Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ғажайып жетілік (интеллектуалдық ойын)

18 сәуір 2018, Сәрсенбі
Категориясы: Бастауыш сынып
Сабақтың тақырыбы: Ғажайып жетілік (интеллектуалдық ойын)
Мақсаты: Оқушылар бірін-бірі тыңдауға, сыйластыққа, білімділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Оқушылар қандай да бір мақсатқа жету жолдарының бар екенін ұғынады.
Білімділік: Мектепте өтілетін пәндер бойынша оқушылар өз білімдерін меңгерте отырып, ұшқыр, тапқыр білімді ізденімпаз оқушыларды анықтау. Пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз білім деңгейін топтық жарыстарды көрсете білу.
Дамытушылық: Оқушылардың тез ойлау қабілетін, логикасын дамыта отырып, шығармашылыққа баулу.
Сабақтың түрі: ойын сабақ
Ойынның шарты екі команда қатысады. (10 - 11 сынып оқушылары)

Мұғалімнің сөзі:
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз өмір бойы жететін білім моделінен өмір бойы білім алу моделіне көше алуға тиіспіз» - деп білімнің маңызын айрықша жоғары бағалаған екен. Олай болса бүгінгі «Ғажайып жетілік» ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
Бұл ойының шарты: мектепте өтілетін жеті пәннің сұрақтары түрлі түсті жеті конвертке салынған. Оқушылар өз таңдаулары бойынша конверттерді алады. Қазақ халқы жеті санын киелі деп бағалаған. Сондықтан біз жеті санына жеті пәнді қарастыра отырып сұрақтар түздік.

Біздің ұранымыз: Білімсіз бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар ойынға қатысушы 10 - 11 сынып оқушыларынан екі топ құралған.
Барлығы екі топ. «Батылдық - балалық шақта шыңдалады» десек баланы бала ететін тәрбие құралының бірі - ойын екендігі белгілі.

Сайыскер топтар:
Пәндер атауы:
I. Тарих
II. География
III. Биология
IV. Химия
V. Қазақстан тарихы
VІ. Адам. Құқық. Қоғам.
VІІ. Математика

«Ақыл жастан деген ғой,
Жол сілтер данасы бол.
Көптің тірі болмай,
Өз тұрғылыстарыңның дарасы бол» - деп Төле би атамыз айтқандай сайысымызды бастаймыз. Үлкен батман қағазға жазылған жеті санынан жеті пәннің біреуін таңдайды. Түрлі түсті конверттердегі сандар 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7.
I. Тарих
1. Шығыста тарихтың атасы кім? (Сыма Цянь)
2. Тарихтың қайнар көзі (дерек)
3. «Хижра» сөзі қандай мағына береді? (көшу, қоныс аудару, мұсылманның жыл санауы
4. Египет пирамидаларының ең үлкені? (Хеопс)
5. «Жүз жылдық» соғыс қай елдердің арасында болды? (Франция мен Англия)
6. ХV ғасырда Еуропада неше университет болды? (65)
7. Дүние жүзіндегі ең алғаш капитализм орнаған ел? (Англия)

2. География
1. «Картаны» алғаш жасаған кім? (Геродот)
2. қазақстанның тұңғыш кітабы шыққан жыл? (1978 ж)
3. Африка жағалауындағы шығанақ? (Гвинея)
4. Алғаш грек ғалымдары енгізген ұғым? (Еуропа)
5. Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектесетін мемлекет (Әзербайжан)
6. Африкадағы ең үлкен көл? (Виктория)
7. Жердің қатты қабаты? Литосфера)

ІІІ. Биология
1. Генетиканың негізін қалаған кім? (Г. Мендель)
2. Адам миының бөлімдері (ми діні, мишық, үлкен ми сыңарлары)
3. Киттің тыныс алу мүшелері? (өкпе)
4. Аяқ сүйегіне жатады? (шыбық сүйек)
5. Сирек кездесетін қан ұйымайтын ауру? (Гемофиля)
6. Жалпақ сүйек (жауырын)
7. Әйгілі тары өсіруші? (Қ. Берсиев)

IV. Химия
1. Шыны ыдыста сақтауға болмайтын қышқыл? (HF)
2. Металдарды алу әдістері? (гидрометаллургия, пирометаллургия, электрометаллургия)
3. Спирттердің жіктелуі? (біріншілік, екіншілік, үшіншілік)
4. Этанға тән емес реакция?(изомерлену)
5. Қосылыстарда ең жоғары тотығу дәрежесін көрсететін элемент?(марганец)
6. Магналий құрамына кіреді?(алюминий, магний)
7. Иондық кристалдық торы бар заттар? (ас тұзы, әктас)

V. Қазақстан тарихы
1. Абылай ханның жоңғар тұтқынында болған жылдар? (1741 - 1743жж)
2. 1731 жылы 19 ақпанда қазақ елшілерін қабылдаған орыс императрицасы кім? (Анна Ионовна)
3. Әбілхайыр ханның өмір сүрген жылдары? (1680 - 1748 жж)
4. «Қорқыт ата» кітабын алғаш зерттеген неміс ғалымы? (Н. Ф. Диц)
5. Монғолдар Орта Азияны қай жылдары түгелдей жаулап алды? (1219 - 1221 жж)
6. «Алаң да алаң алаң жұрт» шығармасының авторы, жырау, күйші шешен, қолбасшы? (Қазтуған)
7. Қарақытай билеушісінің титулы? (Горхан)

Жуалы ауданы, Ақтөбе ауылы,
№25 Ақтөбе тірек мектебінің (РО)
тарих пәнінің мұғалімі:
Айтуарова Айжан Абдихаликовна

Ғажайып жетілік (интеллектуалдық ойын). жүктеу
3 615
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Зерде» интеллектуалдық ойын
«Зерде» интеллектуалдық ойын
Оқушылардың танымдық қабілетін арттырып, интеллектуалды, өнерлі де жігерлі, шығармашыл, еркін ойлай алатын жеке тұлға етіп тәрбиелеу. Оқушылардың білімдерін пысықтау. Алған білімдерін саралай отырып, оқу іс – әрекетіне деген қызығушылықтарын арттыру.
Қызықты физика физикалық ойынының бағдарламасы
Қызықты физика физикалық ойынының бағдарламасы
Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, Танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Ғажайып алаң интеллектуалдық ойыны
Ғажайып алаң интеллектуалдық ойыны
Білімді, жан - жақты болуға үйрету. Білуге үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Жарысуға, жарыста жеңімпаз болуға ұмтылуын дамыту. Білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Тарих қадамдары
Тарих қадамдары
Қазақ тілі, Қазақстан тарихы пәндеріне қауымның қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін нығайту, тарихи зерделілік, зияттылық қасиеттерін дамыту.
Тапқыр болсаң, озып көр
Тапқыр болсаң, озып көр
Алматы облысы, Райымбек ауданы, А.Нүсіпбеков атындағы орта мектебінің математика пәні мұғалімі Тұрсынқызы Жазира
Ізденіс - өнер сабағы
Ізденіс - өнер сабағы
Атырау қаласы, Еркінқала орта мектебінің технология пәні мұғалімі Кульмуханова Маржан Сарсенқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×