Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Орта ғасырда ғылым мен білімнің дамуы

08 мам 2013, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың мақсаты:
Білімділік
- Орта ғасырда ғылымының дамуы мен оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектерімен оқушыларды жан – жақты таныстыра отырып, шығармаларының тарихы маңызы туралы түсінікті қалыптастыру;
Дамытушылық
- Оқушылардың тарихи – ғылыми еңбектерді талдап, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
- Оқушыларды қазақ халқына қатысты тарихи шығармаларды өмірде орынды қолдана білуге, олардан тәлім – тағылым, білім алуға, өз Отанына қатысты деректерді ізденуге, тарихи құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Бетпе-бет» стратегиясы бойынша сұрау
1. Ислам діні қай кезде қабылданды, оны мемлекеттік дін деп кім жариялады?
2. Ислам дінінің жергілікті жерлерде нығая бастағанын неден көруге болады?
3. Ислам дінінің әдет-ғұрыптары туралы не білесің?
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту.
« Сәйкестендір» тест
1. Адамдардың шығу тегін белгілі бір аңмен байланыстыратын наным – сенім
А) мазда
Ә) тотемизм
Б) зороастризм
В) тәңірлік
2. 751 жылғы Атлах шайқасында Арабтармен бірлесіп Қытай әскеріне қарсы тұрған тайпа
А) үйсіндер
Ә) қарлұқтар
Б) ұйғырлар
В) түргештер
3. Араб қолбасшысы Кутейба ибн Муслимнің Шашты басып алған жылы
А) 633жылы
Ә) 709жылы
Б) 751жылы
В) 714жылы
4. Ежелгі Иран жерінде зороастра ілімі қай ғасырларды қалыптасты
А) VІІ - ІV ғасырларда
Ә) VІІ - VІІІғ
Б) VI – VIIғ
В) VIII - Ixғ
5. Ертедегі шығыс халықтарының дуалистік діні
А) ислам
Ә) зороастризм
Б) тотемизм
В) манихей
IV. Жаңа сабақ

Жоспары:
1. Ғылымның дамуы.
2. Тіл білімнің дамуы.
3. Әдебиет.

1. Ғылымның дамуы.
Әбу Насыр әл Фараби.
Шығыстың дүние жүзіне әйгілі, көрнекті ғалымы Әл Фараби туралы баяндағанда оның суретін, карта, тірек кестені пайдалана отырып, өмірі мен ғылыми еңбектері жайлы мағлұмат беріледі. Әл Фараби әдебиет теориясымен жан - жақты шұғылданған ғалым. Осыған байланысты ғалымның еңбектерімен таныстырылады.
Әбу Райхан әл - Бируни – энциклопедист ғалым. Тарих, математика, география, астрономия, медицина т. б. ғылым салаларынан 150 – ден астам еңбектер жазып қалдырған. Ғұламаның атақты «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші», «Асыл таста» еңбектері бүгінгі күнге дейін өзінің құндылығын жоймаған.

ІІ. Тіл білімінің дамуы.
Махмуд Қашқари. Тақырып сызба арқылы түсіндіріледі. Тіл білімінің дамуы оның шығармалары туралы түсінік беріледі. М. Қашқаридың «Диуани лұғат ат - түрік» қазіргі түркі халықтарының бәріне ортақ мұра. Бұл еңбектің көшірме қолжазбасы ХХ ғ. бас кезінде табылған.
2. Жүсіп Баласағұни – ХІғ. Аса көрнекті ақыны, есімі күллі шығыс елдеріне белгілі, қоғам қайраткері, энциклопедист ғалым. Ақын өмірі мен ақындық қызметі жолында кейбір деректерді «Құдатғу білік» еңбегі бар.

Ғалымдардың аты – жөні Зерттеген салалары мен бағыттары Еңбектері
Әбу Насыр әл - Фараби
(870 - 950жж.)
Махмуд Қашқари
(1030 - 1090жж.)
Жүсіп Баласағұни
(1021 - 1075жж.) философия, әлемтану, математика, физика, астрономия, ботаника, музыка т. б
ертедегі түрік тілін алғаш рет ғылыми тұрғыда зерттеген, түрік тілінің түсіндірме сөздігін жасаған бірінші ғалым.

Философия, астрономия, алгебрат. б «Музыканың ұлы кітабы»,«Музыка ғылымы туралы пікірлер»т. б.
«Диуани лұғат ат - түрік»
Түрік тілдерінің сөздігі
«Құдатғу білік»

V. Жаңа сабақты қорытындылау.
«Жұлдызды сәт» ойыны
1. Әбу Насыр әл - Фараби қай жерлерде білім алған?
2. Әбу Райхан әл - Бируни аспан денелеріне қатысты қандай жаңалық ашқан?
3. Махмуд Қашқаридың еңбегі туралы орыс ғалымдары қандай пікір білдірді?
4. Қожа Ахмет Йасауидің әулелігі неде?
5. Қожа Ахмет Йасауиден қалған ұлы мұра
6. Отырар қаласында туған шығыстың аса көрнекті ғалымы
VI. Оқушыларды бағалау.
VI. Үйге тапсырма: 21 реферат жазып келу

Ғалымдардың аты – жөні. Зерттеген салалары мен бағыттары. Еңбектері

Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж.)
Ертедегі түрік тілін алғаш рет ғылыми тұрғыда зерттеген,түрік тілінің түсіндірме сөздігін жасаған бірінші ғалым.


Махмуд Қашқари
(1030-1090жж.)
Философия,астрономия,алгебра т.б«Музыканың ұлы кітабы» ,«Музыка ғылымы туралы пікірлер»т.б.
«Диуани лұғат ат-түрік»
Түрік тілдерінің сөздігі

Жүсіп Баласағұни
(1021-1075жж.) философия,әлемтану,математика, физика,астрономия,ботаника,музыка т.б
«Құдатғу білік»
20 344
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы Конспект Қазақстанның оңтүстігіндегі және Жетісуда жүргізілген зерттеу жұмыстары қала тұрғындарының арасында әр түрлі діни наным - cенімдердің болғандығын білдіреді.
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Тарих пәні мұғалімі Аманбаева Жазира Куановна
Ғылым мен білімнің дамуы
Ғылым мен білімнің дамуы
Алматы облысы, Көксу ауданы, Мұқыры ауылы, Жапсарбаев атындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Абдрахманова Айсұлу Смағұлқызы
Ислам тағылымы
Ислам тағылымы
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, №3 орта мектептің орыс тілі мен әдебиет мұғалімі Жанжигитова Гульнар
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы № 105 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Бисенбаева Анар
Дін және мәдениет. Исламның таралуы. Ғылым мен білімнің дамуы
Дін және мәдениет. Исламның таралуы. Ғылым мен білімнің дамуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы №32 мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі Мусина Гүлшара Құралқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×