Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Мемлекеттің негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек

07 сәуір 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Cабақтың тақырыбы: Мемлекеттің негізін қалаушылар – Керей мен Жәнібек
Білімділік: Оқушыларға Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғалар туралы нақты түсінік беру
Дамытушылық: Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру, саяси оқиғаларды өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру.
Тәрбиелік: Хандықтың негізін қалаған Жәнібек пен Керей сұлтандар суреттері арқылы оқушылардың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру

Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: СТО технологиясы әдістері
Көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта, БАҚ
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру
Кері байланыс: «Сен маған, мен саған»
Төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, кестені толтырыңдар:
Қазақстанда Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы жағдайы қандай еді?
Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңында этникалық жағдай қандай болды?
Қазақ хандығының құрылуына экономикалық дамуы қалай ықпал етті?
Саяси жағдайы
Ақ Орда ыдырап бірнеше хандық пен ұлыстар п\б. олардың өзара жер, билік үшін таластары, ел ішінде берекетсіздікті туғызды.
Этникалық жағдайы
Қазақстандағы ру тайпалардың тілі, діні, ғұрпы салт санасы жағынан бірі біріне ұқсас болды. Бірақ елдегі саяси бытыраңқылық бір ұлттық мемлекет құруға ешбір мүмкіндік бермеді. Қазақстанда өмір сүрген тайпалар негізінен үш аймаққа шоғырланды: Шығыс дәшті Қыпшақ, Оңтүстік Қазақстан, Жетісу
Экономикалық жағдайы
Бұл аймақтарда өмір сүрген тайпалар жартылай көшпелі, отырықшы егіншілікпен айналысты. Шаруашылықтың әр саласы бойынша өзара тығыз байланыста болды. Ұлы Жібек жолы сауда-саттықты дамытты.

І. Қызығушылығын ояту: Жәнібек, Керей сөздерін топтастыру
( ХҮ ғасырдың басы – 1470)
Жәнібек хан - қазақ хандығының негізін қалаған хандардың бірі.
Орыс ханның ұрпағы, Барақ ханның кіші ұлы.
XV ғасырда өмір сүрген.
XV ғасырдың 50 - жылдарына дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ.
1457 - 1458 жылы туысы Керей ханмен бірге Қазақ хандығының негізін қалаған.
Керей ханнан соң 1465 - 1466 жылдан 1470 жылдардың басына дейін қазақ хандығының екінші ханы болған.
Тарихи жазба деректерде Жәнібек ханның есімі «Хандар шежіресінде» және Қазақ хандығының құрылуына байланысты кездеседі.
1428 жылы әкесі Барақ хан (Ақ Орда ханы) өлген соң, Дешті Қыпшақтағы саяси билік Әбілқайыр ханға көшеді.
1457 жылдың жаздың соңында Әбілқайыр хан Сығанақ түбінде қалмақтардан жеңілгеннен кейін, Керей мен Жәнібек сұлтандар қарамағындағы ұлысымен Моғолстанға көшеді.
Көшуге тарихи аңыз бойынша, Қобыланды батыр мен Ақжол би арасындағы дау - жанжал себеп болған.
Жазба деректер мәліметі бойынша, Керей мен Жәнібектің қалмақтарға қарсы әскер жию туралы Әбілқайыр ханның жарлығына құлақ аспауы және 1457 жылғы жеңілістен кейінгі қалыптасқан жағдай, яғни екі сұлтанға Әбілқайыр хан тарапынан қауіп - қатердің төнуі Орыс хан ұрпақтарын өз ұлыстарымен бірге көшпелі өзбектер мемлекетінен кетуге мәжбүр етеді.
1457 жылы күз айының соңында көшіп келген екі сұлтан ұлыстары Шудың төменгі бойында қыстап шығып, 1458 жылдың ерте көктемінде Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды.
1465 - 1466 жылдары Керей хан қайтыс болғаннан кейін Жәнібек хандық билікке келеді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
20 669
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы туралы білім дағдысын қалыптастыра отырып, патриоттыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қазақ хандығының құрылғанына - 550 жыл
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған аграрлық – технологиялық коледжінің тарих - география пәнінің мұғалімі Ибадуллаев Махамбетхали
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Ақтау қаласы, № 9 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Рысгалиева Ж. О.
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы
Қазақ хандығының құрылуы. Сабақтың мақсаты: 1. Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Қазақ хандығының құрылуы және қазақ хандары
Қызыорда облысы, Қазалы ауданы, Бекарыстан би ауылы, № 24 орта мектептің тарих пәні мұғалімі: Сейітәлі Гүлнәр Тәжнеқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×