Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Алаштану курсы

04 маусым 2014, Сәрсенбі
Категориясы: Тарих
Пән мұғалімі: Н. Б. Кульджина

«Алаштану» таңдау курсы бойынша оқу бағдарламасы. 10 - 11 сынып (қоғамдық – гуманитарлық бағыт)

1. Түсінік хат
1. Таңдау курсының оқу бағдарламасы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұсынған қолданбалы курс бағдарламасын құру алгоритміне сәйкес әзірленді.
2. Курсты оқытудың мақсаты – оқушылардың Алаш зиялыларының қазақ ұлты үшін атқарған істерін оқып білу арқылы белсенді азаматтық позициясын қалыптастыру.
3. Курсты оқытудың міндеттері:
1) әлемдік тарихи үдерістің құрамдас бөлігі ретінде Қазақстанда адамзат қоғамының дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы білімін қалыптастыру;
2) оқушылардың тарихи білімдерді қорытындылап, себеп - салдарлық байланыс орнатып, тарихи оқиғалар, ондағы тарихи тұлғалар туралы біле отырып, өзіндік көзқарастарын білдіру, күнделікті өмірде білімін қолдана білу дағдыларын дамыту;
3) тарихи деректермен жұмыс жасай білу және тарихи білімдерін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыру, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау арқылы ой елегінен өткізуге дағдыландыру;
4) оқушылардың Отаны мен халық алдындағы жауапкершілікті сезінетін азаматтық позициясын қалыптастыру.

4. Курсты оқыту барысында төмендегі пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:
1) «Қазақстан тарихымен», тұлғалар белгілі болған оқиғаларды білу;
2) «Географиямен», тарихи оқиғалардың болған территориясы, тарихи тұлғалардың шыққан жері туралы білу;
3) «Қазақ әдебиетімен», Қазақстанның көрнекі ақын - жазушыларының шығармаларының тарихы, шығармашыл зиялы қауым өкілдері туралы білім.
5. Курсты аяқтау формасы: оқу жылының бірінші және екінші жарты жылдығында оқушыларға реферат жаздыру немесе бақылау, тест арқылы оқушы білімін есепке алу.

5. Оқу жүктемесінің көлемі
1) 10 сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылына 34 сағат;
2) 11 сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылына 34 сағат.

2. Курстың білім мазмұнының тақырыптар бойынша жіктелуі.
10 сынып

1. Кіріспе (1 сағат)
2. Алаш және Алашорданың зерттелуі жайында (2 сағат)
Алаш және Алашорда тарихына қалам тартқан зерттеушілер және олардың еңбектері.
3. Алғашқы саяси партия құру әрекеті (2 сағат)
Қазақ зиялылары партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында қолға алды. 1906ж сем ей қаласында өткен Мемлекеттік Думаға қазақтардан депутат сайлау жиналысы.
4. І Жалпықазақ съезін шақыру туралы (2 сағат)
Тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы 1917 ж сәуірдегі Торғай облыстық қазақ съезінің шешімі. «Қазақ» газеті съезд туралы.
5. Көтеріліс және М. Тынышпаев (2 сағат)
Ұлтжанды ғалым Мұхамеджан Тынышпаевтың 1916 жылғы көтеріліс туралы көзқарастары.
6. Қос төңкеріс және алаш қозғалысы. (2 сағат)
Алаш көсемдері Уақытша үкіметті жақтады, Қазақ төңкерісінің ұрандары мен Кеңес өкіметінің іс - әрекетін қабылдамады.
7. Бүкілресейлік Құрылтай және Алаш зиялылары (2 сағат)
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының күшпен қуып таратылуы.
8. А. Байтұрсынов және «Қазақ» газеті (2 сағат)
Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетінің бас редакторы. «Қазақ» газетіне 100 жыл.
9. Қайталау (1 сағат)
10. «Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы (2 сағат)
Бірінші Жалпықазақ съезінің шешімі, Алаш партиясының көсемі Ә. Бөкейханов. Партияның бағдарламасы.
11. Алашорда ұлттық үкіметінің құрылуы. (2 сағат)
1917 жылғы желтоқсандағы Жалпықазақ екінші съезі. Алашорда үкіметінің мақсаты.
12. Алаш көсемдерінің бірі – Х. Досмұхамедов. (2 сағат)
Қоғам қайраткері, ғалым Халел Досмұхамедовтың ұлт мәселесі жөнінде Ленин мен Сталиннің қабылдауында болуы.
13. Алашорданың таңбасы (1 сағат)
14. Алашорда үкіметінің таратылуы. (2 сағат)
1918 жылғы наурыздағы Қазақ депутаттарын Кеңестерінің Ақмола уездік съезі Алашорда автономиясын теріске шығарды.
15. Алаш азаматтарын қудалау және жазықсыз жазалау (4 сағат)
Алаш азаматтарын «халық жауы» деп айыптау Олардың отбасының жағдайы. Ату жазасы.
16. Қорытынды қайталау (1 сағат)
Реферат жаздыру немесе бақылау жұмысын алу арқылы оқушы білімін есепке алу.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
15 464
0
  • 100
3 дауыс


Жаңалықтар
Функционалды сауаттылықты дамыту таңдау курсының күнтізбелік жоспары
Функционалды сауаттылықты дамыту таңдау курсының күнтізбелік жоспары
Ұсынылып отырған таңдау курсы Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарты және бастауыш сынып бағдарламасына сәйкес, жалпы білім беретін мектептің 4 - сыныптарына арнайы құрастырылған.
Қызықты химия таңдау курсының бағдарламасы
Қызықты химия таңдау курсының бағдарламасы
Химияны оқытудың жоспарланған нәтижесіне жетуде химияны алғаш бастап оқитын 8 сынып оқушылардың пәнге деген қызығушылығын теориялық білімдерін практикамен ұштастыру арқылы химиялық эксперимент, тәжірибелер жасау арқылы жүзеге асыру.
Гуманитарлық - қоғамдық бағыт (таңдау курсы)
Гуманитарлық - қоғамдық бағыт (таңдау курсы)
Курс мақсаты: Оқушылардың алгоритмдік - логикалық, ақпараттық ойлау қабілетін дамыту және ақпараттық құзырлығын қалыптастыру.
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт тарих - қоғамтану бейіні бойынша 10 сыныбына арналған қолданбалы курс
Қоғамдық - гуманитарлық бағыт тарих - қоғамтану бейіні бойынша 10 сыныбына арналған қолданбалы курс
Қалжат ауылы, Ұйғыр ауданы, Қалжат орта мектебі мемлекеттік мекемесі. Хамраева Мухаббатхан Жалалдинқызы
ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан
ХҮІІІ ғасырдағы Қазақстан
Алматы обысы ,Ұйғыр ауданы, № 4 Шонжы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі М. Тұңғышбаева
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу.10 сынып. Қолданбалы курс
Теңдеу және теңсіздіктерді шешу Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Әйтеке би кенті №249 мектеп-лицейдің математика пәнінің мұғалімі Сансызбай Айгүл Мұхтарқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×