Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Білімді мыңды жығар!

11 маусым 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Білімді мыңды жығар

Мақсаты: Пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бақылау, білімді оқушыларды анықтау, білімді, тапқыр, ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту.
Пәнаралық байланыс:
Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, математика, физика, биология, география, өнер және спорт.

Жүргізуші сөзі:
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаевта жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы білім. Білім - патриотизм негізі. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.

Құрметті Ұстаздар, сайысқа қатысушы үміткерлер 9 - 10 - 11 сынып оқушылары. «Білімпаздар бәйгесі» атты білімділер сайысын бастауға рұқсат етіңіздер Барлығы 10 оқушы. «Батылдық - балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі - ойын екендігі белгілі. Сайыскерлер: Алтай Толқын, Мутигуллин Еркебұлан, Шамұратова Алтынзер, Қабиболла Айдана, Қуанғали Көркем, Әліп Айдос
Ендігі кезек әділқазылар алқасы. Сарапшылар: тарих пәні мұғалімі – Нұрышев Е. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Күншығарова Қ., география пәні мұғалімі – Тілеумұханова, биология пәні мұғалімі – Күзембаева Г. математика пәні мұғалімі – Утеева К. ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Юсупова А.
Сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейік.
І. Жалпы сұрақтар.
ІІ. Көкпар.
ІІІ. Бәйге.
ІV. Жорға.

І. Жалпы сұрақтар.
Бағалануы 10 ұпай. Ұпай сандарын айтып отыру. Ұпайы аз ойыншы келесі ойынды бастайды. Жауап бере алмаса, жауап беру келесі ойыншыға ауысады.
1 сұрақ. Шешендік өнері туралы ғылым қалай аталады?
А) этимология В) риторика С) геральдика
2 сұрақ. Қызылорда облысынан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы
А) Б. Саттарханов В) Б. Жұмаділов С) Ж. Үшкемпіров
3 сұрақ. Грек тілінен аударғанда “халық билігі” деген мағына беретін сөз
А) плутократия В) автократия С) демократия
4 сұрақ. Қазақтан шыққан тұңғыш грек - рим (француз) күресінің шебері, әлем чемпионы
А) Балуан Шолақ В) Қажымұқан С) Д. Тұрлықанов
5 сұрақ. Қазақ елінің дарынды күйшісі, “Кісенашқан”, “Көбікшашқан”, “Кішкентай” күйлерінің авторы
А) Дәулеткерей В) Ықылас С) Құрманғазы
6 сұрақ. “Мыңжылдық Адамы” атағы берілген ұлы қолбасшы, жиһангер, империя әміршісін атаңыздар
А) Әмір Темір В) Бату хан С) Шыңғыс хан
7 сұрақ. Қазақстан Республикасында Тілдер Күні мерекесі қашан тойланады?
А) 25 қараша В) 28 қазан С) 22 қыркүйек
8 сұрақ. “Бақытсыз Жамал” романының авторы кім?
А) М. Дулатов В) І. Жансүгіров С) Ж. Аймауытов
9 сұрақ. “Хижра” сөзі араб тілінен аударғанда қандай мағына береді?
А) Жыл санау В) Уақыт өлшеу С) Қоныс аудару
10 сұрақ. Металл ақшалардың айналымын, тарихын зерттейтін ғылым саласы
А) бонистика В) нумизматика С) пегуния
11 сұрақ. 2010 - шы жылы жүз жылдығы тойланған қазақ батырын, жазушысын атаңыздар.
А) Т. Бигельдинов В) Б. Момышұлы С) Т. Тоқтаров
12 сұрақ. Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлік көрсеткен қазақтың ұшқыш қызы
А) М. Мәметова В) Ә. Молдағұлова С) Х. Доспанова
13 сұрақ. Алаш партиясының көсемі, ұлт зиялысы, қоғам қайраткері
А) А. Байтұрсынов В) М. Дулатов С) Ә. Бөкейханов
14 сұрақ. “Адамдық борышың” өлеңінің авторын ата?
А) А. Құнанбаев В) С. Мәуленов С) Ш. Құдайбердиев
15 сұрақ. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңы қашан қабылданды?
А) 16 желтоқсан 1991 жыл В) 27 шілде 2007 жыл С) 20желтоқсан 1986 жыл

ІІ. Көкпар. Әр пәннен 5 сұрақтан. Жауап нақты әрі тез болуы керек. Қай ойыншы бірінші болып карточкасын көтереді, сол оқушы бірінші жауап береді. Бағалануы 10 ұпайдан. Жалпы ұпайды есептеу.
Қазақстан тарихы
1. Шыңғысханның Орта Азияға жіберген 450 адамы бар керуені Отырарда қырғынға ұшырағаны белгілі. Бұның соңы қай оқиғаға апарып соқтырды? (“Отырар опаты”)
2. Геральдика ғылымы нені зерттейді? елтаңбаларды
3. 1731 жыл орыс елшілері келгенде Әбілхайырдың ордасы қай жерде болды? (Ырғыз өзені бойында)
4. Аса ұзаққа созылған тарихи кезең. (тас дәуірі)
5. тарихтың атасы (Геродот)

Математика
1. Латын тілінен бұл сөз «дөңгелектің сымдары» деп айтылады. Бұл не? (радиус)
2. Дөңгелекке іштей сызылған квадраттың ауданын тап. (2R2 )
3. IX ғасырда өмір сүрген қазақ математигі кім? (Ғаббас Жауһари)
4. Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиынтығы қалай аталады (шеңбер)
5. Ешқандай амал қолданбай 666 санын жарты есе арттырғанда қандай сан шығады 999

Биология
1. Биология сөзіне анықтама беріңіз? (“Биос” – тіршілік, “логос” – ғылым )
2. Тұңғыш рет ана тілімізде жаратылыстану ғылымы бойынша оқу құралдарын жазған ғалым. Ол кісінің “Жануарлар” кітабы 1922 жылы Ташкентте басылып шықты? (Халел Досмұхаммедов )
3. Жасушаның сыртында қабықшасы бар, іші шырынға толы болатын бөлігі қалай аталады? (Цитоплазма )
4. Алғаш рет 1665 жылы өсімдік қабығының жұқа кесіндісін микроскоппен қараған ағылшын ғалымы кім? (Роберт Гук )
5. Өсімдік тамырлары қандай екі түрге бөлінеді? (Кіндік тамыр және шашақ тамыр )

Қазақ тілі
1. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді? (Ашық және қысаң )
2. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер жиынтығы қалай аталады? (Диалект сөздер )
3. Жазылуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер қалай аталады? (Омоним сөздер)
4. Сөйлем және сөз тіркесін зерттейтін ғылым саласы қалай аталады? (СИНТАКСИС )
5. “Қазақ” газетінің негізін салушы, ұлттық жазуымыздың реформаторы кім? (Ахмет Байтұрсынов)

География
1. Қазақстандағы ең биік тау шыңы қалай аталады? ( Хан Тәңірі )
2. Австралия аборигендерінің имек ағаш түріндегі қаруы қалай аталады? (бумеранг )
3. Қашқарияға экспедициялық сапармен барған қазақтың тұңғыш географы? (Ш. Уәлиханов)
4. Әлемдегі ең үлкен арал қалай аталады? (Гренландия)
5. “Тұманды Альбион ” атауы қай елге қатысты айтылады? (Ұлыбритания )

Қазақ әдебиеті
1. “Ер Төстік” ертегісіндегі бас кейіпкердің тұлпарының аты қандай? (Шалқұйрық )
2. “Көшпенділер” тарихи трилогиясының авторы (І. Есенберлин )
3. Қазақ халқының ұлы жыршысы, ақыны. Қазіргі Тараз қаласы кеңестік дәуірде осы кісінің есімімен аталған? ( Жамбыл Жабаев)
4. “Мен қазақпын” поэмасының авторы кім? (Ж. Молдағалиев )
5. Көп жылдар бойы “Балдырған” журналын басқарған, балалар ақын (М. Әлімбаев )
Жалпы ұпай санын анықтау.

ІІІ. Бәйге.
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ сұрақ болсын
10, 20, 30, 40 ұяшықтарын таңдап, сол ұяшықтардың сұрақтарына жауап береді. Ұпай аз ойыншыдан бастаймыз. Жауап бере алмаса, дайын оқушы жауап береді де, жауабы дұрыс болса, ұяшық таңдайды.
Ғылым 10 20 30 40
Тұлға 10 20 30 40
Спорт 10 20 30 40
Құбылыстармен қасиеттер 10 20 30 40
Кино 10 20 30 40
Жылдар 10 20 30 40

“Ғылым”
10. Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жыланның бейнесі қай ғылым саласының таңбасы? (медицина )
20. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған биология ғылымының саласы. (экология)
30. Ғарышты зерттеумен айналысатын ғылым саласы қалай аталады? (космонавтика )
40. Ежелгі дәуірден жеткен жәдігерлер арқылы өткенді зерттейтін тарих ғылымының саласы. (археология )

“Тұлға”
10. Парсы патшасы Кирді жеңген сақ патшайымы. (Томирис )
20. Қазақтың арасынан шыққан тұңғыш ғарышкер, ҚР - ның Халық Қаһарманы
(Т. О. Әубәкіров )
30. Қазақ Ғылым Академиясының тұңғыш президенті, ғалым. (Қ. И. Сәтбаев )
40. Әйгілі шығыстанушы ғалым, Ш. Уәлихановтың досы. (Г. Н. Потанин)

«Спорт»
10. Спорт саласында «пентакампеон» сөзі қандай мағына береді? (Бес дүркін чемпион)
20. 2004 жылы Афины қаласында өткен олимпиадада бокстан алтын медальді жеңіп алған қазақ спортшысы. (Б. Артаев )
30. 2011 жылы Алматы - Астана қалаларында қандай спорт ойындары өтті? (қысқы Азия ойындары)
40. 2000 - шы жылы Сидней олимпиадасынан жеңіспен оралып, көп ұзамай қайғылы қазаға ұшыраған қазақ боксшысы. ( Б. Саттарханов )

«Құбылыстармен қасиеттер»
10. Заттың қандай қасиеттері адамға өте қауіпті? (жарылғыш, улы, радиоактивті)
20. Ай Жер мен күннің арасынан өткенде қандай құбылыс байқалады? (Күн тұтылуы)
30. Алтын мен қорғасынды бір біріне беттестіріп, бірнеше жыл өткеннен кейін олар бір бірімен тұтасып қалған. Бұл қандай құбылыс? (диффузия)
40. Түссіз, иіссіз, дәмсіз, оны сипаттау мүмкін емес, бірақ ол дүние жүзіндегі ең үлкен байлық. Бұл не туралы айтылып тұр? (су)

«Кино»
10. Әйгілі актер, режиссер (Ш. Айманов)
20. “Ағайынды” фильмінің режиссері (Ақан Сатаев)
30. “Қыз Жібек” фильмінің режиссері кім? (С. Қожақов)
40. “Мұстафа Шоқай” фильмін кім түсірген? (Нарымбетов)

«Жылдар»
10. Чернобыльдағы қандай оқиға және қай жылы болды? (1986ж)
20. Семей полигоны қай жылы жабылды? (29. 08. 1991ж)
30. «Ерлігі үшін» медалі не үшін беріледі және қай жылы белгіленген?
(Төтенше жағдайларда адам өмірін құтқаруға байланысты көрсеткен, қылмысқа қарсы күрескен үшін марапатталады 1993 жыл )
40. Қазақстан қай жылы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) және Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрамына кірді?
(ТМД: 1991 ж 21 желтоқсан, БҰҰ: 2 наурыз 1992 ж)
Барлық ұпайды есептеп, ұпайлары көп екі ойыншыны қалдырамыз.

ІV. Жорға.
Әр ойыншыға 15 сұрақтан қойылады. Тез әрі дұрыс жауап беру керек. Дұрыс жауапқа 1ұпайдан.
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.
Жоғары, жоғары, жорғала
Шапшаңдыққа таң қал ма.
Ойын деген нарталас
Жеңілемін деп ойлама

1. Аса ұзаққа созылған тарихи кезең. Тас дәуірі
2. Ең ауыр, күрделі садақ оғының жету қашықтығы. 450 метр
3. «Ақ өзендегі қала» деп қай қаланы атайды. Испиджаб
4. С. Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романында көрсетілген тақырып. 1916 жылғы көтеріліс.
5. Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың басшылығымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген және оның сәтті аяқтаған елші. Құндағұлұлы, Қоштайұлы.
6. Үш алыс (Көк пен жер арасы, кәрі мен жас арасы, жақсы мен жаман арасы)
7. Сиырдың пірі (Зеңгі баба)
8. Сүтке араластырып желінетін тарыдан жасалған қазақтың ертеден келе жатқан тағамы /Сөк/
9. Көшпенділер трилогиясының авторы (І. Есенберлин)
10. А. Жұмаділдаев - кім? Физика - математика ғылымдарының докторы, профессор
11. Бүтінді 4 - ке бөлгендегі үлесі.
12. Қазақ тілі неше салаға бөлініп оқытылады.
13. Үдеудің өлшем бірлігі.
14. Қазақтың соңғы ханы кім.(Кенесары)
15. Көкжиек тұстары (солтүстік, оңтүстік, батыс, шығыс)

1. Қазба жұмыстарын жүргізетін ғалым (археология)
2. Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)
3. Әмір Темір қай тайпадан шыққан (Барлас)
4. жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты белгілеген (Үркер)
5. Тәуке ханның заңы (Жеті жарғы)
6. Астана қаласының символы /Бәйтерек/
7. 1993 жылы 15 қарашада болған тарихи оқиға /Валюта енгізілді/
8. «Мен қазақпын» поэмасын жазған адам. / Ж. Молдағалиев/
9. Қазақстанды алғаш тәуелсіз деп таныған ел /Түркия/
10. Малдың төлдегеннен кейінгі алғашқы сүті /Уыз/
11. Фонетика ғылымы нені зерттейді?
12. Вольтметр тізбекке қалай жалғанады.
13. Жеті ырыс - қазына /Ер жігіт, сұлу әйел, ілім - білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, тазы/
14. Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеген ғалым (Фернан Магелан)
15. Жай бөлшектің негізгі қасиеті.

Жинаған ұпайлары есептелініп, жеңімпазды анықтады. ХІ сынып оқушысы Мутигуллин Еркебұлан жеңімпаз болды.
19 033
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Ғажайып жетілік (интеллектуалдық ойын)
Ғажайып жетілік (интеллектуалдық ойын)
Мектепте өтілетін пәндер бойынша оқушылар өз білімдерін меңгерте отырып, ұшқыр, тапқыр білімді ізденімпаз оқушыларды анықтау. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз білім деңгейін топтық жарыстарды көрсете білу.
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Білімді ұрпақ - ертеңгі болашақ
Сабақтың тақырыбы: «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ»
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Білекті бірді, білімді мыңды жығады
Ойыл ауданы, Ш.Берсиев атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Оспанова Қарылға Сәдуақасқызы
Білімді мыңды жығады
Білімді мыңды жығады
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қожбанбет би атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Оспанбекова Гулназира Курумбайқызы
Тәуелсіздіктің тура жолы - білімде
Тәуелсіздіктің тура жолы - білімде
Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, №25 Т. Рысқұлов атындағы мектеп – гимназиясының тарих пәні мұғалімі: Байдосова Айнұр
Білім сайысы
Білім сайысы
Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы "№6 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ - нің жанындағы интернат тәрбиешісі Қалдыбаев Қажығали Әділғажыұлы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×