Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жаңа заман келіндері

11 маусым 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
«Жаңа заман келіндері»

Жүргізуші.
Наурыз тойы - мерекесі ұлтымның
Берекесі ырысы мен құтымның
Тәуелсіздік думанымен бір келген
Ұлы күні, Ұлыс күні жұртымның

Наурыз – салт, Наурыз - дәстүр, Наурыз дінің
Жыл басы, Ұлыс күні, жаңа жылың
Көктем көк көл - көсір боп жердің жүзі
Көк басар туған жердің бар адырын

Армысың, жиылған жұрт, асыл халқым,
Сақтаған ғасыр бойы дәстүр - салтын
Ынтымағын, елдігін биік ұстап,
Шығарған талай жерде қазақ атын

Құрметті ұстаздар, сіздерді Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен қасиет бойынан табылған келіндер қазақтың әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрі, ұлттық тағам түрлерін әзірлеу, көркемсөз оқу, ісмерлік пен қолөнер шеберліктерін қаншалықты меңгергендерін көру үшін «Жаңа заманның келіндері» атты мерекелік сайысымызды тамашалаңыздар!

Жүргізуші: Сайысқа қатысушы үміткерлерімізбен таныс болыңыздар!
1 Ізбасарова Мөлдір
2 Арзықұлова Жәмилә

Жүргізуші:
Келіндер бес түрлі сайыстар бойынша бақтарын сынайды.
1) Мен келінімін қазақтың (Таныстыру, қай руға келін болып барғаны, өзі қай рудан шыққанын айта кету)
2) Кім неге бейім? (Келіндер өз өнерлерін паш ету)
3) Жолдасыңның сүйікті асы (ас мәзірін даярлау)
5) Сен салт дәстүрді білесіңбе? (сұрақ – жауап)
6) Табақ алу рәсімі
Осы сайысқа әділ бағаларын беретін әділ қазылар мүшелерімен таныс болыңыздар.
1 Егізбаева Ақсары Насырадинқызы
2 Байекенова Айыш Орынбайқызы
3Медетова Орынбике Жұмахметқызы

Жүргізуші:
Қазағымның дәстүрінің көзіндей
Көнермейтін кемеңгердің сөзіндей
Ағайынға аймақ болған жеңгелер
Абысынға қаймақ болған келіндер

Өлең қуып келіндер өтер дейміз
Бір басына өнері жетер дейміз
Сайысқа келген 8 келін кезектесіп
Таныстырып өздерін өтсе дейміз

(Келіндер жеке - жеке таныстырады)

Өнер, өлең – жастық шақтың белгісі,
Келер оны әркімнің - ақ көргісі
Кезде келді өлеңге ерік беретін
Келіндердің жыр маржанын төгетін

Сайысымыздың екінші шарты « Кім неге бейім?» келіндер өз өнерлерін ортаға паш етеді.

1 Сағымбаева Мария
2 Көшимова Айгерім

Жүргізуші: Бұзбаған дәстүр менен әдет - салтын
Келіндер бар сұлулықты егіз қылып
Іскерлік бар сұлулықты егіз қылып
Ерекше жаратыпты әйел затын -
деп ендігі кезекте үшінші сайысымыз « Кім жылдам?» мұнда келіндер берілген уақыт ішінде нан(қамыр) жаю.( ортаға үміткерлерді атап шақыру.)
Жүргізуші:
Ата салты ардақты
Әрбір сөзі салмақты
Ол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.

Қазақ халқы үшін дастарханнан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. « Ас адамның арқауы», « Жаман ауруға – жақсы ас» деп тегін айтпаған. Менің ойымша, қазақтың келіндері ең алдымен еріне қарсы келмейтін, несібесін ысырап етпейтін, баланың тәрбиесіне аса мән беретін болуы керек. Әйел үшін ең бастысы отбасының берекесі. Сайысымыздың төртінші шарты « Жолдасымның сүйікті асы», Мұнда келіншектер өз жолдасын қаншалықты құрметтеп, сыйлайтынын көреміз. Ас мәзірі. Қандай тағам екенін айтып таныстырып кетеміз.
(Ортаға үміткерлер шығады, жеке - жеке)

Жүргізуші: Сайысымыздың бесінші шарты «Сұрақ - жауап», үміткерлерге сұрақтар таратылады, ойлануға 1 миннут беріледі.

Жүргізуші:
Халқымыздың ежелгі үрдісі бар
Адастырмас оң жолдан үлгісі бар
Аңыз болған жоғалмай бұл ғасырға
Салт - дәстүрі халқымның жалғасуда
Сайысымыздың соңғы шарты «Табақ алу рәсімі», келіндер иіліп сәлем салып табақ алу рәсімін көрсетеді.(ортаға келіншектерді шақыру)
Ене көзімен қарағандай, ене сөзімен сынағандай, төрде төрелік еткен әділқазы мүшелеріне сөз берелік.
Үміткерлерге номинация бойынша атақ беру, дипломмен марапаттау.
1. Инабатты келін
2.Парасатты келін
3.Өнерпаз келін
4. Шебер келін
5. Көрікті келін
6. Жаңа заман келіні

Осындай атақтармен марапатталады.
Бүгінгі « Жаңа заманның келіндері»атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Барлық аналарды, қыз келіншектерді өткен 8 - наурыз халықаралық мейрамымен құттықтаймыз. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз. Сайысты көріп көңіл бөлгендеріңізге көп рахмет.
39 595
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қош келдің, Наурыз!
Қош келдің, Наурыз!
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт - дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Әз, Наурыз
Әз, Наурыз
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Балаларға наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра
Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы – Ұлыстың ұлы күнінің баршамыз үшін жолы да, жөні де бөлек. Әне - міне дегенше қар еріп, жылғалардан су ағып, табиғат жасарып, көктемнің саумал самалына ілесіп Наурыз да жетті.
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Құмсай бастауыш мектебінің мұғалімі Нартаева Қазина Жаксылыковна
Наурыз - жыл басы
Наурыз - жыл басы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы №3 орта мектептің бастауыш пәні мұғалімі Танатарова Разия Нурымовна
Нұр себеле, Ұыстың ұлы күні!
Нұр себеле, Ұыстың ұлы күні!
О, жараңдар, жараңдар Бәрін мұнда қараңдар Наурыз тойы басталды Текке қарап тұрмаңдар
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×