Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Менің Президентім

18 сәуір 2013, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Менің Президентім.

Мақсаты: 1. Оқушыларға Егеменді еліміздегі «Тұңғыш Президент» күніне арналған мағлұматтар беру. Оқушыларды Елбасымыздың бастамаларын, елдің болашағы үшін жасалып жатқан игі істеріне қолдау көрсету керектігін түсіндіру.
2. Өз алдына шаңырақ көтерген тәуелсіз еліміздің бүгініне мақтанып, ертеңіне зор сеніммен қарауға тәрбиелеу. Еліміздің ертеңіне, жарқын болашағына үлес қосуға тырысу.
3. Оқушы бойына адамгершілік, ізгі парасаттылық, достық, ынтымақты қолдауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Төрде елбасының портреті, еліміздің туы, елтаңба, әнұран орын алған.
Қанатты сөздер жазылған плакаттар, шармен безендірілген.

Сабақтың барысы:
1. Көк тудың желбірегені әні орындалып тұрады. /Залға қонақтар жиналған сәтте/
2. Әнұран орындалады.
Кіріспе сөз. Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, қонақтар, оқушылар! Ғасырлар бойы азаттық аңсаған бабалардың жолы азапты, тағдыры ауыр болғаны анық. Талай зорлық, зобалаңды, алапат қырғынды басынан кешірді. Сондада ұлт ретінде сақталып, бірлігі берік ұлт ретінде қала білді. Олай болатыны, мың өліп, мың тірілген өр рухты халқымыз елге қамқор батырлар мен елге ие даналарға кенде болмағаны белгілі. Осындай даналардың бірі қазіргі күнде елімізді басқарып отырған ел басымыз Н. Назарбаев еді. Ел басының ұстанған бағыты анық болса, соңынан ере білген халқымыздың еркіндік аңсаған тәуелсіздік рухы мықты еді. Онда бүгін ел болып тойлағалы отырған «Тұңғыш Президент» күні құтты болсын!

1 - жүргізуші Ата - бабамыздың «Азаттықтың ақ таңы атса екен, Тәуелсіздігіміз келсе екен» деген жалғыз арманы болды.
2 - жүргізуші Қабырғалы халық, іргелі ел болуды көкседі. Соның жолында жандарын да пида етті. Сол күн ақыры ХХ ғасырдың аяғында келіп жетті.
1 - жүргізуші. Еліміз егемендігін алып, босағада қалып келген елтаңбасын төрге іліп, көк туын желбіретіп, ән ұранын асқақтатып, теңгесін айналымға түсіріп, ата - заңын қолға алып, ел ретінде тұңғыш Президентін сайлады.
2 - жүргізуші. Еліміз өзінің тағдырын сеніп елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың қолына тапсырды.

1 - жүргізуші Тәуелсіздік қолымызға келгенмен табан тіреп, аяқтан тұру жеңіл болмағаны бәрімізге белгілі. Ел экономикасы құлдырап, әлеуметтік саяси дағдарыстар басталған тұста, бұлыңғыр болашаққа батыл болжам жасап, ел тізгінін өз қолынан ұстаған Нұрсұлтан Әбішұлы ел алдындағы үлкен жауапкершілікті де ержүректікпен өз қолынан алған еді.
2 - жүргізуші. Нәтижесінде Қазақстан бүгінде халқының әлеуметтік тұрмыс жағдайы жақсарған, экономикасы өркендеп дамыған іргелі елге айналды.

1 - оқушы Халқымызда ежелден келе жатқан «Есімханның ескі жолы», «Қасымханның қасқа жолы» деген терең мағыналы ұғымы бар. Бұл халқымыздың тәуелсіздігі мен бостандығын сақтаған бабалар жолы. Ешқашан ескірмейтін осы ұғымға «Нұрсұлтанның нұрлы жолы» қосылды. Бұл еліміздің егемендігін сақтаған, халқын бақытқа бастаған жасампаз да жарқын жол.
2 - оқушы Әйтеке би өз заманында
Бүркіт бол заманыңыз түлкі болса,
Бай болар кедей жігіт мүлкі болса.
Жақсылардың белгісі сол емес пе,
Қара қылды қақ жарған әділ болса деген екен. Әділ жолды таңдай білген Елбасына мың алғыс!

3 - оқушы Елбасы жастармен кездескендегі бір сөзін Ақтайлақ бидің мына өсиетімен аяқтаған еді.
Келелі істі көппен шеш,
Шиыршық атса еппен шеш.
Асқынған істі асықпай,
Ақылға салып, ертең шеш десе, Елбасымыз шиыршық атқан күрделі істі ақылға салып шеше білді.

4 - оқушы
Төле би Өткенді ұмытсаң,
Өшкеніңнің белгісі.
Өткеніңді еске алсаң,
Өскеніңнің белгісі деген екен. Онда Өткенімізге көз жүгіртейік.

5 - оқушы
Тарихтың тарғыл жолын айналдырып,
Көрейік өткен күнді ойға айналдырып.
Талай қилы замандардан аман өткен,
Келеді елім қанша жұртты қайран қылып.

6 - оқушы
Жаумалап болған елді қытай, қалмақ,
Жай жатқан бейбіт елді түгел жалмап.
Сойыл сүңгі қолға алып байтақ елді,
Абылайлар ерлікпен қалған қорғап.

7 - оқушы
Не көрседе елім бәрін бірге көрген,
Жолдасы үшін қан майданға жолын берген.
Сол бірліктің арқасында аман шыққан,
Ақтабан шұбырынды, алқа көлден.

8 - оқушы
Кеңестік өмірді елде бастағалы,
Салды бітпес жүрекке жас жараны.
Үкіметке қарсы шабуыл жасадың деп,
Бесікте белден кесті жас баланы.

9 - оқушы
Нағыз апат осы арадан басталды,
Ел қашан бақсын орыс қас қабағын.
Елім деп бас көтерген арыстарым,
Ел жауы деп атылып тасталады.

10 - оқушы
Осыны санасынан шығармастан,
Шықты Отаным, жерім деп ұрандасқан.
Ашу - ыза кернеген кеуделерін,
Алаңға мұздалған қыран жастар.

11 - оқушы
Бой жеткен аруларды сүйреп шаштан,
Зіңгіттей жігіттерді тепті бастан.
Қаһарлы желтоқсанның ызғарында,
Жастарға мұздай суық суды шашқан.

12 - оқушы
Қалар есте жатталып күн кешегі,
Онымен келер ұрпақ тілдеседі.
Желтоқсан оқиғасы болмағанда,
Қазағым азаттықты білмес пе еді?

1 - жүргізуші Ия, осылайша қилы заманды басынан кешірген қазақ елі егеменді елге айналды.
2 - Жүргізуші. Егемендіктің нышандары өз орынын тауып, мерейімізді асқақтатты

13 - оқушы
Аңсап халық көп күткен,
Егеменді ел болдық.
Көңіл күйі тоқ жүрген,
Тереземіз тең болдық.

14 - оқушы
Әнұраным - жанұраным,
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім сағынарым,
Жүрсең егер дүние кезіп.

15 - оқушы
Желбіреп көкке байрағың,
Артта қап тартқан азабың.
Аман боп - ауыл аймағың,
Айбарың ассын, қазағым.

Ән:

16 - оқушы
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес ұғып ал.
Көгілдір түс аясы,
Бейбіт дала елесі,
Шаңырақ - жұрт панасы,
Уықтар күн сәулесі
Сүйіндірген өзіңді
Түсіне біл өзіңді.

17 - оқушы
Пырақ - халық арқасы,
Жоғарыда түсер көз.
Бес тармақты жұлдызға
«Қазақстан» деген сөз
Таныс барлық ұл - қызға.
Мағынасы сымбатты
Бар осындай бейнеміз
Маған, саған қымбатты.

1 - жүргізуші Осылайша Қазақстан Республикасы егеменді ел атанды.

2 - Жүргізуші Ал, егеменді елдің басты белгілерінің бірі мемлекеттік тілі. Ағартушы ғұлама, ғалым Ахмет Байтұрсынов «Сөзі жоғалған жұрттың, өзі жоғалады» деген екен.

18 - оқушы
Ана тілім - бесігімді тербеткен,
Ана тілім – бал тілімді сөйлеткен.
Ана тілім - құдіретім, қуатым,
Ана деген сөзді алғаш үйреткен.

1 - жүргізуші Елбасымыздың көрегендігінің арқасында Елордамыз Алматыдан Ақмолаға 1998 жылы көшірілді. Осылайша елтанымастай елордамыз Астана қаласы талайды тамсандырған арман қалаға айналды.

19 - оқушы
Астанам – Сарыарқаның биігісің,
Азия құрлығының кіндігісің.
Батырдай жорықтарда қол бастаған,
Баста елді қазағымның бірлігі үшін.
Астанам - Сарыарқаның төсіндесің,
Ел естен өткен күнін өшірмесін.
Бауырға бас шеттегі қандастарды,
Оралған Отанына көшін көрсін.

20 - оқушы
Ата заңым – ерікті елдің құқы,
Адам құқы алдымен елдің құқы.
Мемлекетім жан - жақты дәйектелген,
Ата заңым алтын заң – елдің құты.

21 - оқушы
Ауыр күнді артымызда тастады,
Қиын сәтте қиындықтан қашпады.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрсұлтанның бастауы.

22 - оқушы
Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші ағайындар бәріміз.
Ұлтым, елім деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де әніміз.

23 - оқушы
Әрдайым елімменен кеңескен,
Шығара да алмас мәңгі ел естен.
Жас Отаным біраз жылдың ішінде,
Басқа елмен терезесі теңескен.

2 - жүргізуші Елбасымыздың бастамасымен «Жасыл ел» бағдарламасы жүзеге асырылып еліміз, жасыл желекке оранды.
1 - жүргізуші Еліміздің болашағы жастарға, яғни біздерге «Болашаққа» үлкен жол ашылды.
2 - жүргізуші
«Назарбаевтың» зияткерлік мектептері ашылып, «Назарбаев» университеті болашаққа үлкен жол ашып берді.
1 - жүргізуші Еліміздің басты байлығы адам денсаулығына баса көңіл бөлініп, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы дұрыс жолға қойылды.

24 - оқушы
Ел – халқының Елбасына айналып,
Шықтың қайта төр басына сайланып.
Тәуекел деп абыройға сүйенген,
Қазағыма жетер дейсің қай халық?!

25 - оқушы
Ел дегенде жігерлі ой мен күшің көп.,
Ойына алған жалғастырсын ісін деп.
Тауларың мен Далаң берді дауысын,
Қазақстан алға басу үшін деп.

26 - оқушы
Ел қыраны - қолдап ұшқан қанатын,
Жұлдыз күнді ойлап ертең жанатын.
Берді дауыс Атырау мен Алтайың,
Екі арасы - құс қанаты талатын.

27 - оқушы
Тәуелсіздік келген кезде алғаш бұл,
Абылайхан алмасындай қылыш бұл.
Тәуелсіздік жолынан алғаш бастадың,
Тәуелсіздік жолын қайта жалғастыр.

28 - оқушы
Тәуелсіздік он бір әріп құраған,
Сан ғасырлар бар қазаққа боп арман.
Талай дара, даналардың көз жасы,
Қаныменен атты таң боп бізге алдан.

29 - оқушы
Тәуелсіздік қасиетті ұғым бұл,
Ей, келешек жан тәнің мен ұғып, біл!
Он бір әріп не мағына береді?
Ал талдайын жеткенінше қызыл тіл.

Т - әріпі білдіреді теңдікті
Ә - әріпі әдептілік, әлдікті
У – әріпі уайымсыз уақытты
Е - әріпі Егеменді, елдікті
Л - әріп лаулап жана біл
С - әріпі сенімдірек секілдең
І - әріпі ілтипат пен ізет қой
З - әріпі зиялылық тілек қой
Д - әріпі шақырады достыққа
І - әріпі ілкімді боп сақтыққа
К - әріпі дейді күн боп көктегі
Жарқырай бер егемендік жолында.

1 - Жүргізуші
Тәуелсіздік туын тіккен төріне,
Аңсар ең ғой осы сәтін ғасырдың.
Енді міне айта аларсың менмін деп,
Қазақ деген егеменді елмін деп.

2 - жүргізуші
Бақыт құсы әр адамға қонып бір,
О, Тәңірім бізді баққа жолықтыр
Бүгін міне тәуелсіздік ағайын,
Әр қазақтың жүрегінде соғып тұр. - дей келе Мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
Еліміз гүлдене берсін, Елбасымызға ұзақ ғұмыр тілейміз.

Сабағымызды қорытындылау үшін мына сөз жұмбақта шешейік
5 775
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
1 желтоқсан тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты
1 желтоқсан тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағаты
Балаларға слайд арқылы Президент туралы мәлімет беру. Сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету. Патриоттық сезімдерін оятып, мемлекеттік рәміздерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Біз – Тәуелсіз елдің болашағы!
Біз – Тәуелсіз елдің болашағы!
Еліміздің өткеніне, бүгініне, ертеңіне көз жіберіп шолу жасау. Өз еліміздің тілін, тарихын, салт – дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу. Қазақ елімізді әлем - дік деңгейге жеткізу – біздің қолымызда екенін айтып түсіндіру.
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты (Елбасы еңселеткен Елорда)
Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.
Менің Президентім
Менің Президентім
Президентіміз Н. Ә. Назарбаев туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
Халқын сүйген жүрек (Президент күні мерекесіне арналған)
Халқын сүйген жүрек (Президент күні мерекесіне арналған)
Жалпы мақсаттар: Алғашқы президент күнінің маңызын ұғындыру. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту. Ой - өрісін кеңейтіп, шығармашылық жұмысқа баулу.
Менің Президентім
Менің Президентім
Шалқар қаласы №6 орта мектебі Төреханова Г. – МАД «А» тобының мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×