Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Тарих әлемі тарихи - танымдық ойын

18 қыркүйек 2014, Бейсенбі
Категориясы: Тарих
Тарих әлемі тарихи - танымдық ойын

Мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың зеректік қабілетін дамыта отырып, ой - өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын, тарихқа деген қызығушылығын және ойды жүйелеу қабілетін дамыту, шығармашылығын дамыту.
Тәрбиелік: Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаларды тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тұлғалар суреттері, сызбалар, тест тапсырмалары, слайд.
Қатысушылар: 7А, 7Ә сынып оқушылары.
Сайыс жоспары:
І. кезең «Тұлғаны таны»
ІІ. кезең Ойлан тап
ІІІ. кезең Ұяшықтар таңдау
ІV. кезең Тест тапсырмалары
Мұғалім: Тарихтың уақыт шаңы басқан көне заманына саяхат жасайсыңдар. Тарих әлеміне, Қазақстан тарихының терең қойнауына жасаған саяхаттарын оң болсың! Сайысымызды бастайық.

І. кезең Тұлғаны таны. Тұлғалардың суреттері беріледі.
І топ.
Тоқтар Әубәкіров, Әйтеке би, Мұстафа Шоқай

Қосымша көмек.
Мұғалім: 1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 - ші Май ауылында дүниеге келді. 1991 жылы 2 - ші сәуірде Кеңес Одағының Ғарышкерлер дайындау орталығында ғарышқа ұшу дайындығына кірісіп, сол жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ - 13» кемесімен ғарышқа ұшты. (Тоқтар Әубәкіров)

Мұғалім: Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың әйгілі биі. 21 жасынан бүкіл Бұқара, Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұртының бас биі болған. « Жеті жарғы» әдет ғұрып заңдар жинағын құруға қатысқан. (Әйтеке би)

Мұғалім: (1890 - 1941) - аса көрнекті саяси, қоғам жөне мемлекет кайраткері, журналист, гуманист, демократ. Түркістан (Қокан) Республикасының құрылуымен қорғаныс министрі, үкімет төрағасының орынбасары, қызметтерін атқарды. Қазан революциясына қарсы болған қайраткер.
(Мұстафа Шоқай)

І. кезең Тұлғаны таны. Тұлғалар суреттері беріледі.
ІІ топ
Жәңгір хан, Махамбет Өтемісұлы, Әлихан Бөкейханов

Қосымша көмек.
Мұғалім: 1801 жылы дүниеге келген. 1815 жылы мұрагерлікпен хан болады, алайда ол жас болғандықтан билікті Бөкейдің інісі Шығай жүргізді. 1823 жылға дейін ол Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленді. Ол орыс, татар, неміс тілдерін білген. Ол билік еткен кезде Бөкей ордасында Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды. (Жәңгір хан)

Мұғалім: Махамбет - ақын, күйші, батыр. 1804 жылы Ішкі Ордада Бекетай аймағында дүниеге келіп, 1846 жылы қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданына қарасты Қараой деген жерде қаза болған. 1836 - 1838 жылдары болған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы. Махамбет " Ереуіл атқа ер салмай ", "Ұлы арман ", "Жайықтың бойы көк шалғын", "Атадан туған ардақты ер", т. б. жырлары бар. (Махамбет Өтемісұлы)

Мұғалім: (1866 - 1937) - ұлт - азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, аудармашы. 1917 жылы Қазақстан бойынша Уақытша үкіметтің комиссары болып тағайындалды. «Алаш» ұлттық саяси партиясын құрды, 1917 жылы желтоқсанда екінші бүкілқазақтық төтенше құрылтайда оның бастамасымен Қазақ автономиясы — «Алашорда» жарияланды. (Әлихан Бөкейханов)

ІІ. кезең Ойлан тап.
Слайдта тайпалар суреттері бейнеленген. Суретте қай тайпалардың жауынгерлері бейнеленген?
Моғол жауынгері
Көне түркі
Қыпшақ
Соғды жауынгері

ІІІ. кезең Ұяшықтар таңдау. Слайд арқылы.
1 - ұяшық. Алғашқы адамдар өмірі.
2 - ұяшық. Тас дәуірі.
3 - ұяшық. Қола дәуірі.
4 - ұяшық. кестелер.
5 - ұяшық. жылдар

ІV. кезең Тест тапсырмалары. Слайд арқылы.
І топ.
1) Ақ Орданың орталығы болған қала.
а) Сарайшық
ә) Отырар
б) Сығанақ
в) Шаш
2) Қай ханның кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан оқшауланды?
а) Жұмадық
ә) Өзбек
б) Темір – Мәлік
в) Ұрыс
3) Моғолстан мемлекеті қай ұлыстың орнына құрылды?
а) Жошы ұлысының
ә) Шағатай ұлысының
б) Үгедей ұлысының
в) Төле ұлысының
4) Моғолстанның құрылуында басты рөл атқарған тайпа а) қаңлы
б) арлат
ә) үйсін в) дулат
5) «Батпақ шайқасында» кім жеңіске жетті?
а) Әмір - Темір
ә) Қызыр - Қожа оғлан
б) Ілияс - Қожа хан
в) Қамар ад - дин

ІІ топ
1) Алтын Орда қай ұлыстың орнына құрылды?
а) Жошы ұлысының
ә) Шағатай ұлысының
б) Үгедей ұлысының
в) Төле ұлысының
2) Алтын Орда мемлекеті кімнің басқаруымен құрылған?
а) Беркенің һ
ә) Жошының
б) Батыйдың
в) Төленің
3) Қай ханның тұсында Ислам мемлекеттік дін болып жарияланды?
а) Берке ханның
ә) Жәнібек ханның
б) Тохты ханның
в) Өзбек ханның
4) Монғол империясының құрылған жылы
а) 1155 жыл
ә) 1076 жыл
б) 1239 жыл
в) 1206 жыл
5) Монғол мемлекеті қанша түмен әкімшілік билікке бөлінген?
а) 59
ә) 80
б) 95
в) 55
Мұғалім: сайысымыздың қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты жариялайық.
7 672
0
  • 100
1 дауыс


Жаңалықтар
Күш – білімде
Күш – білімде
Оқушылардың зеректік қабілеттерін дамыту, ой - өрісін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, озық ойлы оқушыны анықтау
Қызықты электр әлеміне саяхат
Қызықты электр әлеміне саяхат
Өндірістік оқыту шебері: Г. Танкаманова
Мыс - тас ғасыры энеолит
Мыс - тас ғасыры энеолит
Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Түгіскен ауылының тарих және құқық пәнінің мұғалімі Әлкенова Гүлім Бақтыбайқызы
Ақылдылар мен тапқырлар
Ақылдылар мен тапқырлар
Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Катон ауылы «Ленин атындағы орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі Мергазина Анар Ерлановна
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Информатика жұлдыздары (сайыс сабақ)
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы, Қызылқоғам ауылы, С. Сатыбалдин атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жакупбекова Инкар Муратовна
Жыл оқушысы
Жыл оқушысы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы, Қарауылкелді орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Тулегенова Мейрамгул Назаровна
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×