Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Бақытым да, байлығым да – денсаулық

13 тамыз 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Бақытым да, байлығым да – денсаулық».
Мақсаты: 1). оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын өмір сүру үшін қажеттілігін, байлық екенін түсіндіру;
2). оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру;
3). тазалыққа, спортқа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, тірек сызба, мақалдар, буклет т. б.

Жүрісі:
Кіріспе сөз.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің халыққа арнаған «Қазақстан – 2030» жолдауында бізді отан игілігі үшін өз денсаулығымызды сақтауға шақырды. Қазақстанда тұратын әрбір азаматтың денсаулығы мықты болу керектігін айтты. 2008 жылдың 8 - ақпандағы кезекті жолдауында денсаулық мәселесіне көбірек тоқталып кетті. Ауруды емдеуден гөрі оның алу
керектігін айтты. Біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы осы денсаулыққа
байланысты. Оқушыларға сұрақ қою, оған толық жауап алу.
- Балалар, байлық дегеніміз не?
- Сендер байлық дегенге қалай түсінесіңдер? ( Оқушыларға өз ойларын айтқызу).
- Бірінші байлық - денсаулық.

Тірек сызбамен жұмыс.
Байлық

Ақша
Машина
Мал
Үй

Денсаулық

Тазалық
Тамақ
Дене шынықтыру

Денсаулық – адамның ең басты қасиетті де қайталанбас, жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін орны толмас асыл қазынасы.
Денсаулық – зор байлық. Денсаулық болса, бәрі де болады. Денсаулықты сақтау
үшін тазалық, дене шынықтырудың, дұрыс тамақтанудың маңызы зор.
Денсаулықты сақтау үшін салауатты өмір салтының негізгі талаптарын білуге үйрету. Бос уақыттарында спорт түрлерімен шұғылдануға, үйренуге машықтандыру. Қазақстан спортшыларымен таныстыра отырып, Лондонда өткен 30 – шы жазғы ойындардан 13 олимпиадалық медаль алғандарын мақтанышпен оқушыларға паш ету.
Қазақстанның ұлттық құрамасы Лондондағы Олимпиада ойындарында өнер көрсетуін аяқтады. Спортшылар қоржынында 13 медаль бар. Қазақстан өзінің спорттық тарихында бірінші рет жалпы командалық есепте 12 орынға шықты.
Лондондағы Олимпиадалық ойындарда Қазақстан әлемдегі ең мықты 20 елдің қатарына енді. Спортшылар ұлттық құраманың қоржынына 13 олимпиядалық медаль салды, оның 7 - алтын, 1 - күміс және 5 - қола
Жоғары жетістік медалін велошабандоз Александр Винокуров, ауыр атлеттер Зулфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин, жеңіл атлет Ольга Рыпакова мен боксшы Серік Сапиев жеңіп алды

Боксшы – Серік Сапиев.
Ауыр атлетші – Илья Ильин
Велошабандоз – А. Винокуров
ауыр атлетші – З. Чиншанло
Ауыр атлетші – С. Подобедова.
Ауыр атлетші – М. Манеза
Өз кезегінде, күміс медалді боксшы Әділбек Ниязымбетов әкелсе, қоланы грек - рим күресінен Даниял Гаджиев, бокстан Марина Вольнова мен Иван Дычко, еркін күрестен Гюзель Манюрова мен Ақжүрек Таңатаров жеңіп алды.
Ауыр атлет Илья Ильин тұңғыш рет Қазақстанның екі мәрте олимпиада чемпионы атанды. Осылайша, қазақстандық атлеттердің Лондон Олимпиадасында өнер көрсетуі Қазақстанның спорт тарихындағы ең үздік жетістік деп танылды.
Даниял Гаджиев Гюзель Манюрова Ә. Ниязымбетов Ольга Рыпакова

Тазалық – денсаулық кепілі.
Ас – адамның арқауы.
1. Тазалық – денсаулық кепілі.

1 – оқушы:
Таза киім киемін,
Тазалықты сүйемін.
Денем таза болса да,
Түсем жиі моншаға.

2 – оқушы:
Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі – жиі жуын сен.
Таңертең де, кешке де,
Жуын күндіз, түсте де.
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында.
Жуын ұйықтар кезінде,
Жуын тұрған мезгілде.

Көрініс: «Кірқоймас»

- Көріністегі бала үнемі қандай болып жүретін еді?
- Қандай жағдай болды?
- Бала не істеді?
- Ол тазарған соң не істеді?

Жұмбақ шешу.

Дымқылдап күнде сен
Қолыңды үйкесең,
Кетіп кір – ласың
Тап – таза боласың.
Бұл не? (Сабын)

Тазалық сақтау адам денсаулығы үшін өте маңызды, сондықтан үйде, мектепте6 қоғамдық орындарда, далада тазалық сақтауымыз керек.
- Жеміс – жидектерді жемес бұрын не істеуіміз керек?
- Тамақтанар алдында не істейміз?

2. Шынықсаң шымыр боларсың

3 – оқушы:
Шығу үшін шымыр боп,
Шынығамыз шаршамай.
Бұлшық еттер шымыр боп,
Аламыз сосын тыныс жай.
4 – оқушы:
Жалқаулықты тастаймыз,
Жаттығуды бастаймыз.
Қиынсынып қашпаймыз,
Шынығамыз жастай біз.
Біздің денсаулығымыз мықты болу үшін тазалық сақтау жеткіліксіз. Сонымен
бірге денемізді шынықтыруымыз керек. Үнемі дене шынықтырумен айналысатын
адам ауырмайды.
- Қандай спорт түрлерін білесіңдер?
- Ендеше қазір бір спорт түрін көрсетейік.

Ойын: «Білек күрес»
Бастауыш сынып мұғалімдері

Оқушыларды топқа бөлу.
«Әтештер» сайысы
«Қаппен» жарысы

Оқушыларды марапаттау
би билеуде спортқа жатады
Денемізді шынықтырамыз
Егер деніміз сау болсын десеңдер, спортпен айналысу қажет екенін білдік.
Таза ауада демалу, спортпен шұғылдану, тазалықты сақтау, денені күтіп ұстау, еңбек ету, дұрыс тамақтану – барлығы салауатты өмір салтына жатады. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды марапаттау, қонақтарға сөз берілді.
26 408
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Сұлулықпен денсаулық
Сұлулықпен денсаулық
Мақсаты: «Бірінші байлық - денсаулық» «Қазақстан - 2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал - ахуалы жақсы болу үшін зиянды әрекеттерден - ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктің денсаулыққа,
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық - адам өміріндегі ең үлкен байлық. Денсаулықтың арқасында адам еңбек етеді, жетістікке жетеді және бақытты өмір сүреді.
Денсаулық әліппесі
Денсаулық әліппесі
Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Саудакент ауылы, Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Байқадамова Ақмарал Асанқызы
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай ауылы, №3орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Бердіғалиева Рауаш
Денсаулық - зор байлық
Денсаулық - зор байлық
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №14 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі, Халық ағарту ісінің озық қызметкері Балова Леля Батимовна
Денсаулық – зор байлық
Денсаулық – зор байлық
Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №8 «Теремок»бала - бақшасы тәрбиешісі: Балдырова Бақыт Мейрамовна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×