Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Қош келдің, Наурыз

17 мам 2012, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Қош келдің, Наурыз!»
Мақсаты: оқушыларға наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру, бауырмалдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу, халық дәстүрлерін құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: буклет, жеке суреттер, слайдтар, мерекелік дастархан, әсем безендірілген бөлме, цитаталар.
Жұмыстың түрі: Ашық тәрбие сағаты

Тәрбие сағатының барысы:
1. Топ жетекшісінің кіріспе сөзі.
- Ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі - Наурыз мейрамы. Бұл мереке жыл сайын наурыз айының 22-де күн мен түн теңеліп, қар еріп, көк шыға бастаған көктем айында тойланады. Сондықтан, наурыз күнін адамдар жаңа жылдың басы - «Ұлыстың ұлы күні» деп есептеп, жақсы тілекпен, зор қуанышпен қарсы алған. Бұл күнді жұрт ел аралап, үйлерге кіріп, наурыз көже ішіп, ән айтып, би билеп, ұлттық ойындар ойнап, ойын-сауықпен өткізген. Наурыз күні халық бір-бірімен көрісіп амандасқан. Өкпе - реніш ұмытылып, дос болады екен. Наурыздың 21 күні Қыдыр ата даланы аралайды екен. (Қыдыр ата адамдарға бақыт - дәулет әкелетін көрінбейтін ақсақал.)

2. Жүргізуші:
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп.
Басталыпты Наурыздан – деп Наурызды жыл басы санайды!

3. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған
Мұнда біз бар.
Естімеген, естідіңдер,
Тыңда мені, тыңдаңдар
Бір орында тұрмаңдар!

4. Оқушы
Белгісіндей өткен күн
«Амал» атты қалыпты.
Наурыз – басы көктемнің,
Сүйікті айы халықтың.
Наурызда күлімдеп,
Күн көзі жылынды.
Өзгеше бүгін леп
Қыс – Тауға тығылды.
Наурызды халқымыз,
Жыл басы деп санайды.
Көнермей салтымыз,
Көп елге тарайды.

5. Ән айтылды күні бойы.
Бұл мереке – бізге ойын.
Көжесі көп, шелпегі көп.
Жақсы көрем наурыз тойын.
«Сақина салу» ойыны
Бір, екі.
Жердің беті.
Сары шымшық,
Тез ұшып шық!
Ұсталып қалған оқушы белгілі бір шартты орындайды. Шартты жүргізуші айтады.

6. Абай «Жазғытұрым»
Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі,
Жан – жануар, адамзат анталаса,
Ата – анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал
Жалбаңдасар өзінің тұрғысымен.
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, құшақ тасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.

7. «Қош келдің, Наурыз!» әні
Көгілдір көктем, көктем бұл,
Көгілдір көлшік қияқты.
Жауқазындар көктем бір
Төгіліп тұрған сияқты.
Көгілдір көктем, көк барқыт,
Шапанын жапты далаға.
Жаңбырын төкті көк сарқып,
Шөлдеп қапты жер - ана!

8. Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсіреді.
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар,
Бар сүр ет пен шұжығы.
Ащы құрты тағы бар,
Көже – елдің ырзығы...

9. Тақтада наурыз көжеге салынатын тағам түрлерінің аты жазылған карточкалар ілулі тұрады. Сұрақ:
- Наурыз көже пісіру үшін әуелі қай тағам түрін қазанға саламыз? Жауапқа сәйкес тағам түрі алынып, артындағы сұрақ оқылады. Жауап дұрыс болса, сыйлық беріледі. Барлық сұрақ оқылып болғасын тағам түрлері қазанға салынып, көже асылады. Сөйтіп, тәрбие сағатына қатысушылар мерекелік дастарханға шақырылады. Дастархан басында жақсы тілектер және жарапазан айтылады.

10. Жарапазан.
Айтайын жарапазан есігіңе-ау,
Сәби бітсін осы үйдің есігіне-ау.
Жарапазан тек қана дін жолы емес,
Бұйыртсын деп айтайын несібеңе-ау,
Ескі жыл кетіп қалған есіркейді-ау
Жаңа жыл келіп қалған нені істейді-ау.
Жаңа жыл жетіп келген жүкпен келер,
Жұбайлар жаңа-жаңа жұппен келер.

Үйің - үйің үй екен,
Үйдің көркі ши екен,
Саба көркі ши екен,
Сандық көркі түйе екен,
Әшекейлеп сырлаған,
Ақ сарайдай үйі бар,
Ақ бөкендей қойы бар,
Қара сақал кермиық,
Қандай байдың үйі екен?
Айтамын жарапазан үйіңізге,
Ұстаған үй айнала шиіңізге,
Қой берсең, қозы берсең көпсінбеймін.
Келіпсіз биылғы жыл күйіңізге.
Айтамын жарапазан үйіңізге,
Туырлық үй айнала шиіңізге:
Осы үйдің шаңырағы шап-шақ екен,
Жеңгеміз осы үйдегі аппақ екен...
Айтамыз жарапазан есігіңе,
Қошқардай қос ұл берсін бесігіңе.

11.Дастарханға бата беріледі.
Наурыз баталары.
Ұлыс бақты болсын,
Әр күніміз жақсы болсын,
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын!
Амансыз ба,
Ұлыс оң болсын.
Ақ мол болсын,
Қайда барса, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлігі ақты болсын!
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
25 959
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Наурыз келді
Наурыз келді
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден ерекшелігін түсіндіру. Мерекелік тілектер, дәстүрлер туралы түсінік беру. Балаларды халқымыздың салт - дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Қош келдің – Наурыз!
Қош келдің – Наурыз!
Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілекті төгейін Ұлыс оң болсын Ақ мол болсын, Қайда барсаң жол болсын
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
Балабақша тәрбиешісі: Шыңғысбекова Қундызай Сейтқадырқызы
Қош келдің Наурыз!
Қош келдің Наурыз!
Жамбыл облысы, Қордай ауданы. Бастауыш сынып ұстазы Серкебаева Макпал
Қош келдің, әз - Наурыз!
Қош келдің, әз - Наурыз!
«Суықбұлақ орта мектебі» КММ Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Қиықбаева Бақыт Шәріпқанқызы
Наурыз - думан
Наурыз - думан
Қазақ халқының тұрмыс - тіршілігінде, әдет - ғұрпында ерекше орын алатын, ертеден мерекеленіп келе жатқан мейрамның бірі - Наурыз. Бұл күн жыл сайын наурыз айының 22 - жұлдызында мерекеленетін болған. Яғни, күн мен түннің теңеліп, қар еріп, көк шыға
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×