанатты тұлпар — қазақ поэзиясындағы кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа құштарлықтың кейпi. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңiстiктi бiрiктiредi. Ол өлмес өмiрдiң бейнесi.)

«Спортшылар» категориясының сұрақтары:
1. Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы кім?(Жақсылық Үшкемпіров)
2. Лонданда өткен ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарында бірінші болып Қазақстанның Туын желбіретіп, Гимнін асқақтатқан спортшы?( Александр Винакуров)
3. Олимпиада ойындарының ауыр атлетикадан екі дүркін чемпионы атанған спортшыны атаңдар (Илья Ильин)
4. Әйгілі отандастары Василий Жиров пен Бахтияр Артаевтың жетістігін қайталап Олимпиадалық ойындарда бокстан алтын медальмен бірге «Баркер» кубогін иеленген қазақ спортшысы кім? (Серік Сапиев)

«Мемлекет» категориясының сұрақтары:
1. Қазақстан тәуелсіздігін бірінші болып таныған мемлекет (Түркия)
2. Осы мемлекетте өткен Олимпиада ойындары Қазақстанға 7 бірдей чемпионды және 5 олимпиада жүлдегерлерін сыйлады. Бұл қай мемлекет? (Англия)
3. 2011 жылы қандай айтулы мереке тойланды? (Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы)
4. Қазақстанның солтүстігінде орналасқан мемлекет? (Ресей)

Жүргізуші: Онда қуат, жалын бар,
Жалыннан от жалындар!
Рәміздерден
Елімнің,
Бет - бейнесі танылар!
Сайыстың ІҮ кезеңі «Кім жылдам? деп аталады. Бұл кезеңде оқeшылар қысқа уақыт аралығында облыстар шекараларымен бөлінген Қазақстан картасын тез арада жинауы керек. (5ұпай беріледі).

Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңі «Ойлы болсаң озып көр» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар отан жайлы мақал - мәтелдер, рәміздер туралы өлеңдер айтып жарысады.
Сайыстың қорытындылау жеңімпаздарды марапаттау.
Сәлем хаттай ол маған,
Болашаққа жолданған...
Рәміздері елімнің
Ата заңмен қорғалған...
«Көк Тудың желбірегені» әні орындалады
45 847
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екендігін, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін, оларды жасаған авторлардың халық үшін көп еңбек сіңіргенін ашып көрсету, Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білу.
Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбарлы
Қазақстан туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбарлы
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №2 Аманқарағай орта мектебі» ММ Дайындаған мектеп кітапханашысы: Бесенова Алтын Аубакировна
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар. Олардың сипаттамасы және ресми пайдаланылу тәртібі конституциялық заңмен белгіленеді.
Мемлекеттік рәміздер
Мемлекеттік рәміздер
Астана қаласы, №35 мектеп - лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Оразбекова Гульсум Булатовна
Рәміздерім, мақтанышым!
Рәміздерім, мақтанышым!
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің мұғалімі: Берикова Бақытгүл
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қазақстан Республикасының рәміздері 1992 жылы 4 маусымда қабылданды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні 2006 жылы 7 қаңтарда өзгертіліп, жаңа гимн қабылданды.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×