Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Жол апаты айтып келмейді

27 қараша 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: Жол апаты айтып келмейді
Білімділік мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру, бағдаршам сигналдарын меңгерту, көшеде дұрыс жүруге үйрету. Теміржолда, әуеде, жерде жолда жүру ережелерімен таныстыру, жол апатынан сақтандыру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың көшедегі мінез - құлығын, өзін - өзі ұстауын, жол ережесіне байланысты сана - сезімін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабырлылыққа, байқағыштыққа, қиын жағдайда қайырымды болуға, көмек көрсете білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: „Көше және мен”, „Бағдаршам”, „Оқушылар шығармашылығы” „Баспасөз материалдары” тақырыбындағы фотостендтер, „ Көліктердің түрлері” тақырыбындағы жинақтама. т. б.

Тәрбие сағатының барысы.
Ұйымдастыру:
Психологиялық дайындық: Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлеметсіздер ме?- деп
Амандасып аламыз.
Сұрақ - жауап.
- Балалар, ата - анамыз қайда барады?
- Жұмысқа, базарға, көрші ауылға, басқа қалаға барады.
- Олар немен жүреді?
- жеңіл көлік, газель, автобус, поезд, ұшақпен жүреді.
Мұғалім:- Көліктер не үшін қажет? (тіл дамыту)
(балалардың жауаптарын тыңдау)
СТО технологиясы бойынша
(Венн диаграммасы арқылы оқушылардың байқампаздық қабілетін дамыту)
Алысқа жеткізеді, қыста тоңдырмайды, жазда ыстықтамайсың, киімің лас болмайды, музыка тыңдайсың, ішінде отырып тамақ шесің
Көп ақшаға сатып аласың, бөлшектерін сатып алуға, жанармай алуға ақша жұмсайсың, жол апатына ұшыратады.

Олай болса балалар көліктердің барлығы бізге үнемі пайда әкелмейді екен.
Мен сендерге жұмбақ айтамын(ойлау қабілетін дамыту)
Қатар жатқан қос білек,
Үстінен келер күш үдеп. (Жауабы: теміржол)
- Кім поездға мініп көрді? (оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Мұғалім: Пойызға тоқтағаннан кейін міну керек, терезеден басыңды шығаруға болмайды, поезд тоқтағаннан кейінде түсу керек, секіріп түсуге болмайды. Теміржолда да апаттар болып тұрады. Жыл сайын көптеген адамдар зардап шегіп жарақат алады. Сондықтан теміржол бойындағы апаттан да әрқашан сақ болуымыз керек. (өмір қауіпсіздігі тәрбиесін беру)

Жұмбақ: Құстан аумайды,
Көктен заулайды. (Жауабы: ұшақ)
Кім ұшаққа мініп көрді? (тіл дамыту)
Мен мініп көрдім. Басқа қалаларға барып көрдім.
Мұғалім: Ұшақта ата - анаңның қасында болу керек. Ұшақта қозғалмай отыру, белбеу тағу керек. Ұшақтың ішінде әрлі - берлі жүруге, жүгіруге болмайды. Жолаушылар мінген ұшақтар жол ережесін бұзғандықтан апат болып көптеген жолаушылар баратын жеріне жете алмай қаза болады. Сондықтан сендер ұшақта тәртіпті болуларың керек. Жол серік терінің айтқанын тыңдау қажет.
(өмір қауіпсіздігі тәрбиесін беру)
- Балалар мен сендерге тағы бір жұмбақ жасырамын. Мұқият тыңдаңдар.
Жұмбақ:
Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та Ол не?
(Бағдаршам)
Көрініс.
Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Мұғалім: Сіз кім боласыз? Неге көңілсізсіз?
Бағдаршам: Мені танымай қалдыңдар ма? Мен – Бағдаршаммын. Ауа - райы қолайсыз болғандықтан, қатты жел тұрып, шамдарым сынып қалды. Енді көше тәртібі бұзылып көліктер мен жаяу жүргіншілер жол ережесін бұзып жатыр. Балалар экранға назар аударайық. Не көріп тұрсыңдар: (сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу)
- Көшеде адамдар мен көліктер қалай жүру керектігін білмей бір - біріне кедергі келтіруде.
(экранға қарап өздері қорытынды шығарады)

Бағдаршам:
Мен сіздерге бір оқиғаны айтып берейін.

Көрініс.
Екі балдаққа сүйенген Есек келе жатады. Алдынан Арыстан шығады.
(Екеуі қол алысып амандасады)
Арыстан: Есек, қайда барасың?
Есек: Базарға бара жатырмын.
Арыстан: Аяғыңа не болды?
Есек: Жол апатына ұшырадым.
Арыстан: Бағдаршамға қарамадың ба?
Есек: Досыммен сөйлесіп келе жатып байқамай қалдым.
Арыстан: Есек, сен болашақта МАИ қызметкерінің кеңесін есіңнен шығарма.
Соны барлық аңдарға жеткіз. (Арыстан МАИ қызметкерін шақырады)

МАИ қызметкері: (Есекке қарап, балаларға қарап)
1. Жолда жүргенде бағдаршамға мұқият қараңдар.
2. Ата-аналарыңсыз жолға шықпаңдар.
3. Жолда доп ойнамаңдар. Жол апаты айтып келмейді.
Мұғалім: Балалар жол апатының қандай себептері бар деп ойлайсыңдар?

- жүргізуші мас күйінде көлік жүргізсе;
- қатты шаршап, ұйықтап кетсе;
- көлік бұзық болса;
- жол ережесін бұзса;
- бағдаршамға қарамаса;;
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Олай болса балалар арақ ішкен адам көлік жүргізбеу керек, қатты шаршаса ұйықтап алу керек, қала ішінде жоғары жылдамдықпен жүруге болмайды, көлік бұзық болса жөндету керек.
Жол апаты кезінде адамдарға алғашқы көмек көрсетіңдер. Ол үшін көліктегі қобдиша сендерге қызмет етеді. (жедел жәрдем келгенге дейін көмек көрсетуді үйрету)
Сұрақ: Балалар бағдаршам туралы не білесіңдер?
(шарды пайдаланып қимылды ойын ұйымдастыру.) Оқушылардың белсенділігін арттыру
Гүлназ: Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Мереке: Сары көзін ашқанда.
Қарап қалма аспанға.
Венера: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
Мұғалім: Құрметті бағдаршам, біздің балалар саған көшелерге қоятын көптеген бағдаршамдар дайындап береді. (Балалар шаршыдан дөңгелек қиып алып бағдаршам дайындайды) Қол еңбегі сабағымен байланыстыру.

Бағдаршам: Сендердің жасаған бағдаршамдарыңды алып көше қиылыстарына қоямын. Сендерді жол апатынан осы бағдаршамдар құтқарады.

Бағдаршам: Кел, балалар ойнаңдар
Бағдаршамға қараңдар.
Жанған кезде көздерім,
Ережені бұзбаңдар.

Балалар: Үлкен біздің қаламыз
Есте сақтап аламыз.
Қызыл, жасыл, сары шам
Көшеде тұр бағдаршам.
(Балалар экранға қарайды, өз орнында тұрған бағдаршамды көреді)
Мұғалімнің қорытынды сөзі: Бағдаршам - біздің досымыз. Ол бізді жол апатынан құтқарады. Бізге жиі - жиі келіп тұр.
Музыка ойналады „Балалық шақ” әні хормен айтылады.
Бағдаршам: Сендерге ризамын. Сау болыңдар.
Мұғалім жол белгілерінің түрлерімен, көліктің түрлерімен, оқушылар шығармашылығымен, баспасөз материалдарымен таныстырып қорытынды жасайды.
16 203
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережелері туралы түсінік бере отырып, көше, жол, жаяу жүргіншілер туралы түсініктерін жетілдіру; жол белгілерін ажырата білуге үйрету, бағдаршам туралы түсініктерін кеңейту; көшеде тәртіп сақтап жүруге байқампаздыққа, сақтықпен жүруге
Абайла, бағдаршам!
Абайла, бағдаршам!
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны,
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Мақсаты:1. Балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. 2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің белгілерімен таныстыру.
Жол тәртібін сақтайық!
Жол тәртібін сақтайық!
Атырау қаласы, №8 «Ақбота» шипа - жай типті бөбекжай - балабақшасы. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі Гилажова Айгул Мауфихқызы
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Жолда жүру ережесін сақтаймыз!
Ақтөбе облысы, Алға ауданы, №1 Алға мектеп - бақшада тәрбиешісі Калкаева Адеми Жоламановна
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Жолда жүру ережесін білеміз бе?
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бердешева Жадыра
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×