Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Ақмола бекінісі

19 желтоқсан 2014, Жұма
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы Ақмола бекінісінің салынуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сабақ барысында оқушыларға қаланың салыну тарихы, оның саяси стратегиялық, экономикалық маңызы туралы әңгімелеп, қаланың қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мәртебесіне тоқталып кету;
Дамытушылық: Оқушылардың Әр түрлі тарихи кезеңдердегі тарихи оқиғаларды салыстыра білу, логикалық ойлау машығын дамыту
Тәрбиелік: Туған жерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезіміне, эстетикалық талғамды қалыптастыруға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті
Сабақтың көрнекілігі: Бейнекөрсетілім, интерактивті тақта, презентация.

Сабақтың жоспары
1. Ұйымдастыру
2. Топқа бөлу
3. “Құпия конверт” (Үй тапсырмасы)
4. Ой шақыру (бейнекөрініс)
а) Өткен күн - «Кешегі тарих»
ә) Бүгінгі күн – «Үлкен сый»
б) Келер күн – «Ертең сыр»
5. Сабақты бекіту (Астананың қазіргі келбеті)
6. Қорытындылау
7. Бағалау
8. Үйге тапсырма

Құпия конверт (үй тапсырмасын сұрау)
1. Кіші жүзден бөлінген “Ішкі Орда”қай жылы және қай өзендердің аралығында құрылды? (1801 жылы Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында). Ішкі Орданың аумағын картадан көрсету
2. “Сібір қырғыздары туралы Жарғыны” кім жасады және ол қай жылы күшіне енді?
(1822 ж Батыс Сібір генерал - губернаторы М. М. Сперанский жасап Ресей Императоры I Александр жарлығымен бекітілді.)
3. Орта жүзде Хандық биліктің жойылуына байланысты басқарудың жаңа жүйесі қалай болды? (округ – болыс - ауыл) әр округ - 15 - 20 болысқа, әр болыс - 10 - 12 ауылға, әр ауыл - 50 - 70 аңырақтан тұрды.
4. Болыс дегеніміз – (Әкімшілік аумақтық бөлік, сондай - ақ осы бөлікті басқарушы лауазым иесі)
5. “Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғы” жобасын кім жасады және оның мақсаты? (Орынбор өлкесінің губернаторы П. К. Эссен жасап I Александр 1824 ж. көктемде бекітті. Кіші жүзде хандық билік жойылды.)
6. Кіші жүзде басқару жүйесі қалай болды? (Жайықтың сырт жағында 3 округқа бөлінді. Батыс, Орта, Шығыс. Тікелей Орынбор губернаторына бағынды)
7. Дистанция дегеніміз – (Кіші жүз жеріндегі шекара шебінде тұратын қазақтарды басқару үшін құрылған әкімшілік бірлік)
8. Жарғы -( Қазақ қоғамының әкімшілік заңдар жинағы)
9. Жарғының жағымды жақтары – а(Ауруханалар пайда болды және шешек ауруына қарсы егу жұмыстары жүргізілді. Қазақ балалары Ресейдің ішкі губернияларында оқу орындарына оқуға жіберілді.)
10. Баж салығы - (Мемлекеттік органдар алып тұратын ақшалай салық түріндегі ерекше төлем түрі)
Салық - қазіргі кезде әрбір жұмыс істейтін адам тапқан табысының белгілі бір мөлшерін мемлекетке төлейді. Оны өкімет қажетті жерлерге жұмсайды.

Осыдан кейін «Ой шақыру» Астана жайлы бейнекөрініс көрсетіледі
Өткен күн – «Кешегі тарих» кезеңі

1 - топқа Жаңа округ ашуға әзірлік және Ақмола округтық приказының ашылуы
2 - топқа Ақмола – аймақтағы ірі сауда орталығы
3 - топқа Ақмолаға қала мәртебесінің берілуі және қала халқы санының өсуі

Бүгінгі күн – “Үлкен сый”
1. EXPO - 2017
2. “Нұрлы жол – болашаққа бастар жол”

Жазушы Халықаралық Алаш сыйлығының иегері Қомшабай Сүйеніштің пікірі «Халқымыздың ғасырлар тереңінен тамыр тартқан тарихында шалқар көшіміздің маңдайын түзеп, бағыт - бағдарын айқындайтын Темірқазық шамшырағындай әйгілі 3 сара жол бар:
• Қасым ханның қасқа жолы
• Есім ханның ескі жолы
• Абылай ханның ақ жолы
Сол киелі ата - бабаларымыздың әруағы қолдап жаңа
• XXI ғасыр Нұрсұлтанның нұрлы жолы болғай»

Сергіту сәті
Сабақты бекіту
Астананың қазіргі келбеті
Қорытындылау.
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Астана - жас мемлекетіміздің үлкен жетістігі» тақырыбына эссе жазу
7 087
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана - Отанымыздың жүрегі, Тәуелсіздігіміздің тірегі
Астана туралы мағлұмат беру, елордамыз Астананың көрікті орындарымен таныстыру; отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; ұлттық патриотизм рухында тәрбиелеу.
Арқа төсіндегі ару қала – Астана!
Арқа төсіндегі ару қала – Астана!
«Қазақстанның тарихында Астана ерекше орын алады. Тарихи деректер мен құжаттар қазіргі Астананың аумағын адамдар өте ерте кезден - ақ мекендеп келе жатқандығын аңғартады.
Астана - бас қала
Астана - бас қала
Біздің мемлекетіміздің бас қаласы – Астана. Бүгінде Астананың аты әлемге әйгілі. Бұл өңір – талай тарихи оқиғаларды бастан өткізген қастиетті өлке. Астана қаласы Солтүстік Қазақстан аймағында орналасқан. Бұл жердің ауасы таза, қысы қатал, жазы ыстық
Ақмола тарихы. Ақмола туралы алғашқы мәліметтер
Ақмола тарихы. Ақмола туралы алғашқы мәліметтер
Қаланың салыну тарихы, оның саяси стратегиялық, экономикалық маңызы туралы әңгімелеп, қаланың қазіргі тәуелсіз Қазақстан тарихындағы мәртебесіне тоқталып кету
Қазақстан қалалары
Қазақстан қалалары
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы Мұнайшы селосы, №5 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі Айтмағамбетова Айткүл Мергенбайқызы
Астана - елдің бірлігі, Астана - жердің кіндігі
Астана - елдің бірлігі, Астана - жердің кіндігі
Джандаралова Жанар Ахметқанқызы ШҚО, Күршім ауданы, Ю. А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×