Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Шыңғыс хан - қазақ дебат

25 сәуір 2014, Жұма
Категориясы: Тарих
Дебат атауы: Шыңғыс хан - қазақ деген пікір ақталады /ақталмайды (сыныптан тыс жұмыс)
Сілтеме: Интернет материалдары, А. Белинский, И. Калашников.
М. Мағауин т. б авторлардың шығармалары
Егемен Қазақстан, Ертіс өңірі газеттеріндегі материалдар.
Жалпы мақсаты
Дебат ережелерін сақтай отырып, жақтаушы және даттаушы топтардың ой - пікірлерінің алшақтығына қарамастан әрқайсысы табанды түрде өз шешімдерінің құнды екендіктерін дәлелдей білу керектігін ұғындыру. Сауатты сөйлеуге, сын көзбен қарауға тәрбиелеу.
Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері
Әлем тарихында Шыңғыс ханның орны ерекше екенін біле отырып, оқушылар ол туралы зерттеулердің әлі жүріп жатқаны, тың деректер айтылып отырғаны туралы түсінік алады. Оған деген өзіндік көзқарастары қалыптасады.
Сабақта туындаған негізгі идеялар

- Резолюция, дефиницаларды дұрыс қоя білуге және қарсылас топтың пікірлерін мұқият тыңдауға үйрету;
- Әр спикерді өз міндеттерін орындау мақсатында, шешендікке баулу;
- Әр топтың өз шешімдерінде қала отырып, Шыңғыс хан туралы әлі де деректер іздестіру арқылы оқушыларды көп оқуға тәрбиелеу, өзін - өзі бағалауға үйрету.
Тапсырмалар

1 тапсырма
1 - ші спикерлердің сөзі
Тобымен таныстыру.
Резолюциясы, дефиницасы, ұстанған позициясы. 2 тапсырма
2 - спикерлер. Өз позицияларын қорғау, қарсылыққа шығу.
3 тапсырма.
3 - спикерлер. Сараптама жасау, өз позицияларын нақтылау. 4 тапсырма
Уақыт төрешісінің атқаратын жұмысы.
Ойын төрешісінің сараптамасы.
Ойын қорытындысы. Мадақтама.
Тақырып глоссарийін құру:
Дефиниция – ойын барысында қолданылатын терминдер немесе кілт сөздер
Аргумент - критерий мағынасына сай оның мазмұнын ашуы
Кейс – тұжырым, резолюция - тақырып
Инклюзивті - аралас
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалім немен айналысады, оқушы немен айналысады. Мұғалімнің алдын ала тапсырмасы. Дебат ережесінің қатаң сақталуын ескерту.
Тақырыптың атын айтып, мақсатымен таныстыру.
Ойын төрешісімен түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Сараптама жасау ерекшеліктерін ескерту, өте мұқият болу, әділ төрелік жасау керектігін ескерту.

Уақыт төрешісімен әңгіме.
Слайд көрсету: Шыңғыс хан туралы
1 - тапсырма. Дебатқа қатысатын екі топ, алдын ала тақырып туралы материалдар іздестіріп, жинақтаумен және жинақтаған материалдарын қорытындылап айтуға дайындық жұмыстарын жүргізеді. Үш спикер өз міндеттеріне байланысты дайындалады.
Қарсылас топқа сұрақтар дайындайды.
Топтар: «Шың» тобының мүшелері:
1 - спикері Шеризатова Әсем.
2 - спикері Ахметқазина Аяулы
3 – спикері Сайлауғалиев Сернар
«Оқжетпес» тобының мүшелері:
1 - спикері Сайлаубаева Баян
2 - спикері Тоқанова Айдана
3 – спикері Өміртаев Арман
2 тапсырма. 1 - ші спикерлердің сөздері. Топ спикерлерімен таныстыру. Резолюциясы, дефиницасы, ұстанған позициясы.
3 - тапсырма. 2 - спикерлер. Өз позицияларын қорғау, қарсылыққа шығу.
4 тапсырма. Ойын төрешісінің сараптамасы. Ойын қорытындысы. Мадақтама
Дереккөздер және жабдықтар: интерактивті тақта, слайд, А4 қағаз, мадақтау грамотасы, бейджик, әр топтың мойынға салатын (шарф – көк, сұр түсті) белгісі.
Кейінгі тапсырмалар
Дебатқа қатысушы топ сайыста қарсылас болғанымен, өмірде дос екендіктерін көрсетіп қол алысады. Бірін - бірі сыйлау, достық қарым – қатынаста болу. Спикерлер эмоциясы, өз позициясында қалған - қалмағаны туралы ескертпелер. Дебат ережесінің толық сақталуы, ойынның өту дәрежесі.
Сабақты талдау
Мектеп мұғалімдері қатысып, талдап, өз пікірлерін білдірді.
Мектепішілік көлемді іс - шараға енгізілді.
Сабақ бойынша өзгертулер

Семей қаласы, қоғамдық - гуманитарлық бағытындағы
«№13 жалпы орта білім беретін» КММ
Кульджина Нургиза Бекзуркановна
7 833
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы
Химияның тұрмыстағы және адам өміріндегі маңызы
XXI ғасыр - химия ғасыры. Күнделікті тұрмыста қолданылатын химиялық заттар, олардың пайдасы мен зияны, химиялық элементтердің адам ағзасында атқаратын ролі туралы нақты түсінік қалыптастыру.
Шу және оның тірі организмдерге әсері. Шумен күресу жолдары
Шу және оның тірі организмдерге әсері. Шумен күресу жолдары
Оқушыларды топтастыру арқылы олардың ойын жан-жақты талқылау. Сын тұрғысынан түрлі сұрақтар қою арқылы тақырыпты өмірмен байланыстыратын мысалдар арқылы тақырыптың мазмұнын ашу.
11 сынып оқушыларына арналған дебат
11 сынып оқушыларына арналған дебат
Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы «Бейнеу лицейі» ММ педагог - психолог Алдабергенова Камашат Убайдуллақызы
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Мұқағали Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы
Астана қаласы, Басқару колледжінің қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы, филология магистрі Алиева Салтанат Бердуақасқызы
Мұхтар Әуезов "Қараш – қараш оқиғасы"
Мұхтар Әуезов "Қараш – қараш оқиғасы"
Карменова Бахытжамал Базылрахманқызы Ж. Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ШҚО Көкпекті ауданы Самар ауылы
Қазақстанның жастары қаншалықты патриот? (дебат)
Қазақстанның жастары қаншалықты патриот? (дебат)
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика, бизнес және құқық колледжінің А.Ә.Д. пәнінің оқытушысы Жумабеков Бейбіт Кайыржанович
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×