Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Әдептілік - тәрбие бастауы

22 сәуір 2013, Дүйсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Әдептілік - тәрбие бастауы (презентациясымен)
Мақсаты: Оқушыларды адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілділікке, әдептілікке, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: құпияхат, алма ағашы, АКТ

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық. Қане, балалар бәріміз бір - бірімізге сәттілік тілеп, әр оқушы өзінің атының бірінші әрпінен басталатын бойындағы жақсы қасиеттерімізді айтайық.
Енді балалар, топқа бөліну үшін мына фигураларды таңдайық.
Жарайсыңдар балалар, енді орналасып болсақ тақтаға назар аударайық.

Жоспары:
1. «Әдептілік жемісі»
2. «Бөшкеден шыққан басқатырғылар»
3. «Сиқырлы сөздер»
4. Есте сақтау минуты
5. Сөзжұмбақ
Мұғалім: Бүгінгі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек. Оның ең бастысы - оқушылар үшін әдептілік. Біз сыныпқа кіргенде әдептіліктің бірінші ережесін байқаған болатынбыз. Ол қандай ереже?
- Біз бір - бірімізбен амандастық.
- Амандасу – әр халықтың мәдениетінің алғашқы беташары.
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан,- деп Абай атамыз айтқандай кішіге мейірімді, досыңа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл да қамқор болсаң, өсе келе ата - анаңның, Отаныңның мақтанышы боласың.
Ендеше мына тақтада «Әдептілік жемісі»ілінген, алмаларда сұрақтар жасырылған, соған жауап берейік.

I бөлім Бой сергіту
1. Досқа қалай болу керек?
2. Әдептілікті бізге кім үйретеді?
3. Әдептілік туралы мақал айт?
4. Өзіңе көрсетілген ізетке, жасалған ілтипатқа, сыйға не айту керек?
5. Үзіліс кезінде дәлізде қалай жүру керек?
6. Көпшілік орындарда, көшеде, автобуста өз - өзіңді қалай ұстау керек?
7. Әдепті бала қандай болу керек?
8. Қоштасар сәтте қандай ниет білдіресің?
9. Әдепсіз бала қандай болады?

II бөлім «Бөшкеден шыққан басқатырғылар»
Топ мүшелері қапшықтан нөмірлері бар шарларды алып шығады. Мұғалім әр балаға жалғастыр ойынын түсіндіреді. Өз ішінде талқылаған соң топ басшылары жауап береді.
1. Үлкендердің алдынан – (кесіп өтуге болмайды.)
2. Кішкене баланы - (жылатуға болмайды)
3. Құстарды – (атуға болмайды.)
4. Қыз баланы – (сыйлау керек.)
5. Сабақтан - (кешігуге болмайды.)
6. Досқа – (көмектесу керек)
7.
III бөлім «Сиқырлы сөздер»
Мұғалім: Кез келген жағдайда әуелі бойыңа ашу шақырмай, сабырлы болған жөн. Қатты ашуды тарататын сиқырлы сөздер болады екен. Олардың қандай сөздер екенін берілген сиқырлы конверттерден білеміз. Конвертте сиқырлы сөздер жазылған. Мысалы кешіріңіз, рахмет т. б. Сол сөздерге өмірден көрініс келтіру.

IV Есте сақтау минуты
Мына әріптерден адам бойындағы жақсы жаман қасиеттерге байланысты сөздерді тауып жаз.
Лдаа, қлаас, зөміішл, кеттен, ітітпәрт, зіспітртә, ытпықұ, зсыпықұ
Жауаптары:
Адал, салақ, өзімшіл, тентек, тәртіпті, тәртіпсіз, ұқыпты, ұқыпсыз

V Сөзжұмбақ
Мына өлең шумақтарынан «Ф» әрпін сызып тастап оқысаң Ермек Өтетілеуовтің «Әдептілік әлемі» өлеңінің шумақтарын оқи аласыңдар.

Әдептілік әлемі
Қарсы ал ерте күн көзін,
Төсегіңді жина өзің.
Асықпай іш тамақты,
Жалама аяқ - табақты.
Пышақты ұста оң қолмен,
Шанышқыны сол қолмен
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сормағын,
Салдыр - салақ болмағын
Әдет қыл бұл ісіңді -
Тазалап жүр тісіңді.

Жарайсыңдар балалар енді сабағымызды қорытындылай келе «әдептілік» ережесін құрайық
Әдептілік ережесі:
1. Сәлемдесу
2. Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу
3. Үлкенге жол беру, автобуста орын беру
4. Табиғатты аялау, қамқор болу

Қорытындылау
Мұғалім:
Қипақтайды қит етсе, анаң, әкең
Қайтсем ғана осыны адам етем
Басқалардың осындай балалары
Тап осындай жаңғалақ болар ма екен?- деп М. Әлімбаев ағамыз айтқандай, ата - анамызды ренжітпей әдепті бала болайық.
Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
19 658
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Әдепті бала - ақылды бала
Әдепті бала - ақылды бала
Балаларға әдептілік жайлы мағлұмат беру. Әдепті болуға үйрету, ойлау қабілетін және шығармашылығын дамыту. Әдептілік әлеміне бару барысында балаларға әдептілік ұғымының мағынасын ашу. Адалдыққа, мейірімділікке кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Әдептілік – адамдықтың белгісі
Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, №12 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Нуржанова Гулжан Аманжолқызы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Әдептілік - тәрбие бастауы
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Жанкелдин орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Серикова Алма Төленқызы
Әдептілік әлемінде
Әдептілік әлемінде
Мақсаты: Адамгершілікке, қарапайымдылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке, еңбексүйгіштікке, өз халқының салт - дәстүрін үйрене отырып, жаман әдеттерден аулақ болуға, имандылыққа тәрбиелеу. Адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз қылықтарды ажырата отырып,
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік – тәрбие бастауы
Әдептілік - адамдардың өзара жақсы қарым - қатынасының, жүріс - тұрысының ережесі. Мысалы: уәде беріп оны орындамаса, басқа кісіге дөрекі жауап берсе, үлкенді сыйламаса, ондай адамды жұрт «Әдепсіз екен» дейді.
Балалы үй базар
Балалы үй базар
Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Жалмухамбетова Эльвира Бауржановна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×