Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жирен жаман әдеттен

20 наурыз 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Жирен жаман әдеттен»
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Балаларды кішіпейілділікке, үлкенді сыйлауға, көмектесе үйрете отырып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жаман әдеттен жирен, сезіну, түсініктерін дамыту.
Әдептілік жайлы өмірде көптеген іс - әрекеттерді зерттеп бізге мағлұмат бере алатын әдептану саласы туралы білу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық сабақ.
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, жағдайдан шығу, тірек сызбасы арқылы жинақтау, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Абай ата портреті, буклет, үнтаспа, нақыл сөздер жазылған плакаттар.
Сабақтың барысы:
1. Бүгінгі заман адамы, сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек, оның ең бастысы оқушылар үшін әдептілік.
Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тапта бар қалан.

Әдептанудың түпкі мақсаты адам баласына әдепсіздіктің зияндылығын түсіндіріп, оның шырмауынан құтылуды үйрету, қоғамдағы ең жақсы адам - әдепті адам, әдепті адамдар – қоғамның баға жетпес байлығы, мәртебесі екенін ұғындыру. Әдептілік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы жоғары, тұрмысы сәнді, тіршілігі шуақты болады.

2. сыныпты 4 топқа бөлу, топ атауларымен танысу.
1 - топ «Сыйластық». 2 - топ «Сабырлық»
3 - топ «Әдептілік» 4 - топ «Шыншылдық»
3. Топтарға арналған сұрақтар
1 - топқа «Мен егер закон қуаты қолымда бар адам болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген ойшыл. (Абай).
2 - топқа. Абай «Үш ақ нәрсе адамның қасиеті» деген ол не? (ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек).
3 - топқа. Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар, сонан қашпақ керек деген екен Абай дана (әуелі надандық, еріншектік, залымдық).
4 - топқа. Тегінде адам баласы, адам баласынан үш нәрсемен озбақ деді Абай (ақыл, ғылым, ар).
Әуенді үзіліс: Ән.
Жағдаятты сұрақтар, әр оқушы өз ойын айтады.

1 - топқа. Сен өте асығыссың, себебі сабаққа үлгеруің қажет. Көшеде бала жетектеп келе жатқан қария кісіні қағып кеттің, ал ол кісі құлап түсті, немересі қорыққаннан жылап жіберді. Сенің әрекетің қандай?
2 - топқа. Саған анаң жұмыстан келгенше үйді жинап қоюды өтінді. Сен достарыңмен ойнап жүріп, бұл өтінішті ұмытып кеттің, Анаң жұмыстан келіп саған ренжіді. Сенің әрекетің қандай?
3 - топқа. Үйде ешкім жоқ, тек сен ғана есіктің қоңырауы естілді, сен барып қарасаң, ауылдан келген туысқан апаң. Сенің апаң есікті ешкімге ашпауын ескерткен, Сенің әрекетің қандай?
4 - топқа. Сенің анаң ең жақсы көретін тағамыңды жасап берді. Сен отыра қалып тамақты іні - қарындастарыңмен қосыла жедің де, даладағы ойынға жүгіріп кеттің. Сен нені ұмыттың.
«Әсемпаз болма әр неге» көркем сөз.
Мақал - мәтел сайысы, жалғасын табу.
1 - топқа. 1. Әдепті бала – арлы бала.
Әдепсіз бала – сорлы бала.
2. Кішіден ізет – үлкеннен құрмет.
2 - топқа. 1. Ізетке найза бойламайды.
2. Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
3 - топқа. 1. Бір жылы сөз - бір күнге азық.
2. Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергенің.
4 - топқа. 1. Сәлем сөздің – анасы.
2. Алыстан алты жасар бала келсе,
Алпыстағы шал сәлем береді.
Әуенді үзіліс. Ән.
Әдептілікке жататын қасиеттерді тірек сызбасы арқылы топтастырып көрейік. Тірек сызбасын пайдаланып әр топ жазып шығады.

Әуенді үзіліс: Би.
Оқушылар өздері жасаған бүктемелерімен таныстырып шығады.
Қорытындылау сөз. Көрнекіліктерді түсіндіру.
Бүгінгі сабақтан не алдық.
18 238
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
жақсы, жаман туралы түсінік беру; жақсы мен жаманды салыстыра білу іскерліктерін дамыту; жақсы істер мен әрекеттер жасауға тәрбиелеу.
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылы №78 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Исолдаева Мирамкүл
Әдептілік әліппесі
Әдептілік әліппесі
Атырау қаласы, Амангелді атындағы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қайрғали Айжан Зинетоллақызы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жалмухамбетова Эльвира Бауржановна
Әдепті бала - арлы бала
Әдепті бала - арлы бала
Қызылорда облысы, Арал қаласы № 220 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Зекенова Рима
Әдептілік әдемілік
Әдептілік әдемілік
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, №36 орта мектеп МАД тәрбиешісі: Сулейменова Ақмарал Маукенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×