Туған жер - алтын бесік
“Кеңтүп”ауылының тарихы (презентация түрінде)
1942 жылы Ақтөбеден 4600 бас қой, 30 бас сиыр, 5 ат пен 35 жанұя, оның ерлері соғыстан бронмен босатылып, суыққа төзімсіз биязы жүнді ақ қойды жермен айдап Оңтүстікке қарай көшеді. Қыс өте қатты болып, әрі қарай көшуге мүмкіндік болмай, Сыр бойының оң жағалауына орналасқан “Кеңтүп” елді мекеніне келіп қыстап, содан бері осы жерді мекендеп қалады.“Кеңтүп” елді мекенінде не бары 20 - 30 – дай отбасы, жертөле қазып мекен қылып, азын - аулақ малмен тіршілік жасаған. Осы жылдан бастап Қызылорда облысы көлемінде алғаш рет ең бірінші асыл тұқымды қой совхозының іргетасы қаланды. Ол кезде республикада мұндай ұжым біреу болатын. 1943 жылы ауданда бірінші болып құрылған асыл тұқымды қой совхозы жібек жүнді ақ қойларды өсіруде жоғары табыстарға жеткізеді. Сол себепті, халық бұл шаруашылықты “Ақ қой” совхозы деп атайды. 1943 – 1947 жылы жібек жүнді қойларды қырдағы Ақтөбе облысынан айдап келіп, сыр бойына жерсіндірілген, өзі құрған шаруашылықты 4 жыл 7 ай басқарған Сәбила Батырованың еңбегі ерекше.
Қазақстанның сол жылдарындағы басшысы Ж. Шаяхметовтың қабылдауында болған Дүйсембай Маханов жолдамамен 1948 жылы Қазалы асыл тұқымды қой совхозының директоры болып келіп, 1961 жылға дейін осы шаруашылықты басқарады. Осы шаруашылықты басқарып келген күннен бастап, жаңа қоныс тұрғын үйлермен қатар, мектеп, аурухана, дүкен, клуб, монша, гараж салудан бастады. Түзу көшелер тартылды, ағаштар отырғызылды, су жүргізілді. Екі - үш жылда әсем әктелген, таза әрі көрікті елдімекен бой көтерді. Жан - жақтан келушілер саны өсе түсті. Бұл орталықта қоныстанушы 18 ұлттың өкілдерінің барлығымен де тіл табысып, тәрбиелеп, шаруашылықтың табысын жыл сайын арттырды. Мал жайылымдарын кеңшардың түстігі Қызылқұм, терістігі Қарақұм, ортасында Сырдария бұрқырап ағып жатқан қой малы үшін таптырмайтын қоныс болды. 1950 ж - 1981 жылдар аралығында жаңа қой тұқымын шығаруда сонау Алматыдан келген ғалым В. А Маллицкий бастаған бір топ ғалымдар келіп, көп жыл жергілікті жерге төзімді қой тұқымын шығарумен айналысты. Бұл қойды “Аралдың биязы жүнді қойы” деп атады. Бұл қойдың дене құрылысы жақсы, сүйектері мықты, шөлдалалық құмды жердің жайылым қорын жақсы пайдалана алатын, өте сергек және жүрдек келетін қойлар, салмағы 75 - 80кг, жүні 14 кг дейін, 100 саулықтан 125 - 130 қозы алынды. Жаңа қойдың қошқарының элитасы мен 1 - класты қошқарды экспортқа 4000 - 4500 басқа дейін сатып отырды. Шаруашылыққа басшылық жасаған уақыттар ішінде 6011 бас қойды 80 мың бас қойға жеткізеді. Мемлекет алдында алған міндеттемелерін қой санын өсіруде - 100%, ірі қара малын өсіруде - 104%, жылқы өсіруден - 107% жеткізсе, орта есеппен әрбір 100 аналықтан 105 қозы, 90 бұзау, 90 құлын алуда, әрбір қойдан орташа 5, 4 кг жүн қырқуды, етке өткізілетін ірі қара малдың орташа салмағы 370 кг, қой 55 кг, майлылығы 80% болуын қамтамасыз етті. Совхоздың 1955 жылдан бастап жылдық табысы әр жыл сайын орташа есеппен 1, 5 миллион сомнан келіп отырды. Әрине бұл сол кездердегі өте жоғарғы көрсеткіш. Әрбір шопандардың айлық табысы ай сайын 1700 - 1800 сомды құрап отырды. Совхозда №1,№2,№3фермаларында асыл тұқымды қойдың аналығын, ісек және қошқарларды өсірді. №4 және№5 фермаларда ірі қара малдары өсірілді. “Сағыр”, “Бірлік”, “Кеңтүп”елді мекендерінде шөп дайындайтын шабындық, жоңышқа дайындалды. “Алпар”, “Көшербай”, “Бесжігіт”учаскелерінде “Балауса”мал азықтары дайындалды.
1981 жылы Арал теңізінің тартылып кетуінен, жер беті сорланып, жайылымдар тоза бастайды. Бұған“Биязы жүнді қойлар” көндіге алмай өнім сапасы нашарлай бастайды. Сондықтан оларды Оңтүстік Қазақстан облыстарына жіберіп, орнына шөлге төзімді “Қаракөл” қой тұқымын сатып алады. Оның қозысының елтірісі өте бағалы. Қаракөл елтірісі туғаннан кейін 2 - 3 күн ішінде сойылған қозы терісі. Қаракөл елтірісі қара, көк, сұр, қоңыр, ақ, қызғылт түсті болып келеді. Қаракөл қойының еті мен майы өте сіңімді және дәмді. Қошқарларынан 3, 0 - 3, 5 кг, саулықтарынан 2, 0 - 2, 5 кг жүн алынып, Мемлекетке қаракөл өнімдерін өткізіп, жыл сайын миллион теңге табыс тауып отырды. 1981 - 1998 жылдары мал күйлерін жақсарту үшін “Мал бордақылау алаңы” салынып, жұмыс істеді. Мал өнімдерін халық игілігіне пайдалану мақсатында “Шұжық”өндіру цехы жұмыс істеді. 1998 жылы жекешеленуге байланысты ауыл бірнеше қожалыққа бөлінді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Жаңалықтар
Дос іздеген бота
Ерте, ерте, ертеде боталы түйе болыпты. Ол өзінің жібек жүнді сүйкімді баласына мейірімділікті, адалдықты үйретіпті. Мөлдір көзді бота өте ақылды болып өседі.
Ауылым алтын бесігім
Туған жер - адам өмірімен тікелей байланысты. Менің отаным Қазақстан Республикасы. Сол мемлекеттің ішінде Шымкент қаласы, Абай ауданы, Ақтас елді мекенінде мен дүниеге келдім. Балалық шағым туған ауыл көшелерінде алаңсыз ойнап өсумен өтіп жатыр.
Ғажайып қала - Ақтөбе
Ғажайып қала - Ақтөбе. Ақтөбе қаласының көрікті жерлерімен таныстыру
Ыбырай Жақаев жайлы сұхбаттар
Ыбырай Жақаев Сыр бойындағы Қызылорда облысы, Шиелі ауданына қарасты «Қарғалы» елді мекенінде, кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Жастайынан әкесінің соңына еріп, диқаншылықтың қыр - сырына қанығып өскен.
Кіндігімнің жас қаны, Тамған жерім ауылым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің I cанатты бастауыш сынып мұғалімі Саулебаева Ләззат Шәкиқызы Тақырыбы: «Кіндігімнің жас қаны, Тамған жерім ауылым!»
Тау бейнелі тұлғалар
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Саулебаева Ләззат Шакиқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.