Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Абылай хан

13 қазан 2019, Жексенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Абылай хан
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы өз халқының азаттығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен адам ретінде сипаттау.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл - ойын, байқағыштық қабілеттерін дамыта отырып, сана - сезімін ояту.
Тәрбиелік: Абылай хан бейнесі арқылы оқушылар бойында өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, оның қадір - қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.
Типі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ - жауап, ой - қозғау.
Көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі, оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару, құрал - жабдықтарын тексеру.

I. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Ауызша сұрақ - жауап:
1. Тәуке хан қай жылы қайтыс болды?
2. XVIII ғ. қазақ халқына қауіпті болған мемлекет?
3. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға қай жылы, кім қол қойды?
4. Кіші жүз Ресей бодандығына өткеннен кейін елде жағдай қандай болды?
5. Әбілхайыр хан атағын қай жылы алды?
6. Бұланты шайқасында кім басшылық етті, қай жылы болды?

II. Тарихи диктант
Нүктенің орнына тиісті сөзді қой
1................. Қайып хан қаза болды?
2. Әбілхайыр ханды................... етіп сайлады.
3. Әбілхайыр қолбасшылық еткен қазақ жасақтары............... Жоңғарларға күйрете соққы берді.
4. Әбілхайыр хан Ресейден көмек сұрап,................... аттандырды.
5. Қазақстанның Ресей империясына бодан болуы................. басталды.

III ”Сандар да сөйлейді” ойыны
1711 - 1781 жж.
Абылай ханның өмір сүрген жылдары
1741 - 1742жж.
Абылай Жоңғар тұтқынында болды
1729 ж
Жоңғар шайқасында Сабалақтың аты шықты.
1771 ж.
Үш жүздің ханы болып сайланды
1771 ж.
Әбілмәмбет қайтыс болды.
1781ж.
Түркістандағы Қ. А. Иассауи кесенесіне жерленді

Жаңа сабақ жоспары:
1. Абылайдың өмірі.
2. Абылай ханның қайраткерлік жолы.
● Негізгі мәлімет:
1711ж - Әбілмансұр дүниеге келді
1741 - 1742жж Жоңғар тұтқынында болды
1771ж - Үш жүздің ханы болып сайланды
1778ж - Ресей империясы Орта жүздің ханы деп тағайындады.
1781ж - Түркістандағы Қ. А. Иассауи кесенесінде жерленді
Мирасқоры - Уали
Абылайдың өмірі мен қызметіне арналған туындылар; “Аласапыран”, “Алмас қылыш”,
“Көшпенділер” (І. Есенберлин), “Батыр Баян”(М. Жұмабаев) «Абылай хан» диссертациясы (Ж. Жақсығалиев)

Абылай (Әбілмансұр) хан (1711 - 1781) Қазақ ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз - Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе - жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «Ақтабан Шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш - жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш. Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13 жасар кезі болса керек.

Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алған. Ол шығыстың жеті тілін білді. Домбыраны жақсы тартты. Оның өзі шығарған жиырмадан астам күйлері бар. Төле бидің тәлім - тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т. б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда Абылай 20 жасында қан майданында ерлігімен танылған. Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілеріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып Абылай атанады.

Абылай қаһарлы хан болумен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол « Ақ толқын», «Ала байрақ», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қаражорға», «Сары бура», «Шаңды жорық» т. б күйлердің авторы. Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қ. А. Иассауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақ сарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелден 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келеді.

● Бекіту кезеңі:
Ой толғау
Бүгінгі сабақта нені білдік, не үйрендік?
Абылай кім?
Хан
Елін қорғады
Тәуелсіздікті нығайтты
Саясаткер, мәмілегер, қайраткер, күйші, қолбасшы
Не істеді?
Ағаш үйлер салғызды
Халықты біріктірді, еігіншілікті дамытты

Оқушыларды бағалау:
Үй тапсырмасы: Абылай хан жайлы деректер іздеу
17 380
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Абылайдың саяси қайраткер қолбасшы ретінде қалыптасуы
Абылайдың саяси қайраткер қолбасшы ретінде қалыптасуы
Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Тақырыпты меңгереді, білгенін, түсінгенін салыстырады, Абылай хан билігіндегі қазақ хандығының жағдайы туралы оқып үйреніп,
Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы
Абылай хан билігі тұсындағы қазақ хандығы
Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;
Абылай хан, өмірі мен саяси қызметі
Абылай хан, өмірі мен саяси қызметі
Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;
Абылай хан
Абылай хан
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы А. Жанпейісов атындағы №105 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Бисенбаева Анар
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Қарағанды облысы Қарқаралы қаласы Академик О. А. Жаутыков атындағы №1 қазақ орта мектебінің тарих пәні мұғалімі К. М. Омарбеков
Абылай хандығы. Қазақтардың Е.И.Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы
Абылай хандығы. Қазақтардың Е.И.Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, №32 Жалпы орта мектеп-гимназиясы Тарих пәнінің мұғалімі Мусина Гүлшара Құралқызы Сабақ тақырыбы: Абылай хандығы. Қазақтардың Е.И.Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×