Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абай дана - Абай дара қазақта

14 желтоқсан 2013, Сенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Абай – дана, Абай - дара қазақта».
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды Ұлы ақын - А. Құнанбайұлының балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту.
Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып, өсуге тәрбиелеу.
2. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу.
3. Гуманистік, адамгершілік, еңбек, имандылық тәрбиесін беру.
Сабақтың әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, баяндау, түсіндіру, өлең оқу, ән айту.
Сабақтың көрнекілігі: Абай портреті, кітаптар, шығармалары, тірек сызбалар, қанатты сөздер, фотослайдтар, буклеттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе. Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар!
Абай ата қазағымның тірегі,
Халқымыздың соғып тұрған жүрегі.
Төгетұғын сәулесі мен шуағын,
Маңдайдағы жарқыраған күн еді.
Өтіп кеттің өмірден, қалды үнің,
Сен өлгенмен, мәңгі өлмес бар өлеңің,
Ұғындырған осынау жас қадірін,
Ұрпағыңа қалдырған өсиетің,
Танытқандай қазақтың қасиетін.
«Поэзия мен өнердің патшасы» деп
Ұрпағың тұр алдында бас иетін. –
демекші қазақтың бас ақыны, асқан поэтикалық қуаттың иесі, халықтың мақтанышы Абай Құнанбайұлы туралы әңгіме болмақ.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Абай – туған елін, жерін, тілін, дінін жанындай жақсы көрген нағыз ұлтжанды дана ақын. Абай қолына қалам алып, ғылым мен білімнің ауыр азабын арқалап, өз халқын өркениетті елдердің қатарына қосуға тырысқан, қазақтың рухын жоғары көтерген дана қолбасшымыз болғандығы баршамызға мәлім. Сондықтан, Абайды ұлттық жазба әдебиетіміздің атасы деп танып білуіміз керек. Бұл кеште Абайдың өлеңдері, әндері мен шығармаларының үзінділерімен танысасыздар.

1 - оқушы: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне – өзі орнатып ескерткішті,
Мұра ғып, кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құбажан, құрбақан құм, құла қырда,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?

2 - оқушы: Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырып келешекке,
Біздермен осы күнгі тілдескен кім?
Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім?
Жауына найза сөзін шанышқан кім?
Өзендей құйған барын көк теңізге,
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?


Мұғалім: Абай атамыздың өмірбаянымен танысайық.

3 - оқушы: Өмірбаян.
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата - тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға - сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған. Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аңыз - әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет - Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.
Жастайынан ел басқаруға араласқан Абай қазақтың білгірлері, шешендері, ақындары, жыршыларымен жиі кездесіп, өз халқының рухани мәдениетімен ерте сусындайды. Өзі де билер секілді шешен сөйлеуге үйренді. Жас күнінде оқи алмағанын арман етіп кейінгі ұрпаққа:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, - деп өсиет қалдырды.

4 – оқушы. Абайдың шын аты – Ибрагим. Шешесі Ұлжан – Ибрагим деген атты бұзып Абай деп қойған.
Кең дала нұрын шашқан маңайына,
Қараймын мақтанышпен Абайыма.
Алдында Ұлжан ана басымды ием,
Теңесер ақылды ару, саналы ермен,
Жұлдызы ондай жанның -
Жанады өрден
Ұлжанды ұлы демей, мен кім деймін,
Қазаққа
Қайталанбас дана берген! – деп мақтан еткен екен әкесі
Құнанбай.

Тірек сызбамен жұмыс
Мұғалім: Абайдың әкесінің, шешесінің, әжесінің аттарын атап бере отырып, жеті атасын айтып бере аласыңдар ма?

5 - оқушы: Әкесі Құнанбай, шешесі Ұлжан, әжесі Зере, руы тобықты. Абайдың жеті атасы: Айтек, Олжай, Айдос, Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай, Абай.

6 - оқушы: Абай өлең шығаруды бала кезінде - ақ бастаған. Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе қара сөз) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.

7 - оқушы: Абайдың шығармалары.
Поэмалары: «Ескендір», Масғұт», «Әзім әңгімесі». 45 қара сөзі, өлеңдері бар.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 580
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту. Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім - ғылымға құмарлығын арттыру.
Абай – дана, Абай – дара қазақта
Абай – дана, Абай – дара қазақта
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Алтын Хадимқызы
Ұлы Абай, дана Абай, дара Абай
Ұлы Абай, дана Абай, дара Абай
Семей қаласы. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жунусова Майрагуль Садырбайқызы
Абай атаға арнау
Абай атаға арнау
Мағжан Жұмабаев атындағы орта мектептің 7- сынып оқушысы Абдраманхан Марат
Ұлы Абайға арнау
Ұлы Абайға арнау
Ұлы Абайға арнау. Сөнбес сәуле сепкен Алаш елінде, МәшҺүр еткен қазақты жер жүзіне. Жаныңа жақын Татьянаның хаттары, Жырлаған қазақ - орыс жерінде.
Абай атаға арнау
Абай атаға арнау
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті, №85 орта мектептің 3-сынып оқушысы Өтепова Аяулым Ерланқызы Жетекшісі: Қайруллаева Айгүл Әділбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×