Бізбен байланыс
kum2017@yandex.ru
WhatsApp: +7 705 241 87 47


Атамекен – құт мекен

03 қаңтар 2015, Сенбі
Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Атамекен – құт мекен.
Сабақтың мақсаты:
1. Ел тәуелсіздігінің 21 - жылдық мерекесіне орай тарихи деректер туралы білімдерін жетілдіру;
2. Қоғам мүшесі ретінде мемлекет алдындағы жауапкершіліктерін дамыту;
3. Еліне, жеріне, тіліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш, құрмет сезімдерін қалыптастыра отырып, ой қозғай білуге баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: ой қозғау, пікірталас, ойын.
Көрнекіліктері: Қазақстан Республикасының рәміздері, картасы, суреттер, «Тарих - ақпарат беттерінде» (кітап сөресі)
Техникалық жабдықталуы: интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:
(Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ақырын ойнап тұрады, экраннан
қазақ жері туралы суреттер көріне көрсетіледі )
Қайырлы күн, балалар!
Біз - Қазақпыз!
Есігі ашық, төрі кең,
Жылап өттік жылдар өмір өрінен.
Жетер енді, желпінейік, қарайық,
Мына өмірге иегердің көзімен.
Иә, жұмыр жердің тыныс - тіршілігін жіті бағып, оның бар асылы мен жасығын тарих таразысына салып, зерделеген ұлы көш алға басып барады. Бұл уақыт көші, өмір көші. Осы тарих куә болған біздің халқымызға 20 - ғасыр сыйлаған ғаламат оқиға.....
- Балалар, бұл қай ғаламат оқиға деп ойлайсыңдар?
- Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы.
Мұғалім: Өте дұрыс. Міне Қазақстан халқы бүгінде дүбірлі, мағналы мереке қарсаңында, бұл қай мереке?
- Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне - 20 жыл толып отыр.
(экраннан ҚР Тәуелсіздігіне - 20 жыл эмблемасы орын алады )
Мұғалім: Рас, Тәуелсіздіктің 21 жылдығын біз еркін де ерікті елдікте өткіздік. 21 жыл ішінде елімізді бүкіл әлем танып, 130 - дан астам ұлт бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүрудеміз.
Өзіңдікі елің де, өзіңдікі жерің де.
Өзіңді өзің етпе бос, Тәуелсіздік төрінде - деп жар салғымыз келеді
Ендеше, Қазақстан Тәуелсіздігінің - 21 жылдық мерекесіне орай өткізілетін
«Атамекен - құт мекен...» атты тарихи – танымдық сабағымызды бастайық.
(экраннан ҚР картасы, үстінде Атамекен үлкен әріптермен жазылып шығады)
Мұғалім: Міне, балалар біздің кең байтақ жеріміз, Асанқайғы бабамыз айтып кеткен, суы - сүт, топырағы - май, қойнауы – қазыналы, жері көлем жағынан 9 - орынға ие,
Атамекеніміз. Сабағымызды «Ассоциация» ойыны арқылы бастасақ. Мына «Атамекен» сөзіне қарағанда ойларыңа не түседі? Мақсат Еліміздің байлығы мен сұлулығын, атамекенімізді бізге аманат етіп кеткен бабаларымыздың ерен еңбегі, батырлығы, қайсарлығы елестейді
Сезім Біріккен Ұлттар ұйымына мүше, НАТО - ның бейбітшілік сақтау мүшесі, Азия,
Европа елдерінің қауіпсіздік және экономикалық қауымдастық мүшесі, әлемде 100 - ден астам елде елшілігі бар, 50 - ден астам елдің бізде елшілігі бар кең байтақ Отаным, қайратты да күшті «Барыс» елестейді. (экранда барыс суреті көрсетіледі).
Томирис Алтайдан Каспийге дейін жерді алып жатқан тәуелсіз жерім. Қазақ елінің көгінде желбіреген көк байрағы айбынды Гимні, тұғырлы Елтаңбасы елестейді.
Дияс Еліміздің қасиетті орны болып есептелінетін астанадағы «Атамекен» кешені елестейді. (экранда «Атамекен» этномемориал кешенінің суреттері слайд түрінде көрсетіледі.)
Мұғалім: Рахмет балалар! Ойларың жүйрік, тілдерің жетік екен./Атамекен кешені туралы айту/ Жұмысымызды ары қарай жалғастырамыз. Енді, Атамекен сөзінің әрбір әріпіне тоқталайық. (экранда «А» әріпі шығады) Қане, кім не туралы ойлап отыр?
5 - Оқушы: «А» - Ата – баба. Ата - бабамыз өткен жол елестейді. «Ата - бабасын сыйламау азғындықтың белгісі» - деп Ғабиден Мұстафин атамыз айтқандай, әр кез ата дәстүрін сақтайтын, ата - анасының абыройы, ары болатындай «Азамат» бол деп тұрғандай.
Назерке: Атадан жақсы ұл тусашы - деп тұрғандай еліміздің бір туар перзенттері Абылай, Абай - деп тұрғандай.
Мұғалім: Енді кішкене ғана «Сергіту сәтін» өткізіп жіберелік. Сергіту сәтінде «Сөздің көркі мақал» демекші мақал – мәтел айтып сайысайық. Біреуіміз бастаймыз, екіншіміз аяқтаймыз.
1. Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.
2. Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер.
3. Ағадан ақыл, атадан нақыл.
4. Отан үшін отқа түс, күймейсің.
5. Пәлен жерде пайда бар, өз жеріңдей қайда бар.
6. Туған жердің жері де көрікті, елі де сүйікті.
Мұғалім: Рахмет балалар! Әліпбидің басында тұратын «А» әріпі туралы ойларыңыз мәнді де мағналы екен.
Ата – бабаларымыз өткен жолды еске түсірсек, Не деген дархан ел, не деген төзімді ел, не деген батыр да батыл менің елім!» - деп көңілің көкке көтеріледі.
Енді «Т» әріпі туралы ойланайық. (экранда «Т» әріпі шығады)
7 - оқушы: «Т» - Тәуелсіздік. 1991 жыл, 16 - желтоқсанда Қазақстан «Тәуелсіз» Республика болып жарияланғандығы ойға оралады. Жаңа ғана өзіміз айтып өткен ата - бабаларымыздың ой - арманы, бізге «Тәуелсіздік» таңы болып жеткендігі түседі.
8 - оқушы: «Т» - Теңге. (экранда теңгелер көрсетіледі)
1993 жылы қараша айында айналымға тәуелсіз еліміздің ұлттық валютасының енгізілуі. Теңге – асыл қазына, халықтың байлығы, ел еңбегі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
8 255
0
  • 0
0 дауыс


Жаңалықтар
Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным - Қазақстан
Туған жердің тарихына үңіле білуге, болашақта елдің тұтқасы өзіміз боламыз деген түсінік қалыптастыру. Сөздік қорларын, ой - өрісін дамытып, дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік туралы түсінік беру. Тақырып бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемде дұрыс қолдана білуге үйрету. Отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу, тәуелсіз еліне деген мақтаныш сезімдерін оятып, сүйіспеншілікке баулу.
Атамекен – алтын бесік
Атамекен – алтын бесік
ШҚО, Көкпекті ауданы, Тассай ауылы, «М. Әуезов атындағы орта мектебі»КММ Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі Мазыбаева Бақыт Құдайбергеновна
Елім деп соғар жүрегім
Елім деп соғар жүрегім
Атамекен, Отан, туған жер ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін түсіндіру. Отанына, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым
Тәуелсіздік - теңдесі жоқ байлығым
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай селосы, Х. Наубетов атындағы бастауыш сыныптың мұғалімі Нұрмашева Шарбану Насырқызы
Біздің Отанымыз – Қазақстан
Біздің Отанымыз – Қазақстан
Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Наурызбай батыр Құтпанбетұлы атындағы орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі Аукишева Алмагүл Слямбекқызы
Пікірлер (0)
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×