Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жыл қайыру-уақытты «он екі жыл-мүшел» жүйесімен есептеуді үйрету

15 наурыз 2018, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Жыл қайыру - уақытты «он екі жыл - мүшел» жүйесімен есептеуді үйрету.

Барысы:
I Қазақша жыл басы наурыз айының 22 - нен басталады.
II Жыл қайыру, жылдардың дәстүрлі ретін өлең жолдары арқылы есте сақтау.
III «Бойына сенген түйе және қу тышқан» ертегісінен үзінді.
IV Өз мүшел жасынды айқындай аласың ба?
V Мұсылман жылтізбесі.
Қорытынды:

Қазақша жыл басы наурыз айының 22 - нен( күн мен түннің теңелген кезі) басталады. Бұл күнді халқымыз ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ атап, шаттыққа толы той - думан, мерекеге айналдырған.
Жыл қайыру деп - уақытты «он екі жыл - мүшел»жүйесімен есептеуді айтады. Он екі жыл бір айналғанда, бір мүшелге тең болған. Мүшел есебі бойынша жылдардың қалыптасқан дәстүрлі ретін есте сақтау үшін;

«Түйе Сеніп Бойына,
Қалған Ұмыт Жылдардан.
Жатпа Қарап, Мойыма,
Тайма Именіп Ділдардан»,-
деген өлең жолдарын есте сақтасаңыз болғаны. Өйткені мұндағы әрбір жекелеген сөздің алғашқы әрпі мүшелдегі жыл атауларын білдіреді.
«Бойына сенген түйе және қу тышқан» ертегісін айтып беру.
Алғашқы мүшел 13 жаста толады. Ал оған он екі жастан қосып отырсаңыз, келесі мүшел жасыңызды да айқындай аласыз. Мүшел реті - 13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97т. с
Кесте арқылы әркім ескіше жыл қайыру әдісімен өзінің қазақша қай жылы туғанын және қанша мүшелге толғанын біле алады.

1 Тышқан 1900 1912 1924 1936 1948 1960 1972 1984 1996
2 Сиыр 1901 1913 1925 1937 1949 1961 1973 1985 1997
3 Барыс 1902 1914 1926 1938 1950 1962 1974 1986 1998
4 Қоян 1903 1915 1927 1939 1951 1963 1975 1987 1999
5 Ұлу 1904 1916 1928 1940 1952 1964 1976 1988 2000
6 Жылан 1905 1917 1929 1941 1953 1965 1977 1989 2001
7 Жылқы 1906 1918 1930 1942 1954 1966 1978 1990 2002
8 Қой 1907 1919 1931 1943 1955 1967 1979 1991 2003
9 Мешін 1908 1920 1932 1944 1956 1968 1980 1992 2004
10 Тауық 1909 1921 1933 1945 1957 1969 1981 1993 2005
11 Ит 1910 1922 1934 1946 1958 1970 1982 1994 2006
12 Доңыз 1911 1923 1935 1947 1959 1971 1983 1995 2007

Мұсылман жылтізбесі
(бойынша адамның туған жылына сәйкес мінез - құлықтары нышандары)

Тышқан. Үсті басын таза ұстайды. саяқ жүргенді көңілі қалайды. Думан - той, ырду - дырдудан іргесін аулақ салуға тырысады - Тәкәппар.
Сиыр. Ұстамды. Өз қайғысы мен жақын - жуықтарының қайғысына қатты күйзеледі. Кімге болсын көмегін тигізуге асығады, бірақ кейде мұнысы залалын тигізіп те жатады. Олар мұның жақсылық қайырымын тез ұмытады және қиыс басқан қадамына кешіріммен қарайды.
Барыс. Қызба. Ашуланшақ, ешнәрсеге көңілі толмайды; егер ол әлдебір істі қолға алар болса, онда оған бөгет жасама, бетіңнен ала түсуі мүмкін; менмендеу әрі басқаға билік жүргізуді ұнатады.
Қоян. Қорқақ. Сыр сақтай алмайды, кез - келген нәрседен өз - өзінен үрейленіп жүргені; байсалды істе өз бетімен шешім қабылдай алмайды, көңіл күйіне қарай әрекет етеді.
Ұлу. Үлкен істер атқару қолынан келеді; тұйық мінездің адамы; көбінесе үнсіз жүруді ұнатады, барынша қарапайым көрінуге тырысады. Байсалды, істі өз ақылымен оңаша шешуге бейім. Құпияны сақтай біледі.
Жылан. Сыртқы болмыс - бітімі ұяң; маңызды істерден қашқақтап жүреді, оның басына пәле боп жабысатын нәрсе - тілі. Құпияны сақтай біледі.
Жылқы. Жұмыс істеуден жалықпайды. «Жұмыс» аты тәрізді. Ертеден қара кешке дейін тыным таппай тыпырлайды да жүреді...
Қой. Алған бетінен қайтару қиын... Болмашы нәрсеге ашу шақыруы мүмкін, сондай сәттерде өзіне де, жанында жүрген жолдасына да қауіпті.
Мешін. Өзіне - өзі ғашық. Сәнқой, өзін өзгеден артық санайды. Ырду - дырдуы көп, көңілді бас қосуларға, үйірсектеу келеді.
Тауық. «Үйкүшік»Үй - үйелменіне үнемі қамқор боп, құрақ ұшып жүргені; тұрмыста адал, кез - келген адаммен тіл табысып кете барады...
Ит. Сөзшең. Талас - тартыс, дау-дамайға араласып кеткенін өзі де білмей қалады.
Доңыз. Көп нәрсеге бас қатырып ойлана бермейді. Оңаша, табиғат аясында болғанда, бау - бақшада еңбек еткенді және көңілді кештерді ұнатады. Бұлардың әдетте отбасында бала-шағасы көп болады.

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бекарыстан би ауылының № 24 орта мектебінің
технология пәні мұғалімі Жалғасбаева Перуза Тоекешқызы
66 031
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Түйе мен тышқан (монғол ертегісі)
Түйе мен тышқан (монғол ертегісі)
Ертегінің мазмұны мен идеясын ашу. Мүшел туралы түсінік беру. Оқушыларды талдау, талқылау, салыстыру және қорытынды жасауға үйрету;
Топтау және бөлшектік сан есімдер
Топтау және бөлшектік сан есімдер
Топтау сан есімдер заттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де, нешеден? Қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдер дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс есептік жалғауы жалғану арқылы жасалады.
Қош келдің, әз- Наурыз!
Қош келдің, әз- Наурыз!
Ақтөбе облысы, Алға қаласы, №4 Алға орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі. Таджибаева Ақкенже Боранбайқызы
Наурыз-жыл басы
Наурыз-жыл басы
Сабақтың мақсаты: 1) Заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінік беріледі, сұрақтарын дұрыс қолдана білуге үйренеді. 2) Наурыз – жыл басы және оның шығу тарихы, тойлану себебі туралы терең мағлұмат беріледі, Жыл санау күнтізбесін жатқа меңгереді.
Мүшел жас - мерейлі жас
Мүшел жас - мерейлі жас
Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті есте ұстаған жөн. Бала 13 жасқа толғана бір мүшел деп қайырады да, кейінгілерге 12 жылды қосып отырады. Сонда бір мүшел – 13 жас, екі мүшел – 25, үш мүшел – 37, төрт мүшел – 49, бес мүшел – 61, алты мүшел –
Заттың қимылын білдіретін сөздер
Заттың қимылын білдіретін сөздер
Бастауыш сынып мұғалімі Қарабатырова Қалимаш
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×