Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Болашақ тарихшы

12 мам 2014, Дүйсенбі
Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы пәнінен өткізілген ашық сабақ. (6 - сынып)
Сабақтың тақырыбы: Болашақ тарихшы
Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі: оқушыларға жан - жақты білім бере отыра, оларды тексеру.
ә) тәрбиелілігі: сол білімнен өнеге алуға баулу.
б) дамытушылығы: ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға үйрету.
Сабақтың әдісі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, қосымша суреттер, Дүние жүзі тарихы мен Қазақстан картасы.
Сабақтың жүрісі:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Сайыс кезеңдерімен таныстыру.
ІІІ Марапаттау.
Сабақтың жоспары:
І кезең. Сөйлейтін жылдар
ІІ кезең. Сиқырлы пирамида
ІІІ кезең. Полиглот
ІҮ кезең. Бәйге

Мұғалім сөзі:
Әрқашан да адал бол,
Артыңдағыны ұмытпа!
Болашағыңды бүгіннен ойла,
Тарихыңды ұмытпа!
І кезең бойынша барлық сұрақтар жылдардан келеді. Кезең тестілік сұрақтардан тұрады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай. Әр сұрақ 10 секунд уақыттан кейін автоматты түрде ауысып кетеді. Бұл турда төмен деп санаған 1 оқушы ойыннан шығарылады. Әділ қазылар жауабын шығарғанша оқушылардан «Тарихшы болғың келе ме?» тақырыбында сұрақтар қойып сауалнама алу.

І кезең сұрақтары:
1. Аңырақай шайқасы қай жылдары болды?
а) 1719 - 1720жж ә) 1723 - 1725жж б) 1726 - 1727жж в) 1729 - 1730жж
2. «Қалмаққырылған» шайқасы қай жылы болды?
а) 1618ж ә) 1690ж б) 1713ж в) 1726ж
3. Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Ресей империясының билігін қашан мойындады?
а) 1738ж ә) 1739ж б) 1740ж в) 1741ж
4. Абылай ханның өмір сүрген жылдары?
а) 1711 - 1781жж ә) 1700 - 1770жж б) 1680 - 1775жж в) 1680 - 1765жж
5. Әбілқайыр хан қай жылы өлтірілді?
а) 1728ж ә) 1738ж б) 1748ж в) 1758ж
6. Сақтар б. з. б. нешінші мыңжылдықта өмір сүрді?
а) ә) б) в)
7. Дарий сақтарға қарсы жорықты қай жылы жасады?
а) 518ж ә) б. з. 518 б) б. з. б. 518 в) б. з. б. 519

2 тур «Сиқырлы пирамида». Тур сұрақтардан тұрады. Әр белгіленген сапфирдің астында балл жасырын жатады. Әр дәл тапқан оқушы сол баллды иемденетін болады. Бұл турда нашар деген 2 оқушы ойыннан шығарылып тасталады.
50 ұпай
Үйсіндердің солтүстік - батыстағы көршісі? (Қаңлы тайпасы)
40 ұпай
Қаңлылардың археологиялық мәдениеттері.(Қауыншы - Жетіасар)
40 ұпай
Қола дәуірінде Қазақстан аумағын мекендеген тайпалар?(Андроновтықтар)
30 ұпай
Біздің жерімізде ерте орта ғасырларда ірге тіккен алғашқы феодалдық мемлекеттердің бірі?(Түрік қағанаты)
30 ұпай
Ұлы Жібек жолының маңызы?(Халықаралық саудаға әсер етті)
30 ұпай
Геродот жазбасындағы савраматтардың «Биік таулардың бауырында» тұрған көршілері.(Агрипейлер)
20 ұпай
Сақ қоғамындағы адамдар тобы?(Жауынгер, абыз, егінші, малшылар)
20 ұпай
Б. з. б. ІҮ ғасырда сақ жеріне қауіп төндірген?(Македонский)
20 ұпай
Шірік - Рабат қаласының күзет мұнаралары бар орталығы?(Цитадель)
10 ұпай
Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі?(Наурыз мейрамы)
10 ұпай
Парсы жазбаларындағы «сақ» сөзінің мағынасы?(Құдіретті еркектер)
10 ұпай
Ежелгі грек авторларының сақтарды атауы?(Азиялық скифтер)

3 тур «Полиглот» туры. Бұл турда әр оқушыға 1 сұрақтан қойылады. Алғашқы болып, ұпайы көп оқушы бастайды. Әр дұрыс жауапқа 5 балл есептеледі. Бұл турдың ерекшелігі жауапты қазақ, орыс, ағылшын тілінде жауап қайтаруы керек. Мақсатым тіл аралық байланысты жақсарту. Бұл турда 1 оқушы ойыннан шығарылады.
1. Сақ жауынгерлерінің киімінің түсі
Қызыл -
2. Әскери жорықтарға пайдаланылған жануар
Жылқы -
3. Жер көлемі жөнінен Қазақстан әлем бойынша нешінші орында
Тоғыз -
4. Тарихи ескерткіштер сақталатын орын
Мұражай -
5. Геродот жазбаларындағы сақтардың қыс кезіндегі мекені
Ағаш үй -

4 тур «Бәйге». Бұл соңғы шешуші тур. Ең ұпайы көп оқушы берілген 4 нұсқаның (Сақ, Ғұн, Қаңлылар, Үйсін) біреуін таңдап сұрақтарға жауап беру. Берілген алтын, күміс, мыс ұпайлары бойынша алдыңғы жинаған ұпайларына қосылатын болады. Алтын - 30 ұпай, күміс - 20 ұпай, мыс - 10 ұпай.
Сақ патшайымы Томиристің өмір сүрген мерзімі.(б. з. б. 570 - 520жж)
Грек - македон басқыншыларына қарсы күресті басқарған?(Сақ жауынгері - Спита)
Сақ дәуірінің негізгі кездесетін археологиялық ескерткіштері?(Обалар)

Үйсіндер астанасы ретінде аталатын қала?(Қызыл Аңғар (Үигу))
Үйсіндердің шығу тегі туралы мәлімет қалдырған тарихшы?(Спиа - Цянь)
Үйсіндер басшысының атауы?(Туньмо)

Қаңлылардың археологиялық мәдениеттері?(Қауыншы, Жетіасар)
Қаңлылардың металл өндірісінің орталығы болған аймақ?(Шаш - Илах)
Қаңлылардың 16 гектар жерді алып жатқан қала жұрты?(Алтын - Асар)

Ғұндар тайпасының өмір сүрген кезеңі?(б. з. б. І мыңжылдық ортасы)
Ғұн мемлекетінің оңтүстік және солтүстік болып бөлінген мерзімі?(б. з. б. 55жж)
Ғұн шаньюйінің жақын туыстары иеленген лауазым?(Түменбасы)
Сабақ Н. Ә. Назарбаевтың «Өз тарихын сыйламаған халық, өзін де сыйламайды» деген сөзімен аяқталды Сайыс аяқталғаннан кейін барлық ұпайлар есептеліп, жеңімпаздар бас жүлде, І, ІІ, ІІІ орындармен марапатталатын болады. Ал, сайыстың ортасында шығарылған оқушылар марапаттау қағазына ие болады.
10 876
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Тапқыр достар
Тапқыр достар
Міндеттері: 1.Оқушылардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру; 2.Сөздік қорын байыту, дүниетанымын дамыту;
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
Спорттық сайыс-дода.
Спорттық сайыс-дода.
ШҚО, Аягөз қаласы, №3 жалпы орта білім беретін мектептің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Оразбекова Гулжамал Букеевна
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Әдебиет көшбасшысы (зияткерлік сайыс)
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы № 6 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жолдасова Айкенже Жалмағанбетқызы
Тапқыр достар (интеллектуалды ойын)
Тапқыр достар (интеллектуалды ойын)
Екібастұз, №23 « Балауса» мектепке дейінгі гимназия Тәрбиешісі: Абдинова Үміт Даутқызы
Ана тілім – ардағым
Ана тілім – ардағым
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жәлімбетова Алмагүл Рзағалиқызы Тақырыбы: « Ана тілім – ардағым» Мақсаты: Ана тілде таза сөйлеуге, тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×