Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ!

03 ақпан 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ!»
Мақсаты: Қазақстанның өткені мен бүгінін қозғай отырып, еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізуінің оңай жолмен келмегенін оқушыларға ұғындыру, жас ұрпақты отаншылдыққа, тәуелсіздігімізді қадірлеуге, халқына, ұлтына адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: слайд, бейнероликтер, плакат, желтоқсан қаһармандарының суреттері, нақыл сөздер

Барысы:
Мұғалім сөзі:
Ассалаумағаликум, халқым менің!
Жайнаған жүрегімде жарқыл ма едің?!
Тірлігің өз халқыңа жаңа тиді,
Ендігі елдігіңнен тартынба, елім.
Ұшырмай көкіректен жыр кептерін,
Өлеңсіз аша алам ба сыр беттерін?
Армысың, жиналған топ, үлкен, кіші.
Армысың, айналайын халқым менің!
Армысыздар, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, және оқушылар!
16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ!» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Осы кешті ашып беру үшін сөз кезегі мектеп директоры Б. Әбдіжәлилв пен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ. Достияров ағайларға беріледі.
Хор: ҚР Әнұраны

Тарих – ол бабалардың ерлігінің айғағы,
Тарих – ол ұланғайыр Отаныңның аймағы.
Тарихыңда жатыр, білсең сенің қайсар ерлігің,
Таңбалы тас туған жердің белгісі бар сайдағы.
Тарих болып жазылады туған жердің дастаны,
Сол үшін де найза ұстап ығыстырдым басқаны.
Туған елдің, туған жердің болмағанда тарихы,
Шаттық жырға бөленбейді қазағымның аспаны.

Бүгінгі ТӘУЕЛСІЗДІК кешегі тарих беттеріне қызыл қанмен жазылып, ақ найзаның ұшымен қорғалған, ақ білектің күшімен жеткен бабалар аманаты!
Азапқа толы бұл азаттық бізге оңай келген жоқ!
«Абылайлап» атой салып атқа қонған, қасық қаны қалғанша ұлтарақтай жерін қорғап өткен бабаларымыз, ғасырлар бойы азаттық үшін күресті, елім деп еңіреді, жерім деп күңіренді, қазағым деп қайғырды, Алаш деп аһ ұрды, жанын пида етті, ақ қар көк мұз жастанып, отан деп от кешті.
Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашанда мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді.
Көрініс. «Төле би мен Әнет баба»
Автор: Төле би бала кезінде Әнет бабаға барыпты.
Төле: «Қалай бірлік болады, оның күші қандай болмақ?» дейді.
Автор: Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын, бір бума шыбық алдырып
Әнет баба: «Балам, мынаны сындырып көрші» - дейді.
Автор: Төле шыбықты алып әрі - бері иіп, сындыра алмайды.
Әнет баба: «Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы»
Автор: Төле ортасы буылған шыбықты оңай сындыра береді.
Әнет баба: «Бұдан не түсіндің балам?» - дейді.
Төле: «Бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп – оңай алады», - дегеніңіз ғой
Әнет баба: «Бәрекеклді, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл».
Ән. Атамекен – ай (Жаснсая мен Ұлбосынның орындауында)
Мұғалім: Қазақ тарихындағы жоңғар шапқыншылығы, ұлт – азаттық көтерілістер, ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, сталиншіл әкімшіл – әміршіл жүйенің озбырлығы, сонау 30 - жылдардың опасыздығы мен 41 - дің қырғыны, кешегі 86 - ның ызғары тарих беттерінде азаттық үшін күрестің куәсі болып қалды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
7 786
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
«Елімнің бақыты-Тәуелсіздік»
«Елімнің бақыты-Тәуелсіздік»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстан туралы, оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру, Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, көрсету; оқушыларды өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін сүюге, әдемі сөйлеуге
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бақыт жолы» ертеңгілік сценарииі
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік – бақыт жолы» ертеңгілік сценарииі
Қазақстанның даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Ұлттық сана - сезімін ояту. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру.
Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік таңы
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Тәуелсіздік таңы
Тәуелсіздік таңы
Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оқушыларға желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқан аға - апалардың ерлігін үлгі етіп көрсету.
Тәуелсіздік - ел тілегі
Тәуелсіздік - ел тілегі
Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, ГКС-12 орта мектебінің мектепалды даярлық тобының мұғалімі Тулебова Назира Джеткергеновна
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Желтоқсан жаңғырығы - егемендік
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің химия пәні мұғалімі Файзуллаева Әсем Тұрақбайқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×