Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Табиғат қоршаған орта емес, табиғат біздің өзіміз

13 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Қазіргі кезде барлық адамзат алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі. Өзіміз өмір сүріп, күнделікті тіршілік қажетімізге пайдаланып отырған табиғатты қорғау және оның сан алуан байлықтарын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр. Табиғаттағы тіршілік атаулы бір - бірімен тығыз байланысты екені белгілі. Оның бірінде болып жатқан өзгеріс міндетті түрде екіншісіне әсер етеді. Бұл тіршілік тізбегі ұзақ дәуірлерде бірте - бірте қалыптасқан, оны ғылыми түрде табиғи тепе - теңдік деп атайды. Олай болса, табиғатта тіршілік тізбегі мен адамның іс - әрекетінің арасында белгілі бір үндестік пен үйлесімділіктің сақталуы тиіс. Олай болмағанда, адам өз іс - әрекетін болжауға болмайтын орасан зиянды зардап шегері сөзсіз.

Табиғат дегеніміз – құбылыстар туралы білімдер негізі, ғылыми таным нысаны. Табиғатпен егесу, оған зиян келтіру жақсылыққа апармайды, адамға тек оның заңдылықтарын білу және оның табиғи күшін пайдалану ғана қалды. Табиғатқа ұқыпты қарау және үлкен жауапкершілік сезім мен табиғат қорғауға дұрыс көзқарас әрбір адамның бала кезінен алған тәлім - тәрбиесіне, біліміне, көрген өнегесіне тікелей байланысты.

Экологиялық мәселелер – ең маңызды өмірлік мәселелердің бірі, өйткені әңгіме адамның ғұмыр кешетін ортасы жайында, болашақ ұрпақтың өмірі туралы болып отыр. Табиғатты қорғау мәселесі күні бүгін ғана дүниеге келген жоқ. Соңғы кезде табиғи жайылымдар, шабындықтар көлемі азайып, жан - жануарлардың құрып бара жатқандығы белгілі. Табиғатты бақылау, зерттеу, оны қорғау, тексеру, оның сырын шешу, жалпы айтқанда, ғылымның көркі де сонда, ділі де, адамдардың өмірі де сонда. Сондықтан табиғат қорғау шаралары: өндіріс орындарында тазалаушы қондырғылар орнату, зияны аз деген отын пайдалану, қалдықсыз технологияға көшу, жерді биологиялық түрлерге пайдалану, флора мен фаунаның жойылып кетпеуін қадағалау және экологиялық білімді тереңдету қажет.

Қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау үшін адамның, менталитетін, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгерту керек, табиғат пен адамның арасына жаңа көзқарас қалыптастыру қажет. Әрбір қоғам мүшесі табиғат құбылыстары заңдылықтармен таныс болуы керек. Экологиялық сауатсыздықты жою – үкіметіміздің халық арасында жүргізетін маңызды мәселелеріне айналуы тиіс. Табиғат пен қоршаған ортаны қорғаудың жолдарын ұғындыру жалпы халықтың экологиялық сауатын ашу, жастарға үздіксіз білім беру нәтижесінде ғана шешіледі. Үздіксіз экологиялық білім берудің ғылыми негіздері қазақ халқының табиғатпен қарым - қатынас үстінде туған тарихи көзқарасы мен салт - дәстүрінен бастау алады. Осыған орай өңірлік экологиялық проблемаларды әсіресе физика, химия, биология, география сабақтарында жастардың санасына сіңіре білу маңызды.
Табиғат қоршаған орта емес, табиғат біздің өзіміз. Өзіңді өзің алдау, өз болмысың алдында арам болу даму перспективасын жоғалтумен тең екендігін саралау парыз. Адалдық ғылыми категориядан гөрі адами тіршіліктің қазығы екендігін ұққан абзал. Адалдықтан бастау алмаған жерде адамзаттың мәуелі өмір қияндарын айшықтауда кешірілмес өкінішке соқтыратынын ғасырлар дәлелдеген шындық. Өзіміз күнде көріп жүрген салақтық пен немкеттілік те табиғатты бүлдіреді екен. Саяхатқа шыққанда немесе демалып отырған жерге қалдыра салатын әр түрлі қалдықтар суды ластайды. Сөйтіп, табиғатты бүлдіретін өзіміз. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендердің ластануы, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы бұл экологиялық мәселе.

Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп - өнер мекені. Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз. Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс - әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі. Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!
54 404
0
  • 40
2 дауыс


Жаңалықтар
Жер – біздің ортақ үйміз
Жер – біздің ортақ үйміз
Жердің барлық тіршілік иесінің ортақ үйі екенін ұғындыру, адамның да табиғаттың негізгі бір бөлігі екенін, оның табиғатты қорғаудағы рөлін ұғындыру.
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғат тал бесігің, аялай біл!
Табиғатты қорғау, сақтау қажеттігі туралы ой, ынта туғызу. Туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Эссе. Табиғат - ғажап әлем
Эссе. Табиғат - ғажап әлем
Бізді қоршаған орта: жан - жануарлар мен өсімдіктер, Жер мен Ай, Күн мен алыстағы жұлдыздар — осылардың барлығы да табиғат деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Табиғаттың таңғажайып сыры (эссе)
Табиғаттың таңғажайып сыры (эссе)
Табиғат - тіршілік көзі. Оның әрбір әсері адам өмірінде үлкен роль атқарады. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес еді.
Табиғат ғажайыптары
Табиғат ғажайыптары
Қазіргі кезде барша адамзат алдында тұрған кезде күттірмейтін киелі де күрделі міндеттердің бірі ыстық ұя, алтын бесік, жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның сан алуан байлығын ұқыпты пайдалану болып отыр.
Табиғат - тіршілік көзі
Табиғат - тіршілік көзі
Атырау қаласы Еркінқала селосы Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жұпмағанбетова Алия Абдешқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×