Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ұлы Абай - нар тұлға

06 ақпан 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: Ұлы Абай - нар тұлға
Мақсаты: а) Ұлы ақынның даналық сөздерін талдап, мағынасына көңіл бөліп, есте сақтап, парасатты ақын екендігін дәлелдей отырып насихаттау.
ә ) Шәкірттерге бабамыздың ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ой - толғауларын сезіндіре отырып, оларды Отан сүйгіштікке, ұлтжандылыққа және адамдық асыл қасиеттерге тәрбиелеу.
б) Шәкірттердің ақыл - ойын, белсенділігін, еске түсіру, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру, жүйелі шешен сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Көрнекілігі: Абай суреті, шығармалары, «Абай - ұлы тұлға» газет,
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» өлеңдер жинағы, өмірінен мәлімет беретін альбом, «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе», «Абай жаққан сәуле» буклет.
Сабақтың эпиграфы: Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, құрбы, жақсы ұстаздан болады.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Баяу күй орындалып тұрады, оқушылар орындарынан тұрып сәлемдескеннен соң сабақ басталады.
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар, шәкірттер!
«Ұлы Абай – нар тұлға» атты бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер.
Көп адамдар өмірге бой алдырған,
Бой алдырған аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.
Абай бүкіл жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.

1 - жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Қастерлеп сөз асылын өлеңменен
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?

2 - жүргізуші: Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм, құла қырды,
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Абай: Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.

1 - жүргізуші: Қазақ жерінің ақыны, данышпаны көп болғанымен Абай біреу - ақ. Абайы бар елдің мерейі үстем.
2 - жүргізуші: Ақын тұлғасы дараланған сайын қазақ та биіктей бермек. Сол шыңнан көз жазбау - біздің парызымыз да қарызымыз.
( Жүргізушілер Абай суретінің алдына келіп тағзым етеді).
Абай ата! Өзіңнің үміт еткен ұрпағын сіз туралы толғап, сыр шертпек.
Қабыл ал, жас өрендеріңізді, ақ батаңды бер біздің талабымызға. Жатқан жеріңнен тұрып, бір сәт болса да бізге орал, ортамызда бол!
1 - жүргізуші: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ - барды ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
14 947
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамгершілік – асыл қасиет
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Абай.
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!
Қостанай облысы, Арқалық қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Коныршина Ерсін Серікқызы
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін...
Жүрегімнің түбіне терең бойла, Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла. Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім, Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма!
Ұлы - Абай, дана - Абай, дара - Абай
Ұлы - Абай, дана - Абай, дара - Абай
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, №8 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі Досмағамбетова Жанаргүл Бағытқызы
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе
Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе
Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы, Т. Жүргенов атындағы орта мектептің бастауыш класс мұғалімі: Искакова Шаригул Садуакасовна
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе»
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы, Үржар ауылы КММ «Крупская атындағы орта мектеп - балабақша» Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Темірханова Райхан Есілжанқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×