Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Билік сөздер туындысы

31 желтоқсан 2013, Сейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Билік сөздер туындысы.
Сөз қадірін білмесе,
Биден билік көшкені...
(Сахналық қойылым)

Мақсаты: Оқушыларға сөз мағынасын терең түсініп, көркем ойлы сөйлей білуді меңгерту.
Шешендік өнер туындысын терең зерделей, асыл сөздің тәрбиелік мәніне ерекше мән бере ұғындыру.
Оқушылардың тіл байлығын арттыру арқылы, жас ұрпақты ата - бабамыздың «от ауыз, орақ тілді» ділмәр шешендік өнерге баулу, жетілдіру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер: «Шешеннің сөзі мерген, шебердің ісі мерген», «Өнер алды – қызыл тіл», «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар». Экран, бейнетаспа, суреттер, шешендік өнер туралы кітап - көрме, үнтаспа, «Көшпенділер» киносынан үзінді.

Сабақ барысы:
І. Психологиялық дайындық.
Өнер алды – қызыл тіл,
Шешен – сөз бастар,
Батыр – қол бастар.
Көп сөз – күміс,
Аз сөз – алтын.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
- Балалар, біздің шешендік өнер туындысына негізделген «Маржан сөз» қосымша сабағымызды бастағалы отырмыз.

Абайдың отыз бірінші қара сөзі.
Естілген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар.
Әуелі – көкірегі байлаулы берік болмақ керек. Екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек. Үшінші – сол нәрсені, ішінен бірнеше уақыт қайтарып, ойланып көңілге бекіту керек. Төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек. Егер ой кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғырттық, ойыншы – күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.
ІІ.
І топ. Төле би ауылы.
ІІ топ. Қазыбек би ауылы.
ІІІ топ. Әйтеке би ауылы.

1 – слайд.
Үй тапсырмасы.

2 – слайд. Кіріспе.
Экраннан би – шешендердің нақыл сөздері тізбектей өтіліп жатады.
Өнер алды – қызыл тіл.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
Көп сөз - күміс, аз сөз – алтын.

3 – слайд. Жаңа сабақ.
Билік сөздер туындысы.
Сөз қадірін білмеген,
Биден билік көшкені.

Сахналық қойылым.
1. Елдің құты биінде болады
2. Ата өсиеті
3. Жәнібек ханның өсиеті
4. Аздым деп ұрлыққа барма
5. Билік сөздер туындысы.

Асқар тау, сенде бір мін бар - асу бермейсің,
Тасқын су, сен де бір мін бар - өткел бермейсің,
Билер, сендерде бір мін бар – басқаға сөз бермейсің.
Әйтеке би.

Адал болса – досың жақын,
Еркелейтін немерең жақын,
Өз ұрпағын шөберең жақын,
Туып өскен – елің жақын.
Қазыбек би.

Атын жақсы болса
Ер жігіттің пырағы
Балаң жақсы болса,
Жан мен тәннің шырағы.
Төле би

Сөздікпен жұмыс
Мыңғырған мал – малдың көптігі
Бірлік – татулық
Құт – береке, байлық
Сағыңды сындыру - ренжіту, көңілін қалдыру

4 слайд.
Даналар сөзі
Ақылдың көзі
Шешендік толғау.
Жер деген не?
Ел деген не?
Жер сәні деген не?
Ел сәні деген не?

Жер деген – байлық
Ел деген – халық
Жер сәні – мыңғырған мал, ағылған аң.
Аққан су, жайқалған ну
Ел сәні - атаға қарап өскен ұл.
Анаға қарап өскен қыз.

Үлкен алдында иіліп сөйле
Кіші алдында сызылып сөйле.

Ақылы жоқты аға тұтпа,
Қасиеті жоқты қадір тұтпа
Ақылы жоқты аға тұтсаң
Кішілігіңді кемшіліктей көрер.

5 - слайд. Ой толғаныс.
1 – топ. Төле би ауылы.
Мәтін құрау.
Күз – береке,
Күз – мереке

2 - топ. Әйтеке би ауылы.
Суретке байланысты мазмұнды мақал – мәтел жарысы

3 - топ. Қазыбек би ауылы
Өлең құрау.
Қызғалдақ теріп,

6 - слайд.
Сөйле де сөйле, қызыл тіл.
1. «Ата кәсіп».
2. «Қасиетті қара шаңырақ – киіз үй»

7 - слайд. Қорытындылау.
Үш би
Үш бидің толып жатыр өсиеті
Үлгі боп елге істеген әділеті
Болса да талай ғасыр өлгеніне
Қалған жоқ ел аузынан қасиеті.
32 972
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Шешендік сөздер. Билер сөзі - нақылдың көзі
Шешендік сөздер. Билер сөзі - нақылдың көзі
Ауыз әдебиеті және оның түрлері туралы әдеби білімдерін кеңейту, шешендік сөздер туралы мәлімет беру, билер мен шешендердің сөздерін талдау.
Атадан қалған асыл сөз
Атадан қалған асыл сөз
Оқушыларға ата - бабамыздан қалған асыл мұралардың бірі – шешендік сөздердің құдіретін таныту, Қазақ даласында өмір сүрген дуалы, от ауызды, орақ тілді шешендердің ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға мұра ретінде жеткен асыл сөздерінің мағынасын ашу.
Ұлттық шешендік өнер (таңдаулы курс)
Ұлттық шешендік өнер (таңдаулы курс)
Ұлттық шешендік өнер Пән: қазақ әдебиеті Сынып: 6 сынып Аптасына: 1 сағат Барлығы: 34 сағат
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар
Қазақ әдебиетінен қысқа мерзімді жоспар
Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданы, Дербісек ауылындағы №31 Т. Бигелдинов атындаға жалпы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Шабаева Патима Пазылқызы
Шешендік сөздер
Шешендік сөздер
Ақтөбе қаласы, №1 орта жалпы білім беру мектебінің қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Анесова Бейбит Бисенгалиевна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×