Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!

10 наурыз 2016, Бейсенбі
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы
«Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі
шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің директоры Абдилова Бибігүл Байжұмақызы

Сабақтың тақырыбы: «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды Ұлы ақынның балалық және жастық шағы, өскен ортасымен таныстыру. Ақындығы мен композиторлығын таныту.
Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, өмірін, қасиеттерін үлгі ете отырып, білім - ғылымға құмарлығын арттыру.
Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: А.Құнанбаев суреті, «Абай жолы» романы, ақын туралы айтылған қанатты сөздер, слайд, бейнежазба материалдары

Өту барысы:
1. Кіріспе бөлім.
Жүргізуші: Өлсе өлер табиғат, адам өлмес.
Ол бірақ қайтіп келіп ойнап – күлмес.
Мені мен, менікінің айырылғанын,
“Өлді” деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сыя ма, айтыңдаршы.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған – дегендей бүгін біз артында өлмейтұғын сөз қалдырған ұлы ақын атамыз – Абай Құнанбайұлы туралы сөз қозғамақпыз.

2. Тіл мерекесімен құттықтау!
Қазақ халқында «Ер қазынасы – ескі сөз, ел қазынасы – ескі сөз, тіл қазынасы – ескі сөз», «Өнер алды – қызыл тіл» деген мақалдар бар. Халқымыз тіл құдіретін танып, ардақтаған. Ата - бабамыз ежелден үш нәрсені бойтұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол - ел, жер және тіл. Ана тіл әр халықтың төл белгісі. Адам білімді, тәлім - тәрбиені тіл арқылы алады, мәдениетті, өнерді, салт - дәстүрімізді, ғылымды тіл арқылы үйренеді. Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген – түбін білмейді», деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс
(Үш тілде тіл мерекесі туралы 3 оқушы құттықтау сөз айтады)
3. Ұлы ақын Абай туралы бейнефильм көру (7мин)
4. Топтасқан оқушылар өз тақырыптарын үш тілде қорғайды. (Слайд арқылы)

1 - топ Абай - аудармашы
Жүргізуші: Абай орыс ақыны А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер, М.Ю.Лермонтовтың, И. Гетенің шығармаларын сүйіп оқып, аударған. Біз оқыған «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын да И. А. Крыловтан аударған Абай атамыз екен.

2 - топ Абай - күйші, сазгер
Жүргізуші: Абай қазақтың ән - күйін сүйіп тыңдаған. Жаяу Мұса, Біржан сал, Ақан сері, Тәттімбет сияқты халық сазгерлерін ерекше бағалаған. Өзі де бірнеше ән шығарған.

3 - топ Абай - ақын,
Жүргізуші: Ұлы ақынның туған жері – табиғаты тамаша Семей жері, Шыңғыс тауының етегі. Осы туған жердің табиғаты, туған отбасы, заманы – барлығы Абайдың сезіміне, жүрегіне әсер етіп, оның ақындығына ықпал етті. Енді өзіміз білетін
5. Абайдың шежіресі. Топтар шығармашылық жұмыстарын орындайды
6. Барлық топ мүшелері Абайдың өлеңін айтады

Қорытынды бөлім Ақынның қара сөздерімен қорытындылау (бейнежазбадан көреді)
Жүргізуші: Абай – дара, Абай – кемел, озат та,
Жол салады әр өлеңі ғажапқа!
Бар жазғаны даналық боп саналған,
Жалғыздардың жалғызы ол – қазақта. Кешегі ауыр да күңгірт заманда жалын боп жанып өткен Абайдың осы мұрасы туған халқы үшін ешқашан да сарқылмайды. Абай туған елін қаншама сүйсе, елі үшін күңіреніп, тебіренсе бүгінгі ұрпақ оны сонша құрметпен сүйіп отыр. Абайдың көзі тірісінде жетпеген арманына біздің заманымызда жетіп отыр. Өйткені, бүгінгі ұрпақ көзі ашық, ғылымға, білімге, өнерге құмар. Абай атамыздың «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» деген өсиетін көкіректе нық сақтайық.
- Сабаққа қатысқандарыңызға көп рахмет! Сау болыңыздар!
3 071
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абай – дара, Абай – дана қазақта
Абай – дара, Абай – дана қазақта
Мақсаты: Оқушыларды Абай Құнанбаевтың өмірімен, өскен ортасымен, қарасөздерімен, өлеңдерімен, әндерімен, аудармаларымен таныстыру. Шығармаларын түсініп оқуға, танып өсуге баулу, өмірін, адамгершілік қасиеттерін үлгі ету.
Абай – дана, Абай – дара қазақта
Абай – дана, Абай – дара қазақта
Атырау облысы Құрманғазы ауданы Абай қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Төлегенова Алтын Хадимқызы
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!
Ұлы Абай - нар тұлға
Ұлы Абай - нар тұлға
Қарағанды облысы, Абай ауданы, Құрма ЖОББМ Бөкен Қазбек Маратұлы
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе
Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы, Т. Жүргенов атындағы орта мектептің бастауыш класс мұғалімі: Искакова Шаригул Садуакасовна
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Үржар ауылы КММ «Крупская атындағы орта мектеп - балабақша» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірханова Райхан Есілжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×